Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар



бет3/17
Дата17.10.2023
өлшемі142,51 Kb.
#186149
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Проект Жас галым
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1. Өтініш берушінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеуі туралы куәліктің көшірмесі.


2. Конкурсқа қатысуға өтінім 1-қосымшаға сәйкес жасалады. Аннотация мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, ал түсіндірме жазба және сұратылып отырған қаржыландыру есебі Мемлекеттік не орыс, сондай - ақ ағылшын тілдерінде ұсынылады;
3. Биоэтика мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеулер үшін).
4. Жекеше әріптес тарапынан үлесі (ұлттық қауіпсіздікті және қорғанысты қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер бойынша жобаларды қоспағанда, жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен ішінара қамтамасыз ету туралы) іргелі зерттеулер бойынша мүмкіндігінше, қолданбалы зерттеулер бойынша міндетті түрде жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне өтінімнің жалпы сомасының кемінде 0,1% туралы келісім.
Тараптардың ниетін растау оларды іске асыру мерзімдерін (жобаны іске асырудың екінші жылынан кешіктірмей), жобаның атауын, салым сомасын немесе қажетті ресурстарды көрсете отырып, еркін нысандағы салым туралы келісім, сондай-ақ келісімдердің екі тарапының мөрлерімен қол қойылып, мөрлерімен расталған келісім болып табылады.
5. Бекітілген постдокторлық бағдарламаның немесе постдокторантура туралы ереженің болуы (ЖОО-мен бірлескен ғылыми орталықтар үшін).
6. Шетелдік ғылыми консультанттың (бар болса) ұйымның ресми бланкісінде электрондық поштаның ресми жұмыс мекенжайын (ұйымның ресми доменінен) және пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қойылған келісімі.
7. Докторанттың докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеруін аяқтағанын растайтын жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама (докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеруді аяқтаған, бірақ докторлық диссертацияны қорғамаған адамдар үшін).


5. «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, жекеше әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары

1. Конкурсқа қатысуға өтінім 1-қосымшаға сәйкес жасалады. Аннотация мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, ал түсіндірме жазба және сұратылатын қаржыландыру есебі мемлекеттік немесе орыс, сондай - ақ ағылшын тілдерінде жасалады. Өтінім мәтінінің мазмұны 2 (екі) тілде бірдей болуы тиіс.


Өтінімнің Word форматындағы мазмұны ақпараттық жүйедегі мазмұнмен бірдей болуы тиіс is.ncste.kz.
2. Өтінімдер академиялық және зерттеу этикасының қағидалары мен нормаларына сәйкес келуі тиіс.
3. Өтінімде жобаның іске асырылу мерзімі – 36 ай (күнтізбелік жоспарда жұмыстарды орындаудың басталуы – 2024 жылғы қаңтар) туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
4. Қолданбалы зерттеулер жөніндегі постдокторантураға грант алуға үміткер қатысушы ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер жобаларын (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қағидаларына сәйкес) қоспағанда, жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне өтінімнің жалпы сомасының кемінде 0,1% - ын жобаны ішінара қажетті, оның ішінде қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, жекеше әріптестің қатысуын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларына сәйкес).
Іске асыру мерзімдері, жобаның атауы, салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген, сондай-ақ Тараптардың қолдары қойылған және мөрлерімен куәландырылған салым туралы еркін нысандағы келісім тараптардың ниетін растау болып табылады.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет