ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ КАФЕДРАСЫ
«PED1201 – ПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
ҚЫСҚАША ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ
Мамандығы: «5B011700 – Қазақ тілі және әдебиет»
Кредит саны - 3
Курс -2
Алматы, 2018
1 дәрiс. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде 2 сағат.
Мақсаты: педагогика ғылымының орны, ролi, пәнi мен мiндеттерi, ғылым және өнер ретiндегi мәні туралы түсінікті қалыптастыру.
Жоспары:
1.Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.
2.Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
3.Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Негізгі ұғымдар: педагогика, ғылым, тәрбие, бiлiм, оқыту, мақсат, категориялар, принциптер, тұлға, iс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптасу, педагогикалық бiлiм беру, болашақ маман т.б.
1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бiрiншi ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогi ß.А.Коменский атымен байланысты. Ол бiрiншi рет оқушылардың жүрiс-тұрыс ережелерiн, сонан соң өзiнiң ең iрi "Ұлы дидактика" атты еңбегiн жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің iзiмен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, немiс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы К.Д.Ушинский және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - өркениеттi қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжiрибесiнен бастау алады.
Педагогика ұғымы екi мағына бередi. Бiрiншiден - бiлiмнiң ғылыми аумағы, ғылым; екiншiден - өнер, қолөнер, педагогикалық iс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің "пайдос" - бала және "аго" - жетектеу деген сөздерінен шыќќан. "Пайдагогос" сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмiрге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннiң дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда ќожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып ќайтатын ќұлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздыќ етумен басќа білімдар ќұлдар айналысќан /1/.
Мыңдаған жылдар бойына ќажетті білім негіздері жиналып ќордаланды, ең өміршеңі, ең қажеттісі ќалып, берік орныќќанша талай педагогикалыќ жүйелер кезектесе өмiрге келiп, уаќыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинаќтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп ќойды /2/.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуiн, өмiрге қанағаттандыруда толық белсендi шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеудi зерттейтiн ғылым. Педагогикалық бiлiм – жан-жақты, адамды дамытудың тәсiлдерi мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейдi.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негiзгi категорияларының ойлау аспектiлерi үнемi кеңейтiлiп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшiнiң шектеусiз көпқырлы тәжiрибеде дамиды.
Педагогика – тәрбиелеудiң қатынастары туралы, тәрбиелеудiң өзара байланысының процесiнде пайда болған, бiлiм беру және оқыту өзiн-өзi тәрбиелеу, өз-өзiне бiлiм беру және өзiн-өзi оқытумен бiрге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретiнде төмендегi барлық белгiлердi қамтиды. Ол өзiнiң басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсiнiктi аппаратымен де ерекшеленеді.
Бiрiншiден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбiр адам өзiнiң балаларын, отбасы мүшелерiн, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмiр ағымында "педагог" ролiнде ойнайды.
Екiншiден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерiнiң аймағы, үлкен ұрпақтың кiшiге берiлген өмiрлiк тәжiрибесiмен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлiк) педагогиканың педагогикалық шеберлiгiмен және тәрбилеу өнерiмен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық iс-әрекеттердiң пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана бiлiмдi алып жүрушi, тек қана студенттер үшiн ақпараттардың көзi болу қажет емес, ол әртүрлi ролдердi ойнаушы – актер: мұғалiм, тәрбиелеушi, педагогикалық процестiң қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателiктi жiберткiзбейтiн әрекет, немесе оқытушы қатесi өте қымбатқа түседi. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзiнiң кәсiби күшi арқылы ғана емес, сонымен қатар, өз тұлғасының ерекшелiктерi де әсер етедi (мiнездiк қасиетi, iске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшiншiден, педагогика ғылым ретiнде түсiндiрiледi, сонымен қатар, адамтанудың бөлiгi. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсiз үйлесiмiндегi адамның дамуы мен әсерi тәсiлдерiн жетiлдiредi. Сондықтан да педагогикалық iлiмдер, теориялар, үлгiлер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелi бiлiмнiң iргесiнде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетiледi".
Төртiншiден, педагогика өзiне оқытумен тәрбиелеудiң теоретикалық және практикалық аспектiлерiн қоса отырып, оқыту пәнiн анықтайды.
Бесiншiден, педагогиканың мағынасы қазiргi заманғы жалпы мәдени контекстегi гуманитарлық бiлiмнiң бөлiмiне енедi. Ол адамның педагогикалық мәдениетiнiң сапасында көрiнедi.
1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
Педагогика, түптеп келгенде, "мєңгілік" проблемалармен айналысатынына ќарамастан, оның пєні наќты єрі айќын: бұл - оќу-тәрбие мекемелері жүзеге асыратын тәрбие беру ќызметі. Педагогика өзінің бүкіл іс-ќимыл әрекетін ќоғамда пайда болған тәрбие мен білім беруге, оќытып- үйретуге ќатысты өзекті мәселелерді жедел шешуге жұмылдырып, бағыттап отыратын ќолданбалы ғылым ретінде ќаралады. Педагогиканың даму негіздері - адамдардың өмір салтын, дєстүр-дағдысы, єдеп-ғұрпы, халыќтыќ педагогикада берік орныќќан тәрбие беру тєжірибесінің сан ғасырлыќ ғибрат-тағылымдары, философиялыќ, ќоғамтану, педагогикалыќ және психологиялыќ еңбектері, тәрбие берудің єлемдік, жеке отандыќ ағымдағы тәжірибесі. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалыќ зерттеулердің деректері, бірегей идеяларымен білім беру және ұрпаќ тәрбиесі ісін байытып, жетілдіріп отыратын жаңашыл ұстаздардың тєжірибесі және ќазіргі тез өзгеріп отырған жағдаймен үйлестірілген тәрбие беру жүйелері болып табылады
Педагогика - кең ауќымды, сан салалы ғылым. Оның зерттейтін пєнінің күрделілігі сондай, жеке, тіпті аса жан-жаќты ғылымның өзі оның мєнін, барлыќ байланыстары мен ќұралдарын ќамти алмас еді. Аќпарат-деректерді жинай отырып, ұзаќ даму жолынан өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондыќтан ќазіргі заманғы педагогиканы тәрбие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жөн.
Педагогиканың осы заманғы ең ќысќа, жалпы және сонымен ќатар шартты түрдегі дәл аныќтамасы - бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Тәрбие - жеке тұлғаны ќалыптастыру жолында маќсатты және ұйымдасќан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада "тәрбие" ұғымы єлеуметтік мєні тұрғысынан кең және тар мағынада ќолданылады.
Аға ұрпаќтың өзінің жинаќталып, сараланған тєжірибесін кейінгі ұрпаќќа беруі тәрбиенің кең єлеуметтік мєні болып табылады. Тєжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, єдептілік, ќұќыќтыќ нормалар - бір сөзбен айтќаңда, тарихи даму процесінде жасалып, берік ќалыптасќан адамзат баласының бүкіл рухани мұралары жатады.
Алдыңғы ұрпаќтың тар жол, тайғаќ соќпаќтарында жинаќталған өмірлік тєжірибелерін келер ұрпаќ пайдаланып, байытып отырды, соның арќасында адамзат баласы жан саќтап, тіршілік етіп, бірте-бірте буыны бекіп, ќатайды және осы заманғы даму деңгейіне жетті. Тєжірибе жоғалған жерде тәрбие ќайнары тартылып, шөлге айналады, мұндай оқиғаларды тарих айғақтады. Тәрбие ісін дұрыс жолға ќойған халыќ ғана өз дамуында үлкен табыстарға ќол жеткізетінін ќоғам дамуының тарихи процесі айќын дєлелдеп отыр.
Әрбір ғылым, өз мәселелерін алдымен ұғымдық түсініктемелерге сай қарастырады. Олай болса, педагогика ғылымының да өзіндік ұғымдары, яғни категориялары бар. Педагогикалық категория дегеніміз ғылыми сараланған тұжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалыќ ұғымдар. Дәлірек айтќанда, болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айќындайтын ғылыми ұғым. Негізгі педагогикалыќ категорияларға тәрбие, оќыту және білім беру жатады. Педагогика ғылымы, сондай-аќ даму және ќалыптасу, ќайта тәрбиелеу сияќты жалпы ғылыми категорияларға сүйенеді және оларды өзіне негіз етеді.
Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат ќоғамымен бірге пайда болып, оның өмір сүруі мен дамуының ажырамас бөлігіне айналды және ќоғам өмір сүріп тұрғанда ол да өмір сүретін болады. Сондыќтан да тәрбие - жалпыға ортаќ және мєңгілік категория.
Көптеген философтар ќоғам өмірін басќарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен ќоғамның өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дєлелдеді. Тәрбие ќоғам дамуына ыќпал етеді, ал ќоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның ќоғам өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
Тәрбиенің бағыт-бағдары, сипаты өндірістік күштердің даму деңгейіне және өндірістік ќатынастардың сипатына сєйкес келеді. Сондыќтан да тәрбие наќты-тарихи сипатќа ие болады.
Ќоғамдыќ-экономикалыќ формация нысанының өзгеруі тәрбие нысанының да өзгеруін туғызады. Ќоғамдыќ ќатынастардың өзгеруіне байланысты тәрбиенің маќсаты, міндеттері, нысандары өзгереді.
Тәрбиенің тар педагогикалыќ мєні - бұл тәрбиеленушіге ұжымның, тәрбиешілердің ұйымдасќан, нысаналы және басќарылып отыратын іс-ќимылы, ол оќу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын және бүкіл оќу-тәрбие процесін ќамтитын алдын ала белгіленген сапаларды тәрбиеленушілерде ќалыптастыру маќсатын көздейді.
Педагогикада, өзге де єлеуметтік ғылымдарда да "тәрбие" үғымы біртұтас тәрбие беру процесінің ќұрамдас бөліктерін айќындау үшін ќолданылады. Айталыќ, мысалы, "адамгершілік тәрбиесі", "эстетикалыќ тәрбие".
Негізгі педагогикалыќ категорияларға кейбір ғалым-педагоггар "өзін-өзі тәрбиелеу","өзін-өзі білімдендіру","өзін-өзі жетілдіру", "педагогикалыќ процесс", "єлеуметтендіру" сияќты жалпылама үғымдарды да ұсынады. Аталған ұғымдардың педагогика теориясының маңызды ќұрамдас бөлігі ретінде мойындай отырып, олардын өзіндік мєнін арнаулы мәселелерді зерттеу көзінде ќарастыратын боламыз.
Жоғарыда айќындағанымыздай, тәрбие жалпыға ортаќ және мєңгілік категория. Бұл тәрбие барлыќ уаќыт пен халыќќа жарамды дегенді білдіреді ме? Єрине, жоќ. Солай десек те, жаңа єлеуметтік-экономикалыќ формация ќираған ескі ќоғам үйіндісі үстінде пайда болады: адамзат баласының ќол жеткізген мєдени деңгейінде тарихи сабаќтастыќ бар. Тәрбиенің барлыќ єлеуметтік-экономикалыќ формацияларға тєн кейбір ортаќ белгілері болады және олар сол ќоғамның бүкіл тарихи дамуы барысында көрініп отырады деген сөз. Бұл орайда, сіз осылардың ќайсысын бөліп көрсеткен болар едіңіз деген сауал ќойылса, дұрыс жауапты ќиналмай табу үшін дєйекті тұжырымдар келтіріп көрелік.
1. Әрбір ќоғамдыќ ќұрылыстың өзіне тєн тәрбие маќсаттары, нысандары мен әдістері болады.
2. "Тәрбие" деген ұғымға кіретіндердің бєрі, атап айтќанда, алға ќойылған маќсаттардың болуы, жиналған тєжірибені келесі ұрпаќќа беру, тәрбиені ұйымдастыру, оның деңгейінің өндірістік күштер мен өндірістік ќатынастардың деңгейіне сєйкес келуі барлыќ ќоғамдыќ-экономикалыќ формаларда бірдей.
3. Тәрбиенің барлыќ тарихи түрлеріне ортаќ нєрсе - жеке түлғаның жан-жаќты дамуына ќамќорлыќ жасау.
4. Кез келген ќоғамдыќ формацияда жас ұрпаќќа белгілі бір білім ќұндылыќтары, жалпы адами тєжірибе беріледі, оларды ќоғамдыќ-өндірістік өмірде белгілі бір роль атќаруға даярлайды, мінез-ќұлыќтарын ќалыптастырады.
5. Адамдар материалдыќ игіліктерді өндіре отырып, өзінің бүкіл өмір астарларын ќайта жаңғыртады, өндіріс процесінде адам да әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ќалыптасады.
6. Тәрбие беру ќызметінің маќсаттарындағы, нысандарыдағы барлыќ принциптік айырмашылыќтарға ќарамастан, бұл ќызметте саналы түрде көзделінген маќсат болады, олар: белгілі сипаттағы жеке тұлғаны ќалыптастыру, оны ќажетті сапалыќ ќасиеттерге (адамгершілік, парасаттылыќ, эстетикалыќ және басќа) баулу. Сонымен, тәрбие дегенiмiз – адамдарды қоғам сұранысын қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Адамдар бойында ізгі-құндылық қасиеттерді қалыптастырға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы - оќыту. Бұл оќытушылар мен оќушылардың білімді, ќабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оќушылардың дүниеге көзќарасын ќалыптастыруға, ақыл-ой күштері мен єлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға ќойған маќсаттарға сай өзін-өзі білімдендіру дағдыларын орныќтыруға бағытталған ұйымдасќан, маќсатты және басќару арќылы жүзеге асырылатын өзара іс-ќимыл жасау процесі. Оќытып-үйретудің негізін білім, ќабілет және дағды ќұрайды.
"Тәрбие" мен "оќытып-үйрету" ұғымдары бір-бірімен ќабысып, өзара астасып жатќан категориялар.
Білім беру – тәрбиенің және оќытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оќып үйренген пєндер туралы наќты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді ќалыптастыру және олар арќылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бұл оќушылар алып, меңгеретін білімдердің, ќабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XIX ғасырда білім алу адамның ќалыптасуы ретінде түсінілді. Ќазіргі кезде адамзат баласы жинаќтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам ќаншама ұзаќ уаќыт оќып-үйренсе де, осыншалыќ білімнің бєрін бірдей игере алмас еді.
1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазiргi заманғы ғылыми бiлiм дифференциацияға, оқытудың бөлiну аймағындағы тенденцияға енедi. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән- жалпы педагогика. Ол ірі төрт бөлімнен тұрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика); тәрбие теориясы; білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бөлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бөлініп шықты.
Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескеруге байланысты – жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі, мектеп, жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу, даму, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Мектеп педагогикасы – мектеп оқушыларының білімі және тәрбиесі мәселесімен айналысады. Бұл кезең өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогогика бар. Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс iстеу туралы ілім.
Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы және т.б. жатады.
Әлеуметтiк педагогика өмiр сүру ортасындағы тiршiлiк ететiн тәрбиенi оқытады, бәрiнен бұрын, көмекке зәру және тәуекелге бел буған адамдарға: маскүнемдер балаларына, наркомандарға, қылмескерлерге, жалпы анти әлеуметтiк ортадағы өсiп келе жатқан топтарды тәрбиелеу, оқытумен айналысады. Сонымен қатар арнайы - дефектологиялық педагогика белгілі бір кемістігі бар адамдар тәрбиесімен айналысатын саласы бар. Зағиптардың- көздері көрмейтін адамдармен-тифлопедагогика, есту кемістігі бар адамдармен-сурдопедагогика, ойлау қабілеті төмен адамдармен- олигофренопедагогика және тіл кемістігі бар адамдармен-логопедия айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлi елдердегi бiлiм берудi талдаумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулi адамдардың тәрбиесi сұрақтарына жауап береді. Этнопедагогика- халықтық педагогиканы зерттейтін ғылыми пән. Педагогика тарихы- педагогикалық ойлардың қалыптасып, дамуын қарастырады. Педагогика ғылымының iшкi жүйесi, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтiн жаңа бөлiмдерінің дамуы қазіргі күнде осындай сипатта.
Ғылымның тарихы педагогикалық ойлардың алғашқы түпнұсқалары жалпыфилософиялық iлiмнiң шеңберiнде дамығанына дәлел бола алады. Бiлiм беру мен тәрбиелеу идеялары дiни догматтарда, мемлекет туралы iлiмде, заңдылықтық қисындарда, бұрынғы әдеби шығармаларда өз сипатын берген.
Ғылыми iлiмнiң тереңдеп, кеңеþiне байланысты iс-әрекеттердiң шынайы сипаты, өзiндiк жеке бөлiмдегi педагогиканың безендiрiлген түрi, дифференциациялық ғылымның кезеңi туды. Ары қарай, бiздiң бұрын көргенiмiз сияқты, iшкi ғылыми дифференциация мен көптеген жеке педагогикалық ғылымдардың безендірілуі мен олардың бiлiм беру жүйесi жүрiп жатты. Ақырында, ғылыми кiрiспенiң дәлелдеуі бойынша, ғылыми аралық синтез кезеңi туу үстiнде. Адам мен табиғат туралы ғылыми дамудың жалпы тенденциялары осындай. Енді, педагогиканың ғылыми аралық байланыстары туралы қазiргi заманғы көзқарастарды қарастырайық және оларға қысқаша түрде тоқталып өтейiк.
Iшкi бөлiнулерi мен байланыстары қатарында педагогика басқа ғылымдармен байланысады. Академик Б.М.Кедровтың жiктеуi бойынша, ол медицина мен техникалық бiлiммен бiрге практикалық ғылым тобына кiредi.
Педагогика интегративтiк және практикалық бағдарлық сипатқа ие. Ол басқа ғылымдардың адам, табиғат, қоғам туралы iлiмдерiн өзiнiң пәнi –тәрбиенi оқытуда пайдаланады.
Педагогикаға бәрiнен жақыны психология. Екеуiнiң арасында бiрнеше байланыс жiптерi бар. Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндерi. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға бiлiм беру мақсатты бағытталған (ойлау, iс-әрекет) психикалардың өзгеруi ретiнде болмақ. Ол психологиялық бiлiмдердi меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкiн емес. Екiншi байланыс жiбi екi ғылым – оқытудың критерилерi мен көрсеткiштерi және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар бiлiмiнiң жылдамдық деңгейi жадыларының өзгеруiмен, бiлiм қорларымен, практикалық мақсатта бiлiмдерiн оңтайлы қолдана бiлу арқылы тiркелiнедi.
Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы бiлiмдi бере отырып, педагогиканың әдіснамалық iргесiн құрады. Әлеуметтану педагогикаға әлеуметтiк ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтiк қатынастар туралы iлiм бередi.
Этика мен эстетика өнегелiк және көркемдiк тәрбиенiң негiзiн құра отырып, мораль және табиғаттық эстетика туралы iлiм бередi. Экономика педагогиканы бiлiм беруге әсер ететiн өндiрiстiк, экономикалық процесстер туралы iлiммен сусындандырады. Физиология педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшiн адамның ағзасын, өмiрлiк қамтитын жүйелерiн, жоғары нервтiк әрекеттерiн бiлу қажет.
Кибернетика, күрделi динамикалық жүйелерiмен бiрге басқару теориясы, педагогиканың дамуында үлкен ролü атқарады яғни, педагогикалық жүйелердi басқару үрдiстерi тұрғысынан талданады. Информатика, жинақтау, ақпараттарды өңдеу туралы ғылым, ол да педагогика үшiн өте маңызды. Тiптi ақпаратты әдістер мен педагогикадағы технологияларды оқытатын педагогикалық информатика – атты ғылыми бағыт пайда болды.
Педагогика бұдан да басқа ғылымдармен байланысты. Педагогикалық iлiм пәнаралық сипатқа ие немесе адам педагогикамен қатар, адамның iлiмiне әсер ететiн, аралас ғылымдардың әдістері, теориялары, ақпараттарымен пайдаланып, көптеген ғылымдарды оқиды. Бiрақта педагогика мамандар бiлуге тиіс, өзiнiң пәнi, жүйелiк теориясы, ұғымдары бар жеке дара ғылым.
2 дәріс. Педагогиканың әдіснамалық негіздері- 2 сағат.
Маќсаты: студенттерге педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері туралы мәлімет беру, олардың ғылыми мәдениетін ќалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |