Омме́тр (Ом + (греч.) μετρεω «өлшеймін») — электрлік активті кедергіні өлшеуге (анықтауға) арналған өлшеуіш аспап. Қалыпты жағдайда өлшеу тұрақты ток бойынша жүргізіледі, бірақ, кейбір жағдайда электронды омметрмен айнымалы токты қолдану жат жағдай емес.
Омметр Микроомметр MOM600A
Ваттметр
Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінде қуатты, әдетте, электродинамикалық ваттметрмен өлшейді. Ваттметрдің тоқтық орамасы онымен қуаты өлшенетін элементтің тоғы жүретіндей етіп тіркес жалғанады да, кернеулік орамасы элементтің кернеуіне жалғанады. Қуаты өлшенетін элементтің кернеуі мен тоғының шамасына байланысты ваттметрдің кернеулік және тоқтық орамаларының өлшеу аралықтары реттеліп отырады. Кернеуі және тоғы үлкен айнымалы тоқ тізбектерінде ваттметрлер өлшеуіштік трансформаторлар арқылы жалғанады. Үш фазалы тізбектерде активті қуат бір, екі немесе үш ваттметрмен өлшенеді. Үш фазалы тізбектерде реактивті қуат ваттметрлермен немесе әдейі жасалған аспаптармен (варметрлермен) өлшенеді. Реактивті қуатты ваттметрмен өлшеу үшін оны кернеуі мен тоғының фазалық ығысуы шартын қанағаттандыратындай етіп жалғау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |