Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет147/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Анықтама үшін: Мигранттар Қазақстанға келіп жатыр, бірақ Қазақстан-
дағы сальдо теріс: 2018 жылы да кеткендер саны көбірек, бұл 2012 жылдан 
басталған үрдіс. Еңбек мигранттарын қолдау және оқыту орталығының 
меңгерушісі Ш. А. Исмаилованың айтуынша, Қазақстанда 300 000 жуық 
мигрант бар. Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға мүше болуымен қамта-
масыз етілген мигранттардың болу жағдайларын жақсартуға қарамастан, 
жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын жүзеге асыратын қырғыздар-
дың саны біршама өсті. Қазақстандағы Өзбекстан мен Тәжікстаннан кел-
ген мигранттар негізінен жеке тұлғалар үшін үй шаруашылықтарындағы 
көмекші ретінде тіркеледі, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген жалғыз рұқсат етілген жұмыс түрі (Қазақстан азаматына бес 
адамға дейін). Рұқсат алғаннан кейін, олар іс жүзінде заңды тұлғаларға 
жалданып жұмыс істейді. Бірақ бұл жағдайда оларға әкімшілік жаза қол-
дану қаупі бар. Мигранттарды біріктіруді ынталандырудың қызықты 
тәжірибесін «Қырғызстан – Астана» қоғамдық бірлестігінің тәжірибесінен 
көруге болады: олар мигранттарды бала күтушісі, гувернант, аспаз маман-
дықтары бойынша оқыту курстарын ұйымдастырған, бұл олардың әлеу-
етін кеңейтті.
Қазақстан да шетелден ақша аударымдарының көлемін есептеп, қаражат 
алудың үш негізгі бағытын атады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар 
порталы хабарлады. Ресейден Қазақстанға трансферттердің көлемі 2018 
жылдың қаңтар- сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салы-
стырғанда, 13% төмендеді. Осы уақыт аралығында Қазақстанға 36,7 млрд 
теңге (109,2 млн АҚШ доллары) аударылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен 
салыстырғанда, 54,4%-ға жетті, ал Ресейден түскен ақша аударымдарының 
жалпы сомасы 44%-ды құрады. Екінші орында – Қазақстанға Оңтүстік Корея-
дан аударылған ақша. Осы елден шамамен 12,6 млрд теңге (37,5 млн АҚШ 
доллары) аударылды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 


293
Экономиканы жаңғырту және қазақстандық қоғамды топтастыру факторы ретіндегі
жаңа орта тап проблемасына әлеуметтанулық көзқарас
оның көлемі 2,3 есе өсті. Оңтүстік Кореядан алынған қаражаттың үлесі 
жалпы көлемде 6,9%-дан 15,3%-ға дейін өсті. Үшінші орында – Қырғыз-
стан. Осы елден жалпы қаражаттың 10%-ы аударылды. Өткен жылы бұл 
көрсеткіш тек 6,1% құрады. Қырғызстаннан қазақстандықтар 8,3 млрд 
теңге (24,7 млн доллар) алды.
2018 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан тұрғындарының саны 18,27 мил-
лион адамды құрады. Бұл жыл басынан бері 115,1 мыңға көп. Урбаниза-
ция жүруде: алты айдың ішінде елдің қалалық тұрғындары 1%-ға, ал ауыл 
тұрғындары – 0,1%-ға өсті. EnergyProm
 
аналитикалық қызметінің зерттеуіне 
сәйкес, жарты жылда табиғи өсім 125,9 мың адамды құраған, ал елден 
10,8 мың адам көшіп кеткен. Қалалық тұрғындардың саны жыл басынан 
бері 1%-ға (105,5 мың адам қосылған), яғни 10,53 миллионға дейін өсті, 
сонымен бірге ауыл тұрғындарының саны жылдың бірінші жартысында 
0,1%-ға өсті (барлығы 9, 6 мың адам), ағымдағы жылдың шілдесіне дейін 
7,74 млн қазақстандықты құрады. Түрлі себептерге байланысты адамдар-
дың көші-қонға көзқарасы өзгеріп қана қоймай, сонымен бірге күшейе 
түсті. «Соңғы бірнеше жыл ішінде (әлемде) адамдардың жұмысқа тұру үшін 
көшуге деген ұмтылысы төмендеді; бұл еңбек мигранттарын жұмысқа алу-
дың тиімділігін төмендетеді, бұл елдер мен компаниялар еңбек тапшы-
лығы мәселесін шешу үшін жүгінеді. Осындай тұжырымдарды BCG және 
Network (Қазақстандағы – Headhunter) авторлары «Жаһандық дарындылар 
нарығын талдау 2018» (Decoding Global Talent 2018) атты жаңа бірлескен 
зерттеуінде жариялады. Әлемдегі респонденттер болашақта жұмыс орны-
ның ішкі артықшылықтарына, мысалы материалдық өтемақы деңгейіне 
қарағанда, әріптестерімен жақсы қарым- қатынастардан туындайтын 
мәселелерге көбірек көңіл бөледі. Ал қазақстандықтар үшін материалдық 
фактор бірінші кезекте, содан соң жұмыс берушінің қаржылық тұрақты-
лығы (әлемде бұл фактор тек алтыншы орында), сондай-ақ оқыту және 
біліктілікті арттыру тұр.
2014 жылмен салыстырғанда, Қазақстан өз позициясын айтарлықтай 
жақсартты және рейтингте 129-орыннан 77-орынға көтерілді. Бұл негізінен 
ел экономикасының тұрақты өсуіне, соның нәтижесінде өзін-өзі жүзеге 
асыру үшін мүмкіндіктердің болуына, елдегі іскерлік жағдайдың жақса-
руына және соңғы жылдары көптеген халықаралық іс-шараларды өткізу 
арқылы еліміздегі ашықтықтың ұлғаюына байланысты болды. Жұмыс орны 
ретінде Қазақстан Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстанды 


294
Қазақстан экономикасының трансформациясы
қоса алғанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің, сондай-ақ 
Түркия, Египет, Катар сияқты бірқатар Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, 
Таяу Шығыстың тұрғындары арасында кеңінен танымал. Қазақстан Орта-
лық Азияның бірқатар көршілес елдерінің азаматтарын тартады, онда 
экономиканың төмендігінен халықтың жұмысқа тұру мүмкіндіктері аз. 
Олардың кейбіреулері білікті мамандар немесе жұмысшылар болғанына 
қарамастан, Қазақстандағы тұрмыс деңгейі өз Отанындағысымен салы-
стырғанда жоғары екендігін көрсетуде. Әлемдік орташа көрсеткішпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет