Жіктелуі:
І. Патогенезі бойынша:
Біріншілік:
Алкогольді
Алиментарлы
Токсикалық
Вирустық
Идиопатиялық
|
Екіншілік:
Холангиогенді (өт жолдарының патологиясына байланысты)
Онекелішектің патологиясына байланысты
Дистрофиялы- метаболизмдік (бауырдың созылмалы ауруына, жаралы колитке, мальабсорбция синдромына және гипоксияға, себебі әр түрлі гипоксемияға байланысты дамитын)
Тамыр патологиясына байланысты
Семіздікке байланысты
Гальминтозға байланысты
Эпидемиялық паротитке және өзге вирустық ауруларға байланысты (организмнің иммундық статусының бұзылыстарына әкелетін)
|
ІІ. Морфологиялық белгілері бойынша:
Кальциноздаушы
Обструкциялық
Фиброзды- склероздаушы (индуративты)
Ұйқыбездің кисталары мен псевдокисталары
ІІІ. Клиникалық белгілері бойынша:
а) өршу фазасында
б) ремиссия фазасында
|
а) үнемі ауырсынумен
б) ұйқыбез коликасының ұстамаларымен
|
а) холестазбен
б) онекелішек өтімділігінің бұзылыстары
|
Ауырсынусыз
|
Латентті
|
Ұйқыбез функциясының бұзылыстары бойынша:
а) экскрециялық
б) инкрециялық
в) экскрециялық және инкрециялық
Клиникалық белгісі:
Негізгі клиникалық симптомы асқазан тұсының ауырсынуы. Эпигастрия аймағының ауырсынуы майлы тағам ішкеннен соң 1-2 сағат өткеннен кейін белдік тәріздес ұйып, қысып толғақ тәріздес ауырады. Ауырсыну көбінесе сол қолға , сол иыққа , жауырын ортасына, мойынға беріледі. Ауырсыну белгісі көбнесе майлы, қуырылған немесе өткір тағамдарды ішкеннен кейін 40- 60 минуттан кейін пайда болады, тамақ ішпесе ауырсыну басылады. Науқастың тәбеті төмендеп, кекіреді, құсады, іші кебеді. Бір рет ботқа тәріздес, алтын сары іші өтеді.
Пакреатиттің өршу кезінде диспепсикалық синдромдар пайда болады:
гиперсалевация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі.
Жалпы қарағанда терісі, көз склерасы сарғыш тартады.
Пальпацияда эпигастрия аймағы ауырсынады.
Клиникалық түрлерінің белгілері:
1.Рецидивтеуші түрі – науқастардың 55 -60% -да байқалады. Бұл түрінде белді буындырғандай
қатты ауыру ұстамалары оқта- текте болып тұрады. Ауырсыну эпигастрийде немесе сол қабырғалықта орналасады. Сонымен бірге өршу кезінде жүрек айнуы, құсу мазалайды. УДЗ –де бұл кездерде ұйқыбездің ісініп ұлғаюы анықталады.
2. Ауырсынулық түрі (үнемі ауырсыну синдромымен). Дерттің бұл түрінде құрсақтың жоғары аймағы үнемі ауырады. Ауыру арқаға тарайды. Сонымен қатар диспепсиялық бұзылыстар да болады – тәбеттің төмендеуі, арықтау, іштің бір өтіп, бір қатуы, метеоризм; ұлғайып тығыздалған без кейде пальпация арқылы анықталады.
3. Псевдоісіктік (сарғайтатын) түрі – науқастардың 10% болады, жиілеу ер кісілерде кездеседі. Дерттің бұл түрінде қабынып ісінген ұйқыбездің басы жалпы өт түтігін қысып, өттің өтпелі механикалық іркілісіне әкеледі. Осыдан, панкреатитке тән диспепсиялық шағымдармен бірге, өтпелі холестаз синдромы болады: сарғаю, терінің қышуы, зәр түсінің қоңырлануы, нәжістің ақшылдануы.
4. Латентті (ауырсынусыз). Бұл түрде ауырсыну болмайды немесе болмашы, көріністе басты орын алатын диспепсиялық бұзылыстар – жүрек айнуы, кекіру, тәбеттің төмендеуі, іштің жиі өтуі. Тексергенде – бездің экзо – және эндокриндік функцияларының бұзылыстары анықталады.
5. Склероздаушы түрі – созылмалы панкреатиттің ақырғы сатысы. Склероздың салдарынан ұйқыбез тығыздалып бүріседі, бұл өзгерістер УДЗ –де анықталады. Ұйқыбездің сыртқы және ішкі секрециялық функцияларының жетіспеушілігі пайда болады. Клиникалық көріністе іштің жоғары аймағының, әсіресе тамақтанғаннан кейін ауыруы, тәбеттің нашарлауы, арықтау, іштің өтуіне бейімділік, қант диабеттің белгілері байқалады.
Лабораториялық , құралдар диагностикасы:
Жалпы қан талдауы – лейкоцитоз, жылдамдатылған ЭТЖ анықталады.
Биохимиялық қан талдау – диастаз, липаза көрсеткіштері жоғарлайды, диспротеинмия.
Копрология : нәжістен қортылмаған бұлшық ет талшықтары (креатореая) крахмалдар (амилореая ) нейтральды майлар (стеркореая) табылады.
УДЗ, сканерлеу – бездің ұлғаюы, ұйқы безінің тығыздалуы, қабыну процессі,без контурының бұдырлануы,ұлпасының әркелкілігі.Эхо тығыздығы жоғары ошақтар жақсы анықталады.
Эндоскопиялық ретроградты халонгиопанкреатография (ЭРХПГ) арқылы басты түтіктің диффузды өзгерістері анықталады: таралуы, кеңуі , қабырғаларының тегістігі жойылуы , түтік тармақтарының деформациясы.
Қажет жағдайда ісіктен күдіктенгенде КТГ, ангиография, биопсия жасалынуы тиіс.
Дифференцальді диагностика: Ұйқыбезінің қатерлі ісігімен, өт тас ауруларымен, өт жолдарының дискенизиясымен, созылмалы холеоциститтің асқынуымен.
Емдеу принципі:
І. Диеталық стол № 5. Минеральді сулар «Боржоми», «Нарзан» тәрізді сілтілі минеральді суларды тәулігіне 6 стаканнан аз- аздан жұтқызып ішкізеді. Бірақ бірінші үш күн аралығында аштық тағайындайды, асқазан тұсына мұзды мұйық қояды. Ұстама кезінде науқасқа төсек режимі тағайындалады. Үш күн аралығында "аштық – тыныштық- суықтық" – режимі тағайындалады.
ІІ. Дәрі дәрмектер :
І. Ұйқыбез ферменттерінің ингибиторлары: пантрипсин 12-20 Б тәулікте 1-2 рет, трасилол, контрикол 25-50 ЕД 0,9% - 400,0 физиологиялық ерітіндімен қан тамырға тамшылатады немесе 1 таблеткадан 3 мезгіл береді.
Гордокс 100 мың Б. тәулігіне 1-2 рет. Бұларды глюкозаның 5% ерітіндісі 300-500 мл қосып, қан тамырға тамшылатып енгізеді.
Аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісі 100 мл тәулігіне 1- 2 рет қан тамырға тамшылатады немесе 1 г күніне 3 рет ішкізеді.
ІІІ. Этологиялық ем:
1. Антибиотиктер (дене қызуының көтерілуі, ауырсыну сезімі басылмағанда, жалпы қан талдауында – лейкоцитоз, ЭТЖ- ның жоғарлауында) ампициллин 0,5 г 4 рет б.етке,
эитромицин 0,25 г 4 рет, доксициклин 0,2 г бірінші күні, кейін 0,1 г күніне 1 рет, цепорин 1 таблетканы 3 мезгіл тағайындалады.
Қосымша антибилтиктер: метронидазол 500 мг 1 таб. 3рет.
2. Спазмолитиктер (атропин сульфаты, платифилин гидротратрат, но- шпа , папаверин) бұлшық етке енгізу; Аса қатты ауырсынуда наркотикалық анальгетиктер қолданылады.
3. Асқорытуды жақсарту үшін; Церукал 2 мл бұлшық етке енгізу.
4. Витаминдер: витамин А,С, В топтары тағайындау.
Ұйқыбездердің түтіктік жүйесіндегі қысымды төмендететін дәрмектер
Холинолитиктер (гастроцепин 10 мг 2 рет вена ішіне немесе бұлшықетке 25-50 мг 2рет)
Миолитиктер-но-шпа, галидор, одетон,эуфиллин 2мг күніне2-3рет
Кальций антагонистер: 2мл күніге 2рет
Нитраттар-нитроглицерин 10-20 мг тәулігіне 3-4 рет
Өңештің, асқазанның онекіелішектің моторикасын реттейтін дәрі-дәрмектер;
Ұйқыбез ферменттерінің ингибиторлары
Пантрипсин 12-20 Б тәулікке 1-2рет
Контрикал 10-20 Б тәулікке 1- 2рет
Гордокс 100мг тәулікке 1-2рет
Аминокапрон қышқылының 100мг 1-2рет
Симтомдық ем:
Ауырсыну синдромын басуға қолданатын дәрмектер:
Спазмолитиктер (баралгин,трамал)
Нейролептиктер (фортрал)
Өті жоқ ферменттік дәрмектер: панкреатин, панкурмен, мезим-форте , креон
Ұйқыбез ферметтерінің белсенділігін арттыру мақсатымен келесі шараларды жүзеге асырды:
-онекелішектің ішінде Ph-ты жоғарылату(буферлік антацидтермен,H2-блокаторлармен,протондық помна ингибиторларымен )
-ішектің моторикасын жөндеу(пркинетиктер,спазмолитиктер көмегімен)
-онекелішек пен жіңішке ішектің деконтаминациясын жасау:бификол,линекс,бифидумбактерин.
Хирургиялық ем жүргізуге көрсеткіштер:
Фатер емізігінің стенозы немесе обструкциясы.
Без басының ұлғаюынан механикалық сарғаю.
Ұйқыбезінің қатерлі ісіктері.
Консервативтік ем нәтижесіз болғанда.
Алдын алу шаралары:
1. Салауатты өмір салтын сақтау және қалыптастыру. 2. Рационнан майлы ет, еттің сорпасы, өсімдік майы, сүт, қышқыл жемістер мен шырындар, газды сусындар т.б. тағамдардан бас тарту.
3. ҚР. 2016 -2020 жыл аралығына арналған «Денсаулық» стратегиялық бағдарламасы бойынша скренинг жүргізу.
4. Диспансерлік тізімге алып, жалпы науқастың жағдайын қадағалау.
Асқынулары:
1. Ерте асқынулары: механикалық сарғаю, қан кету, іріңдеу, портальді гипертензия, ұйқы без түтігінің тарылуы, көк бауыр венасының тромбозы, панкренекроз.
2. Кеш асқынулар: дуоденальді стеноз, энсофалопатия, қант диабеті, кальциноз, ұйқыбез рагы.
Достарыңызбен бөлісу: |