Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков

Контент–анализде қолданылатын 
статистика түрлері
Контент–анализде көбінесе сипаттаушы 
(descriptive) статистикалар қолданылады. 
Сипаттаушы статистика, ол іріктемеге 
сүйенетін және іріктеменің негізгі 
ерекшеліктерін баяндайтын бірінші 
деңгейдегі статистикалық анализ болып 
табылады. Орталама статистика, модтық 
статистика, медиялық статистика
максимум құндылық статистикасы 
сияқты статистика түрлері – сипаттаушы 
статистикалардың түрлері. Мысалы, 
әртүрлі фильмдердегі диалогтардың 
орталама уақытының есептелуі, бұлар 
еркектер тарапынан бастау алатын 
диалогтар мен әйелдер тарапынан 
бастау алатын диалогтар делініп
диагоналды түрдегі кесте етіп көрсететін 
статистика сипаттаушы статистика болып 
табылады. 
Контент–анализде тұжырымдамалық 
статистиканың тесттері барынша аз 
қолданылады. Мұның басты себебі, 
контент–анализде ықтималдық емес 
іріктеменің көптеп қолданылуы болып 
табылады. Тұжырымдамалық статистика 
қолданылған кезде көбінесе параметрлік 
емес тесттер қолданысқа түседі 
(Stempel III, 1989). Параметрлік тесттер 
іріктеменің таралуы нормада болған 
жағдайда, яғни қалыпты дисперсиялық 
жағдайда ғана қолданысқа түсе 
алады. Параметрлік емес тесттер 
іріктеме қалыпты дисперсиялық 
жағдайға ие болмаған кезде немесе 
қалыпты дисперсияға ие болмағаны 
белгісіз кезде қолданысқа түседі. 
Параметрлік тесттер параметрлік емес 
тесттерге қарағанда әлдеқайда нақты 
баяндаушылыққа ие. Алайда, кейбір 
сәттерде де болса параметрлік тесттер 
контент–анализдерде қолданысқа 
түсе алады. Көріп отырғанымыздай, 
контент–анализ барысында – әсіресе, 
материалдық және синтаксистік 
бірліктерге анализ жасайтын кезде –
статистика біліктілігіне ие болған жөн.
Жарамдылық, сенімділік және 
кодтау 
Контент–анализ жасалған зерттеуде 
жарамдылық (validity) және сенімділік 
(reliability) мәселелері де қарастырылуы 
тиіс. Жарамдылық өлшеуге болатын 
нәрсенің өлшенуі болып табылады. 
Сенімділік болса, бұрын өлшенген нәрсе 
қайта өлшенген жағдайда бұрынғы 
өлшенген нәрсенің нәтижесінің дәлме–
дәл берілуі болып табылады. Мысалы, 
бір ауырлықты өлшейтін болсақ, мұны 
хронометрмен емес, таразыға тарту 
арқылы жасаймыз, яғни негізділікке 
ие өлшеу үрдісі негізділікке ие аппарат 
арқылы ғана іске асады.
Сенімділік, контент–анализ 
тұрғысынан ең маңызды мәселе болып 
табылады. Контент–анализдің шын 
мәнінде жасалуы анализ бірліктерінің 
алдын ала белгіленген категориялар 
арқылы кодталу жолымен іске асады. 
Сондықтан да кодтау контент–анализдің 
сенімділікке ие болуы тұрғысынан 
өмірлік маңыздылыққа ие. Өзге кодтау 
түрлері қолданылатын болса, бұл кодтау 
түрлері арасындағы үйлесімділікті (inter–
coder reliability) орнықтыру керек. Мұның 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
130
да арнайы жолдары бар. Ал егер бір 
ғана кодтау түрі қолданылатын болса, 
бірнеше айға созылуы мүмкін кодтау 
үрдісінде қолданыстағы кодтау түрінің 
ережелерін бұзбау керек (Wimmer & 
Dominick, 2000). Көріп отырғанымыздай, 
жарамдылық пен сенімділікті дәлелдеу 
және кодтау істері жеке бір мақаланың 
тақырыбы. Сондықтан да бұл мақалада 
тек осы тұстарын ғана айта кеткенді жөн 
көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет