Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
121
берілетін жауаптар үшін қолданылатын
құралдар болып табылады. Басқаша
айтсақ, бұл құралдар мақсатқа
байланысты және мақсатқа пайдалы
болу үшін қалыптастырылған.
Сонымен қатар әрі сандық, әрі
сапалық тәсілдің еншісінде орын алатын
техникалардың да бар екендігін айта
кеткен жөн. Солардың бірі – контент–
анализ. Контент–анализ алғашында
расында сандық тәсілдің бір техникасы
ретінде пайда болды. Уақыт өте келе
контент–анализ көптеген сынға
ұшырады және, бәлкім, осы сындардың
салдарынан да болар, сапалық тәсілдің
ықпалы арқылы шыңдалып, сапалық
категорияларға ие болып, әсіресе, медиа
зерттеулерінде ең көп қолданысқа ие
тәсілге айналды. Сондықтан да қазіргі
таңда контент–анализ сандық және
сапалық зерттеу тәсілдеріне ортақ
болып табылатын анализ болып отыр.
Мақаланың соңындағы кестеден
көретініміздей, контент–анализді
екі негізгі тәсілге де сәйкестендіруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: