Тақырыбы: "Студенттің тұлға ретінде қалыптасуына қажетті ресурстар."



Дата07.02.2022
өлшемі45,65 Kb.
#91773
Байланысты:
Мурзаш Айгерім. ТХ-19-13. Эссе 6 Глосарий


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ
Тақырыбы: "Студенттің тұлға ретінде қалыптасуына қажетті ресурстар."


Орындаған: Мурзаш А.
Группа: ТХ-19-13
Тексерген: Ибраимова Ж.

Алматы 2020
Студент - жоғарғы оқу орнында оқитын білім алушы. Мектеп бітіргеннен кейін өз қалаулары бойынша болашақ мамандықтарын таңдап оқуорнына түседі. Осы сәттен бастап үлкен өмірге аяқ басады, өзін тұлға ретінде қалыптастыра бастайды. Осы тұлға болып қалыптасу барысында студентке сыртқы орта және материалдық ресурстар әсер етеді.
Ең алдымен, тұрмыстық жағдайды қарастырайық. Күнделікті өмірде олар ата - аналарының қамқорында өмір сүреді. Ата - анасының қасында жүріп оқитын студенттер кемде кем. Басқа қалада оқитын студенттің жағдайы керемет болады деп айта алмаймын, сол себепті олар өмірдің қиыншылғы мен қызығын студенттік шақтан бастап көреді. Осы кезде қаражат мәселесі туындайды. Әрине студеттік шәкірақы бар, бірақ ақылы бөлімде оқитын студенттер өздерін қаржымен қамтамасыз етуді ойлайды. Сырттан қосымша табыс көзін іздестіреді. Белгілі бір жұмысқа орналасып, өзіне керек барынша тәжірбие жинайды. Бірақ бұл сәтте студенттің өмірлік қауіпсіздігіне жауапты өзінен басқа ешкім болмайды. Сондықтан студент (адам) барынша сабырлы, ақылды және жауапкершілікті болуы шарт. Жас студент өзіне жауапкершілікті алу арқылы өзінің тұлға болып дамуына жол ашады.
Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау барысында студенттердің білім алуына барынша оңтайлы жағдай жасалынуда. Мемлекет есебінен бөлінетін грант (тегін оқу), электронды ресурстар, оған қоса шәкіртақы. Міне, осы жылдан бастап педагог мамандарының шәкіртақысын ынталандыру барысында екі есеге көтерді. Осының барлығы сайып келгенде білім алушыларға пайдалы. Мемлекет жастарды болашақтың тірегі ретінде көру есебінен жүргізіліп отқан қолдау деп еептеймін.
Әлеуметтік қолдау мен ақпараттық қолдау студенттің жан - жақты дамуына үлес қосады. Осы орайда отбасы, дос - жаранның рөлі басым. Жас студенттің тұлға болып қалыптасуында отбасының қолдауы әрқашан маңызды. Ата - анасы дұрыс жол сілтеп отқан бала өмірде өз орнын адаспай табады деген ойдамын.
Жалпы айтқанда, адам өзі қандай болса оның айналасына да сондай жандар кездеседі. Сондықтан жақсы ортада білім алып, жақсы маман иесі болғың келсе алдымен өзің жақсы болуға тырыс. Бұл тұлға болып қалыптасудағы маңызды құндылықтардың бірі. Кез - келген ортада жақсы сөйлеп, жағымды пікір айтатын адам әр уақыт алда болады.


Глосарий

  1. Ақыл – ой дегеніміз – адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті.

  2. Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.

  3. Күш-жігер – адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті.

  4. Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. 

  5. Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) — адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық қасиеті.
  6. Жанашырлық — бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы.


  7. Кеңпейілділік – адам бойындағы жақсы қасиетті білдіретін этикалық ұғым. 

  8. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.
  9. Дұрыс әрекет- қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық.

  10. Ішкі тыныштық – кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. 

  11. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

  12. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет