Конкурстық құжаттамаға 1 қосымша



бет2/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,75 Mb.
#37102
түріКонкурс
1   2   3   4

Грант алушы «жобаның атауы» жобасын іске асыру үшін өтеусіз негізде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант беру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады.


Грант алушы осымен, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға берілген гранттарды қаржыландыру және мониторингін жүргізу тәртібін реттеуші, Қордың ішкі нормативтік құжаттарымен таныстырылғанын куәландырады.
Ұғымдар мен түсіндірмелер
Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. жоба үйлестірушісі – жобаның іске асырылуының барлық кезеңінде қолдау көрсетіп, мониторинг жүргізетін, Қор басшылығымен тағайындалатын, Қордың қызметкері;

  2. конкурстық өтінім – конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;

  3. грант алушы – ҒҒТҚН коммерцияландыруға грантты алған, жаңадан құрылған (старт-ап компаниясы) немесе әрекет ететін заңды тұлға;

  4. камералдық мониторинг – жобаның жүзеге асыру орнына бармай, Грант алушы ұсынатын есептерді, құжаттарды және ақпаратты, оған қоса Қордағы және/немесе ашық ақпарат көздеріндегі басқа да ақпаратты талдау негізінде, грант қаражатын мақсатты игеруін және жүзеге асырылуын қарастыруға, оған қоса жобаны жүзеге асыру барысында пайда болған мәселелерді айқындау және оларды шешуге жәрдемдесуге, Грант алушының шарт бойынша өзіне жүктеген міндеттемелерін тексеруге бағытталған іс-шаралар;

  5. көшпелі мониторинг – жобаның жүзеге асыру орнына бару арқылы, Грант алушы ұсынатын есептердің, құжаттардың және ақпараттын дұрыстығын айқындау мақсатымен, жоба бойынша грант қаражатын мақсатты игеруін және жүзеге асырылуын қарастыруға, оған қоса жобаны жүзеге асыру барысында пайда болған мәселелерді айқындау және оларды шешуге жәрдемдесуге бағытталған іс-шара;

  6. гранттан кейінгі мониторинг – грант арқылы жүзеге асырылған жобаның аяқталуынан кейінгі 3 (үш) жыл ішінде Қор жүргізілетін, жобаның іске асырылуын талдау;

  7. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы (бұдан әрі – Жоба) – осы шартта көзделген, іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер кешені;

  8. Сараптама орталығы – Қор тартатын, технологиялық сараптаманы жүргізетін ұйым.

Ескертпе: Шарт мәтінде қолданылатын басқа да айрықша терминдар мен қысқартулар, жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы нормативтік актілерімен және Қордың ішкі құжаттарымен айқындалған мағынада, ал олар жоқ болған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасында айқындалған мағынада қолданылады.


  1. Шарттың мәні




    1. «Жобаның атауы» жобасын іске асыру үшін (сома сандық түрде көрсетіледі) (сома жазбаша түрде көрсетіледі) мөлшері Қор грант алушыға өтеусіз және қайтарымсыз негізде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грантты (бұдан әрі – ҒҒТҚН коммерцияландыруға грант) береді.

    2. ҒҒТҚН коммерцияландыруға грант, Күнтізбелік жоспарда белгіленген шараларды орындауға беріледі.

    3. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының жүзеге асыру жұмыстары 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.

    4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын Грант алушымен іске асырудың нәтижесі ретінде:

  1. ………………………………………;

  2. ………………………………………;

  3. ………………………………………;

  4. ………………………………………;

  5. ………………………………………;

1.5. Осы Шартқа қосымша ретінде:

  1. Күнтізбелік жоспар (1 қосымша);

  2. Шығыстар сметасы (2 қосымша);

  3. Есеп үлгісі (3-Қосымша);

  4. Жобаның іске асыру тиімділігін талдау есебі (4 қосымша);

  5. Грант алушының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің есебі (5 қосымша).

Осы тармақта көрсетілген қосымшалар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.


  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері




    1. Қор:

  1. осы Шарттың талаптарына сәйкес, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға шығындарды төлеу түрінде (қоса қаржыландыру болған жағдайда, шығындардың бір бөлігін төлеуге), грант қаражатын бөлуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

    1. Қор:

  1. грант алушыдан жобаның кез келген іске асыру кезеңінде, жобаға қатысты кез келген құжаттарды және ақпараттарды алуға;

  2. грант алушы ұсынған Шарттың тиісті кезеңінің/мерзімде жасалынған шараларды дәлелдейтін құжаттарды, оған қоса жеткізілген тауар, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін грант алушының төлем жүргізгендігін растайтын құжаттарды (шарттар, атқарылған жұмыстар актісі, басқа да құжаттаманы) талдауға;

  3. өз бетімен және мамандырылған ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы грант алушының мәлімделген шығындардың және шараларды орындауды тұрақты мониторинг (камералды, көшпелі, гранттан кейінгі ) жүргізуге;

  4. мониторинг қорытындысы бойынша, Шартқа өзгертулерді, оған қоса Шарт бойынша қаражаттарды қайта бөлу және Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген сома щеңберінде басқа да өзгерістер енгізуге;

  5. мониторинг жүргізу сатысында, осы Шарттың алдыңғы кезеңдерде көзделген шараладың орындалмауы анықталған жағдайда, Қор грант алушыға бұзушылықты, ескертпені алған кезден 10 (он) күн ішінде жою туралы талапты ұсынуға;

  6. осы Шартта белгіленген шараларды орындамағанда, күмәнді ақпаратты ұсынған жағдайда, құжаттарды бұрмалау жағдайында, осы Шартты орындаудан бір жақты бас тарту арқылы осы Шартты бұзуға;

  7. осы Шартта белгіленген жағдайларды орындамаған жағдайда, жобаны іске асыру шығындарының бір бөлігін төлеуден бас тартуға;

  8. грант алушы осы Шарттың міндеттемелерін орындамаған жағдайда, конкурс жеңімпазынан және грант алушыдан, осы Шартқа сәйкес бұрын аударылған соманы қайтаруды талап етуге;

  9. есептерді грант алушыға түзетуге қайтаруға;

  10. қорытынды есепті қарастыру қорытындысы бойынша, жобаның кез келген кезеңіндегі үнемделген грант сомаларын қайтаруды талап етуге;

  11. Шарттың және/немесе оның кезеңдерінің іске асырылу нәтижелері бойынша тәуелсіз сараптама жүргізуге Сараптама орталығын тартуға;

  12. грант алушыға осы Шарттың қолданылуы кезінде, ескертпе жіберу арқылы жаңа жоба үйлестірушісін тағайындауға;

  13. осы Шартты орындауды қамтамасыз етуге және бұзушылықтарды жоюға, Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы Шартта көзделген әсер ету шараларын, осы Шартқа қолдануға, оған қоса:

  • осы Шарттың жағдайларына сәйкес грант алушыдан жоба бойынша аралық және қорытынды есепті ұсынуды талап етуге;

  • керек жағдайда көшпелі мониторингті бастамашылық жасап оны өткізуге;

  1. алдыңғы жылдың қарашасынан бастап, ағымдағы жылдың қазанын қоса алғандағы, күнтізбелік жыл үшін осы Шартқа 4-қосымшаға сәйкес жылдық есепті талап етуге;

  2. тараптар құпия деп таныған ақпараттан басқа, жобаны іске асыруға қатысушылардан алынған ақпаратты өз білгенінше қолдануға құқылы.

    1. Жоба үйлестірушісі:

  1. осы Шарттың жағдайларына сәйкес грант алушыдан жоба бойынша аралық және қорытынды есепті ұсынуды талап етуге;

  2. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының мониторинг жүргізу ережелерін реттемелеуші құжаттарға сәйкес, керек жағдайда көшпелі мониторингті бастамашылық жасауға;

  3. жобаның сәтті орындалуы үшін керек ақпаратты, оның ішінде құпиялы да ақпаратты, Қордан, грант алушыдан, конкурс жәңімпазынан және/немесе жеке серіктестен алуға;

  4. осы Шарт шеңберінде сатып алынатын/жасалып жатқан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қолдану жағынын өзгерту туралы ұсыныстарды Қорға талқылауға ұсынуға;

  5. рәсімдер мен құжаттар жүйесін, жобаның іске асыру стратегияларын, грант басқарудағы әрекеттерді үйлестіруге себептестіруге;

  6. грант алушымен бірге гранттық жобаны бағдарламалық және қаржылық жағынын басқару жөніндегі консультацияларға арналған шараларды (конференция, тренинг, сапар және т.б.) өткізуге жағдай жасауға;

  7. жобаны іске асыру жүзінде, керек болған жағдайда, серіктес ұйымдармен, медиа-құрылымдар мен т.б. кездесулер өткізуге;

  8. Қор құжаттары мен осы Шарттың жағдайлары белгіленген құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға құқылы.

    1. Жоба үйлестірушісі:

  1. гранттық жобаларды мониторинг жүргізу аясындағы Қордағы қолданыстағы нормативтік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

  2. осы Шарттың талаптарына сәйкес, оның іске асу уақыты шегінде гранттық жобаның мониторингін жүргізуге;

  3. грант алушы осы шарттың жағдайларын орындамайтындығы анықталған кезде, жобаны қаржыландыруды тоқтатуды бастамашылық етуге;

  4. іске асырылып жатқан жобаға байланысты, керек құжаттарды жүргізуге;

  5. жобаның іске асырылуындағы тәуекел туралы Қор басшылығын уақытылы ескертуге;

  6. жобаларды мониторинг жүргізу және талдауға жауапты, құрылымдық бөлімшенің басшылығына, грант алушының ұсынылған есептерін талдау негізінде, жобаның іске асырылуы туралы тұжырым жасауға;

  7. Ұлттық ғылыми кеңестің, сараптамалық ұйымның, Қордың уәкілетті органы/тұлғасы қарастыруына шығару үшін құжаттарды дайындауға міндетті.

    1. Грант алушы:

  1. осы Шарттың жағдайларына сәйкес ҒҒТҚН коммерцияландыруға грант алуға;

  2. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының нәтижелерін патенттеу, лицензиялау, зиятекрлік меншікке құқықты сатуға, өндіріске енгізу мақсатында қолдануға;

  3. құпия (қызметтік және коммерциялық) ақпаратты, оған қоса зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға;

  4. ҒҒТҚН коммерцияландыру нәтижесінде жасалған өнімге, жасаған/енгізген технологияның нәтижесіне, пайда мен басқа да кірістерге иелік етуге құқылы.

    1. Грант алушы:

  1. осы Шартқа сәйкес шараларды орындау кезінде пайда болған әкімшілік, қаржылық немесе шарттық сипаттағы мәселелер туралы, жазбаша түрде уақтылы жоба үйлестірушісін немесе Қордың уәкілетті өкіліне ескертуге;

  2. осы Шарттың 3 қосымшасында және 4 бөлімінде көрсетілген есептерді, Қордың уәкілетті өкіліне немесе жоба үйлестірушісіне, бекітілген талапқа сай және уақтылы тапсыруды;

  3. 1 және 2 қосымшаға сәйкес, шартты іске асыру шегінде көзделген шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  4. жобаның орындалуына қатысты, қаржы және басқа құжаттарды, Қордың немесе жоба үйлестірушінің талабына сай ұсыну;

  5. Қормен, оған қоса жоба үйлестірушісімен, барлық есептер бойынша ұсынылған ескертулерді жоюға;

  6. осы Шарттың жағдайларын орындамаған жағдайда, Қордың жазбаша талабынан кейін, Конкурс жеңімпазымен ортақ, бұрын алынған грант сомасын толық түрде қайтаруға;

  7. көшпелі мониторинг жүргізу мақсатында, Қордың өкілдерін грант алушының аумағына кедергісіз кіргізуге;

  8. кідірмей жоба үйлестірушісіне немесе Қорға, жобаның іске асырылуына кедергі болып жатқан мән-жайларды немесе оны іске асырудың толықтай жөнсіздігі туралы мәлімдеп, 10 (он) күн ішінде, конкурс жеңімпазы және/немесе жеке серіктеспен бірігіп, бұрын аударылған барлық грант сомасын қайтаруға;

  9. қорытынды есепте көрсетілген немесе камералды мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша қолданылмаған ақшалай қаражатты, жобаны іске асыру мерзімі аяқталғаннан соң 10 (он) күн ішінде қайтаруға;

  10. грант алушыға осы Шартқа сәйкес алынған, құралдар мен мүлікті, грант алушы қолданатын және ие басқа құралдар мен мүліктен айырып есеп жүргізуге;

  11. жобаны іске асыру кезінде кепілді қызмет ету мерзімі бар (бар болған жағдайда), сәйкес сертификатталған, қауіпсіз тауарларды қолдануды, оған қоса құрал-сайманды сатып алу, тасымалдау, қолданатын орынға жеткізу және/немесе қондыруға байланысты пайда болатын тәуекелден қорғауға;

  12. грантты мониторинг жүргізу реттемелеуші Қордың ішкі нормативтік құжаттарымен танысуға және оларды ұстануға;

  13. осы Шарттың мерзімі аяқталғаннан соң, кемінде 5 (бес) жыл ішінде, барлық есептерді сақтауға;

  14. Грант алушыға қосылма тұлғалардан тауар, жұмыс, қызметті сатып алу жағдайында, Қорға қосылма тұлғалар туралы ақпаратты ашып, ұсынуға;

  15. жеке/қарыздық қаражатты осы Шартта көзделген уақытта және көлемде бөлуді қамтамасыз етуге (бұл қағида, ортақ қаржыландыру болған жағдайда қосылады);

  16. грант қаражатының арқасында алынған құралдарда Қордың логотипін орналастыруға;

  17. келесі сөйлемді, осы Шарт бойынша іске асырылған жобаға қатысты барлық мәлімдемелерді және жарияларға (жазбаша, аудио және видео материалдарға, электронды жарияларды қоса алқанда): "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландырылуы арқылы, осы жоба ҒҒТҚН коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды іске асыру аясында іске асырылған/іске асырылуда" қосуға міндеттенеді.

    1. Грант алушы осы Шартта және қосымшаларында көрсетілмеген және жобаны іске асыруға байланысы жоқ мақсаттарда, ақшалай қаражаттарды және мүлікті қолдануға құқығы жоқ.

    2. Осы Шартты іске асыру шеңберінде алынған ақшалай қаражатқа және/немесе мүлікке кез келген бір ауыртпалық түсіруге тыйым салынады.

    3. Осы бөлімде көрсетілген құқықтар мен міндеттер, түбегейлі болып табылмайды, Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерге ие.




  1. Төлеу тәртібі




    1. Грант қаражатын аудару мақсатында, Қорды қанағаттындыратын жағдайларда (бұдан әрі – банктік шот), грант алушы Қазақстан Республикасы резиденті екінші деңгейдегі банкте бөлек банктік эскроу-шотты ашуға міндеттенеді. Банктік шотты ашуға байланысты шығындарды грант алушы төлейді. Банктік шотты бұрыс қолдану және сипаттамасы салдарынан пайда болған залал үшін грант алушы жауапты.

    2. Грант алушының банктік шоты грантты алуға және игеруге қолданылады. Грант қаражаты банк шотынан, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Күнтізбелік жоба және Шығыстар сметасында көрсетілген шығындарды өтеу үшін ғана түсіріледі.

    3. Грант шығындарды төлеу түрінде осы шартта көзделген жағдайларда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бөлінеді. Грант сомасы, осы Шартқа 2 қосымшаға сәйкес кезең-кезеңмен (траншпен), грант алушының осы Шартта көрсетілген банктік шотына аударылады.

    4. Алдынғы кезеңде (кезеңдерде) көзделген іс-шараларды орындау туралы есепті ұсынудан кейін, осы Шарттың 4-ші бөлігінде, келесі жағдайларды сақтай отырып Грант алушы келесі траншты алуға құқыққа ие болады:

  1. грант сомасы осы Шартқа 1 қосышаға сәйкес және Шарттың 1-ші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды орындау үшін ғана қолдануы тиіс;

  2. грантты орындау кезеңінің жұмыстары, осы Шартқа 1 және 2 қосымшаға сәйкес уақытылы және толық көлемде орындалуы тиіс.

    1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант қаражаты, жасалған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы шарттың жағдайларына сәйкес кезең-кезеңмен, Қор өткізген іс-шаралардың жүзеге асырлуының мониторингі нәтижелері бойынша аударылады. Қор жаратымды деп таныған есеп бойынша, осы Шартқа сәйкес жұмсалмаған грант сомасын талап ету құқығына ие.

    2. Қор жаратымды деп таныған есептерге қарамастан, жобаны іске асырудың толық кезеңі үшін, осы Шартқа сәйкес емес жұмсалынған және (немесе) үнемделген қаражатты қайтару туралы, аралық және (немесе) қорытынды есепті қарастыру қорытындысы бойынша, Конкурс жеңімпазына және грант алушыға, талап ете алады.

    3. Алдыңғы транш бойынша қаражаттар үнемделген жағдайда, кейінгі транштың сомасы, алдыңғы транштың үнемделген тиісті сомасына азайтылады. Соңғы транш бойынша қаражаттар үнемделген жағдайда, үнемделген қаражаттар Қорға, Қор Грант алушыға жіберілген тиісті хабарландырудан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылуы тиіс.

    4. Мүлік ауыртпалығы және қаражаттарды мақсатқа сай пайдаланбау фактілері жобаны камералды/көшпелі мониторингі негізінде анықталынып, осы Шарт бойынша аударылған гранттың барлық қаражаттарын қайтаруға және (немесе) айыппұлды төлеуді талап етуге негіз болып табылады.

    5. Осы шарт бойынша грант қаражаты көбейту жағына қайта қаралуы мүмкін емес.

    6. Грант алушы осы шарттың 9.1 тармағында көрсетілген жағдайларды бұзған жағдайда, Грант алушыға аударылған грант сомасын толық көлемде, Қордың банк шотына қолма-қол ақшасыз аударылым арқылы 10 (он) жұмыс ішінде қайтарылуы тиіс.



  1. Есеп беру нысаны және тәртібі




    1. Осы Шарт бойынша грант алушы барлық іс-шараларды орындаудан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды және жобаның әрбір кезеңің орындауды бітіргеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей аралық есепті Қорға тапсыруы тиіс. Аралық және қорытынды есептер осы Шартқа 3 қосымшаға сәйкес, жұмыстың орындалуын дәлелдейтін барлық құжаттарды қоса алғанда, қағаз және электронды нұсқада тапсырылады.

    2. Аралық/қорытынды есептерді дайындау, мазмұнына қойылатын талаптар және тапсыру ережелері, оған қоса қарастыру мерзімі, ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған гранттарды мониторинг жүргізу аясындағы ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген.

    3. Тапсырылған аралық/қорытыды есеп Қормен жаратымсыз деп танылған жағдайда, бұл туралы хабарландыру Грант алушыға аралық есепті қабылдағаннан 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей және қорытынды есепті қабылдағаннан 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберілуі тиіс.

Грант алушы харабландыруды қабылдағаннан кейін, Қор ұсынған ескертпелерді жойып, Қорға түзетілген және (немесе) сұралып отырған құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

    1. Шарт бойынша жобаны іске асыру уақытына, аралық және қорытынды есептерді Қормен қарастыру және келесі кезеңді қаржыландыру кірмейді.

    2. Грант алушы осы Шартқа 4 қосымшаға сәйкес, гранттан кейінгі мониторинг аясында, жоба аяқталғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде, жарты жылда бір рет, 10 қаңтар және 10 шілдеден кешіктірілмей, жобаның іске асыру тиімділігін талдау есебін Қорға тапсырады.

    3. Есептерді қарасту кезінде, Қор ҒҒТҚН коммерцияландыруға грант беру шарттарының мониторингін Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сейкес жүргізеді.

    4. Грант алушы, осы Шартқа қол қойғаннан 10 (он) жұмыс күні ішінде, Қорға осы Шартқа 5 қосымшада көрсетілген нысан бойынша Грант алушының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің есебін ұсынады.




  1. Құпиялылық




    1. Тараптар келесі ақпаратты құпиялы деп тануға келісті: өзге тұлғалар ашық түрде қол жеткізе алмайтын және (немесе) оларға арналмаған, осы Шартқа қатысты шоттар, актілер, кез келген басқа құжаттар және осы Шартқа байланысты Тараптар арасындағы хат алысу.

Осыған орай, Тараптар жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмасы немесе актілері, не жоба бойынша ақпаратты жариялау қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай, ғылым аясындағы уәкілетті орган, Қордың акционерінен басқа, үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын-ала өзара келісімісіз ашуға және құпиялы ақпаратты қорғау үшін қажет шараларды жасауға міндеттенеді. Құпиялылық жағдайлары осы Шарттың әрекет ету барлық мерзімі ішінде және осы Шарт бойынша арақатынастар аяқталғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде өз күшін сақтайды.

    1. Осы Шартпен көзделген құпиялылық және ақпаратты жарияламау туралы Тараптар міндеттері көпшілік қолды ақпаратқа қолданылмайды.

    2. Грант алушы осы Шарт бойынша іске асырылып жатқан жоба бойынша істелінген жарияланым және көпшілік өтінімдердің көшірмесін Қорға ұсынуы тиіс.

Қор Грант алушының және (немесе) оның өкілдеріне сыйақы төлеусіз жарияланымдарын жаңғыртуға және кез келген түрде қолдануға құқылы.

    1. Қор, әлеуметті хабарлау мақсатында, Грант алушының ұсынылған есепртерінің негізінде, жобаның іске асуы туралы жарияланымдарды және басқа жа ақпараттық материалдарды Грант алушының келісімісіз жариялауға құқылы.

    2. Грант алушы Қорды осы Шартқа сай іске асыпылып жатқан жобаға байланысты, жоспарланған кездесулер, пресс-конференциялар және басқа да маңызды шаралар туралы алдын-ала ескертуі тиіс.

    3. Тараптың бірі басқа Тараптың келісімісіз құпия ақпаратты мемлекеттік билік органдарына, қолданыстағы заңнамаға көрсетілген ретте және жағдайларда, тапсырылуы мүмкін.




  1. Тараптар жауапкершілігі




    1. Грант алушы өзіне грант қаражатының мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін толық жауапкершілікті қабыл етеді.

    2. Грант алушы, Конкурс жеңімпазы және бизнес серіктес ұсынылған ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады. Қор, Грант алушы күмәнді ақпарат және (немесе) осы Шарттың жағдайларын және (немесе) жобаның іске асыру жағдайларын орындамаған жағдайда, Шартты іске асырудан біржақты бас тартып, бұрын аударылған грант сомасын қайтаруға және осы Шарттың 6.3 тармағында көрсетілген айыппұлыды төлеуге талап етуге құқылы.

    3. Есеп тапсыруды кейінге қалдыру жағдайынан басқа, осы Шартта ескертілген жағдайларға сәйкес есеп ұсынбаған жағдайда, Грант алушы әрбір есеп тапсыруды өткізіп алған күн үшін кезең сомасының 0,1% мөлшерінде, бірақ кезең сомасының 10% артық емес, айыппұл төлеп, Қордан тиісті хараблама қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде есепті тапсыруға міндеттенеді.

    4. Есеп тапсыруды кейінге қалдыру жағдайынан басқа, осы Шартта ескертілген жағдайларға сәйкес тиімділігін талдау есебін қажетті кезеңде ұсынбаған жағдайда, Грант алушы әрбір есеп тапсыруды өткізіп алған күн үшін кезең сомасының 0,1% мөлшерінде, бірақ кезең сомасының 10% артық емес, айыппұл төлеп, Қордан тиісті хараблама қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде есепті тапсыруға міндеттенеді.

    5. Қор Конкурс жеңімпазына, бизнес-серіктес және Грант алушыға жобаның орындалу амалы және нәтижелері, грант қаражатын пайдалану нәтижесінде қасақана немесе абайсыздан біреуге келтірген зиян, осы Шартты орындау кезіндегі кез келген туындаған сұрақтар, әлдекім кез келген мәселе үшін қойылған талаптар бойынша жауапты емес.

    6. Грант алушы өз бетімен кепілді мерзімді қызметі бар, сертификатталған, қаупсіз тауарларды сатып алуды қамтамасыз ету (мүмкіндік болған жағдайда) үшін, сондай-ақ жабдықты сатып алу, қолдану орнына тасымалдау, жеткізу және (немесе) қондырумен байланысты пайда болатын тәуекелден қорғаныс үшін жауапты.




  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлар




    1. Әрбір Тарап (бұл термин осы қағидалар үшін барлық лауазымды тұлғаларды, қызметкерлерді, өкілдерін, сондай-ақ олардың атынан әрекет ететін немесе олармен тартылатын басқа да тұлғаларды біріктіреді) өз бетімен немесе делдал арқылы, осы Шарт бойынша ҒҒТҚН коммерцияландыруды іске асыруға байланысты параны (өзіне немесе басқа да тұлғаларға, параалушының немесе оның уәкілідерінің пайдасына жасалатын әрекет (әрекетсіздік) үшін, ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүлік сипатындағы пайданы, сондай-ақ қорғаншылық немесе салғырттықты, шектелмей, қоса алғанда) басқа Тарапқа, оның қызметкерлеріне, уәкілдеріне, басқа Тарап тартатын басқа да тұлғаларға немесе оның атынан іс-әрекет ететін, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілітті немесе оған теңестірілген тұлғаға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға, немесе шет ел және халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасына беруге талпынуға немесе беруден бас тартатындығы туралы келіседі.

    2. Әрбір Тарап, осы Шарттың жасасуына дейін, осы Шартқа байланысты басқа Тараппен қандай да бір іскерлік қатынасты орнату және (немесе) жалғастыру мақстаныда қатысты тараптарға пара бермегенін және беруге талпынғанын, басқа Тарапқа мәлімдеп және кепіл етеді.

    3. Әрбір Тарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-шаралар аясындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен таныстырылғанын және бұл нормаларды сақтайтынын мойы индап, келісетінін дәлелдейді.

    4. Әрбір Тарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-шаралар аясындағы қолданылатын заңнаманы басқа Тараппен бұзушылықты туындайтын іс-шараларды жасамайтынын және ондай іс-шараларға рұқсат бермейтіндігін дәлелдейді.

    5. Тараптар, осы Шарт бойынша жасалып жатқан барлық төлемдер бухгалтерлік құжаттамада дәлме-дәл көрсетілетіндігімен келіседі.

    6. Егер бір Тарапқа, оның жемқорлыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға байланысты қағидаларын бұзу мүмкіндігі немесе бұзу мүмкіндігі туралы хабардар болған жағдайда, шұғыл арада басқа Тарапты хабардар етіп, осы істі тергеуде жәрдем көрсетуге міндетті.

    7. Әрбір тарап өзінің қызметекрлері үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы аясында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, тиісті саясатты және рәсімдерді әзірлеуге келіседі.

    8. Әрбір Тарап, осы Шарт бойынша оның атынан қызметті ұсынатын, бірлесіп орындаушы және үшінші тұлғалардың, болған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алынған кірістерді заңдастыру рәсімдерін сақтауға міндеттенеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет