Өлшегіш аспаптар және құралдар деп анықталатын өлшемді тікелей немесе жанамалы түрде өлшем бірлігімен салыстырып көрсететін қоңдырғыларды атайды. Аспап немесе құрал деп бөлінуі шартты. Қарапайым түрлері құралдар қатарына, ал күрделі түрлері аспаптар қатарына жатады.
Өлшеу жабдықтары қолдану сипатына байланысты әмбебап және арнаулы негізделген болып бөлінеді.
Сызықтық және бұрыштық өлшемдерді өлшеуге арналған әмбебап өлшеу аспаптары құрылымы және жұмыс атқару принциптері бойынша түрлері көп, сондықтан оларды келесі топтарға бөледі:
қарапайым өлшеу құралдары (сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшемдер өлшегіш т.б.);
сызықтық нониуспен жабдықталған штрихты құралдар (штангенқұралдар, әмбебап бұрышөлшегіштер);
микрометрлік аспаптар (микрометрлер, микрометрлік ішкі өлшемдерді және тереңдікті өлшегіштер);
рычагті-механикалық аспаптар, индикаторлар, микрокаторлар;
рычагті-оптикалық және оптикалық аспаптар (оптиметрлер, құралдық микроскоптар, проекторлар, өлшеуші микроскоптар);
пневматикалық (төмен қысымды, ротаторлы жоғары қысымды) аспаптар, қондырғылар және жүйелер;
электрленген (электртүйіспелі және индуктивті бергіштері) аспаптар, қондырғылар және жүйелер.
Арнаулы негізделген өлшеу аспаптары келесі топтарға бөлінеді:
жазықтықты, тікбағыттықты және горизонтальдықты өлшеу аспаптары (тексеру сызғыштары, тақталар, деңғейөлшегіштер);
беттер кедір-бұдырлығын бақылау аспаптары (профилометрлер, профилографтар, қос микроскоп, интерферометрлер);
бұрандамаларды өлшеу аспаптары (бұрандалық микрометрлер, адым өлшегіштер т.б.);
цилиндрлік және конустық тісті донғалақтар элементтерін, бұрамдықты беріліс элементтерін өлшеу аспаптары (штанген тісөлшегіш, тангенциалдық тісөлшегіш, нормаль өлшегіш, соққы өлшегіш, ось арақашықтығын өлшегіш т.б.).
Әмбебап өлшегіш аспаптарымен сызықтық және бұрыштық өлшемдерді кең ауқымда және әр түрлі дәлдікпен өлшеуге болады. Бір құралды немесе аспапты әр түрлі өлшемдерді өлшеуге қолдануға болады. Осы ерекшелігіне байланысты әмбебап өлшеу аспаптары өндірістің жөндеу саласында кеңінен қолдану тапқан және бүгінгі күнде, олар бақылау аспаптарының негізігісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |