Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет6/17
Дата17.10.2023
өлшемі142,51 Kb.
#186149
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Проект Жас галым
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
8. Қаржыландыру

1. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуға тиіс.


2. Гранттық қаржыландыру қаражаттарын постдокторант бөледі.
3. Өтінімнің мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін гранттық қаржыландыру қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына сәйкес дайындалған және Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығыстардың түрлеріне жіберілуге тиіс.
4. Гранттық қаржыландыру қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруші мен постдокторант жауапты болады.
5. Жобаларды орындаушы ұйымның гранттық қаржыландырудан қаражат ұстауына жол берілмейді.
6. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға арналған шарт заңнамада белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Шартта көрсетілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер күнтізбелік жоспарға және өтінімде көрсетілген күтілетін нәтижелерге сәйкес келуге және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге осы конкурстық құжаттаманың 7-бөлімі 1-тармағының талаптарынан төмен болмауға тиіс.
7. Өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен жоба бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.
8. Ғылыми консультанттың еңбегіне ақы төлеу «жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі үшін еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)» бабына жоспарланған шығыстардың 20%-дан аспауға тиіс.
9. Постдокторант жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайда ҰҒК шешімімен жобаны іске асыру тоқтатылады, шарт бұзылады, ал жұмсалмаған қаражат Ғылым комитетіне қайтарылады. Егер бұл ретте жобаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізілмесе, онда осы бөлімнің 10-тармағының шектеулері қолданылады. Жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы ҰҒК шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган орындаушымен шартты бұзады.
10. Орындаушы мониторинг актісіне қол қоюдан бас тартқан және (немесе) құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ сараптама тобының мүшелерін жобаны іске асыру орнына жіберуге кедергі болған кезде жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі және мониторинг актілері қарау үшін тиісті ҰҒК-ға жіберіледі.
ҰӘҚ жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган орындаушымен шартты бұзады.
11. Конкурстық құжаттаманың 7-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген жоба нәтижелеріне қол жеткізілмеген жағдайда ҰҒК шешімі бойынша постдокторант ғылыми жетекші немесе постдокторант ретінде Ғылым комитеті жариялайтын барлық келесі конкурстарға қатысудан нәтижелерге қол жеткізілгенге дейін шеттетіледі (нәтижелерге қол жеткізу туралы Ғылым комитеті мен Орталыққа хабарланады), бірақ бұдан артық емес 3 жылға қарағанда. Ғылыми этиканы бұзу (плагиат және жалған бірлескен авторлық, қайталану, басқалардың деректерін беру, ғылыми деректерді ойдан шығару және бұрмалау және т.б.) немесе жоба бойынша аралық немесе қорытынды есепті мақұлдамау фактілері анықталған жағдайда – ҰҒК шешімімен постдокторант Ғылым комитеті жариялайтын барлық келесі конкурстарға қатысудан 3 жылға шеттетіледі. Постдокторант жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайда, ол ғылыми жетекші ретінде Ғылым комитеті жариялаған келесі конкурстарға қатысудан 3 жылға шеттетіледі.
12. Осы жобаны орындау кезеңінде постдокторант жобаның алғашқы екі жылында зерттеу тобының қатысушысы ретінде және осы жобаны іске асырудың үшінші жылында зерттеу тобының жетекшісі немесе қатысушысы ретінде гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басқа жобаларын іске асыруға қатысуға құқылы.

2024-2026 жылдарға арналған


2024 жылғы «10» қазан
«Жас ғалым» жобасы бойынша
жас ғалымдардың зерттеулерін
гранттық қаржыландыру
конкурстық құжаттамаға

1-қосымша





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет