Конспект Тақырып. Зат алмасу үрдістерін реттейтін дәрі -дәрмектер. Гормоналді препараттар. Дәруменді препаратттар. Гормоналді препараттар


Жыныстық гормондарының препараттары



бет11/14
Дата07.02.2022
өлшемі28,36 Kb.
#97771
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция -1. Гормоналді препараттар. Дәруменді препаратттар. Фармакотерапия.

6. Жыныстық гормондарының препараттары
А) Өйелдің жыныстық безінің препараттары
Эстрогенді прпараттарды әйелдің жыныстық безінің жетіспеушілігінде, бедеулікте, қынаптың шырышты қабатының атрофиясында, босану әлсіздігінде, мерзімінен асқан жүктілікте, климакста, сүт бездерінің ісігінде және т.б. қолданылады. Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, эндометриозда және жатырдан қан кетуге бейімділікте қолдануға болмайды.
Эстрон (фолликулин); 0,1% 1 мл майлы ерітінді ампулада шығарылып, күнде 1 мл-ден б/е енгізіледі.
Эстрадиол дипропионаты - жоғарыдағыдай.
Б) Гестагенді препараттар жатырдың қозғыштығын және жиырылғыштығын азайтады, жатырдың шырышты қабатының пролиферация фазасынан секреторлы фазасына өтуін күшейтіп, сүт бездерінің жетілуін күшейтеді, Қан кетулерде, жүктіліктің соңына дейін сақтай алмауда (түсік), эндометриозда, бедеулікте (эстрогендермен бірге) және аменореяда қолданылады. Бауыр ауруларында, гепатитте, сүт бездерінің және жыныс мүшелерінің рагында және тромбозға бейімділікте қолдануға болмайды.
Гестагендерге: прогестерон, дюфастон (дидрогестерон) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет