Конспект: Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары Негізгі анықтамалар мен ұғымдар Өлшеу



бет9/10
Дата15.12.2023
өлшемі158 Kb.
#197180
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конспект Өлшеу және өлшеуіш аспаптар



Амперметр




Амперметрді жалғау әдісі Айнымалы ток амперметрі


Амперме́тр ( ампер + метр (греч.) μετρέω — өлшеймін) — ток күшін өлшеуге арналған, өлшем бірлігі Ампер. Амперметр шкаласы аспаптың өлшеу шегіне сәйкес микроамперлерде, миллиамперлерде, амперде немесе килоамперде көрсетеді. Амперметр электрлік тізбектің ток күшін өлшеуді қажет ететін бөлігіне тізбектеліп жалғанады. Сондықтанда амперметрдің ішкі кедергісі неғұрлым кіші болса, соғұрлым зерттелетін обьектіге аспаптың әсер етуі төмен және өлшеу дәлдігі де жоғарылақ болып келеді.
Аспаптың өлшеу шегін ұлғайту мақсатында амперметр шунтпен (тұрақты және айнымалы ток тізбегі үшін ) , ток трансформаторымен (тек айнымалы ток тізбегі үшін) немесе магниттік күшейткішпен (тек тұрақты ток тізбегі үшін) жабдықталуы тиіс.
Ескерту! Амперметрді вольтметр ретінде қолдану (аспапты тікелей қорек көзіне қосу) қысқа тұйықталуға әкеліп соғады - өте қауіпті! Осы жағдайды есте сақтаған жөн!

Вольтметр




Екі санды вольтметр: Айнымалы ток вольтметрі модель, ал жоғарғысы – коммерциялық


төмендегі - Берлин техникалық
университетінің студенттері
қолдан жасап жинаған.
Вольтметр (вольт + (греч. ) μετρεω өлшеймін) — электр тізбектегі ЭҚК немесе кернеуді өлшеуге (анықтауға) арналған өлшеуіш аспап. Тізбекте жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель жалғананды. Идеалды вольметр шектеусіз үлкен ішкі кедергілі болуы тиіс. Сондықтанда, вольтметрдің ішкі кедергісі неғұрлым көп болса, соғұрлым аспаптың әсері де өлшенетін обьектіге әсері төмен және өлшеу дәлдігі де ұлғая түседі. Аз мөлшерлі кернеулер вольтметрлерді тікелей жалғау арқылы өлшенеді де, ал үлкен кернеулер қосымша кедергінің көмегімен өлшенеді. Қосымша кедергі ретінде вольметрге тіркес жалғанатын резистордың кедергісі пайдаланылады.
Вольтметрлер кернеуі өлшенетін элементке немесе тізбекке параллель жалғанатындықтан, олармен жүретін тоқ тізбектің тоғына әсер етпейтіндей аз болуы керек. Осы себепті вольтметрдің ішкі кедергісі өте үлкен етіп жасалады. Бұл вольтметрдің тұтынатын қуатына да әсер етеді: кедергісі өскен сайын вольтметрдің тоғы азаятындықтан, оның қуаты да азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет