Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков


THE METHOD OF CONTENT ANALYSIS: AN EXAMPLE



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков

THE METHOD OF CONTENT ANALYSIS: AN EXAMPLE 
OF COMMUNICATION AND FILM STUDIES
Abstract
In terms of research methods the social science of Kazakhstan only acquainted with techniques and 
principles which have world values. One of them is the method of content– analysis, which in recent years 
has increasingly applied in studies of Kazakh media space. These researches of content–analysis are still at 
the stage of understanding. Especially this method without problems of research, hypotheses, the study used 
in the selection which not reduced to a single standard or rules, rejection of attention to the content–analysis 
led to the descriptive researches.
In article highlighted features and ways of formation of content–analysis, research questions and 
hypotheses, problems of selection and coding.
Key words:
content–analysis, media research, film studies, digital research, quality problems, method.
Кіріспе 
Соңғы жылдары зерттеу әрі ұғым 
ретіндегі, әрі тәжірибе ретіндегі ең өзекті 
құрал есебінде көзге түсіп келеді. Бұл 
ұғымға қатысты мәліметтерді біз қазір 
күнделікті газеттерде, теледидарда, 
интернетте кез келген бір тақырып 
бойынша сандық ақпараттарды жиі–
жиі көре бастадық. Сонымен қатар бұл 
сандарға қарай отырып, адамдардың 
ұстанымдарын, таңдауларын, себептерін 
түсіндіруді керек ететін пікірталастарға 
шақыруды әдетке айналдырдық. Зерттеу 
мәдениеті сынды жаңа бір ұғымды да 
жиі еститін болдық. Модерн ғылымының 
ошағы болып табылатын Батыстың 
ғылыми тәсілдеме өнімдері де күн өткен 
сайын отандық ғылыми зерттеулерде 
қолданысқа түсе бастады. Бұлардың бірі 
– контент–анализ. 
Коммуникация жүйесінде 
хабарламаның (message) зерттелуіне 
бағытталған ғылыми еңбектерге 
қарайтын болсақ, контент–анализдің 
тәсіл ретінде өте жиі қолданысқа 
түсетінін көруге болады. Контент–
анализ талдау жасаудың тәсілі ретінде 
ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді, 
оның тіпті 18–ғасырдан қолданысқа 
енгізілгенін айтуға болады. Клаус 
Криппендорф (Krippendorff, 1986: 13) 
Швецияда 18–ғасырдың басында 
«Сион жайлы әндер» деп аталатын 
діни әндер кітабындағы әуендердің 
дінге қарсы элементтерінің болып 
болмағанын білу үшін алғаш рет 
контент–анализі техникасының 
қолданылғандығын және әндердің 
сөздеріндегі кейбір діни ұғымдарды 
санап, салыстырмалы талдаулары 
жасалғанын алға тартады. Бұқаралық 
ақпарат құралдарын зерттеген контент–
анализдер 19–ғасырдың аяғына таман 
және 20–ғасырдың басында көзге 
түсе бастайды. Бұл анализдер газет 
мазмұндарының әртүрлі ерекшеліктерін 
табуға бағытталған болатын және олар 
«жалпы газет анализдері» деп аталатын 
(Krippendorff, 1986: 14). 
Газет анализдері сол кезеңдегі 
барлық қоғамдық–әлеуметтік ғылымның 
өкілдері үшін байсалды бір құрал 
ретінде маңызды бола бастаған–ды. Бұл 
маңыздылықтың әсіреленгені соншалық, 
тіпті интерпретативтік қоғамдық–
әлеуметтік ғылымдар көзқарасының 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
119
жақтаушысы Макс Вебердің өзі де 1910 
жылы өткен бір конгресте газеттердің 
жан–жақты қоғамдық зерттеу жасау 
үшін өте жақсы ресурс екендігін және 
олардағы кейбір тақырыптарға бөлінген 
алаңдардың өлшеніп, қоғамдық 
өзгерістердің бұларға әсер етпегенін 
анықтауда маңызды нәтижелер беретінін 
алға тартқан болатын (Deacon жб., 
1999: 116). Газеттер мазмұндарының 
анализі арқылы қоғамдық құбылыстарды 
бақылаудың маңыздылығы қазіргі 
таңда да жалғасып жатыр және олар 
коммуникация зерттеулері жасаған 
ғылыми еңбектерде жиі кездесуде. 
Газеттердің зерттеушілер жұмыстарына 
елеулі жеңілдіктер әкелетінін алға 
тартқан Роберт Бостром (Bostrom, 
1998: 90) мерзімді басылымдарды 
жарияланған барлық материалдарды 
сақтап отыратын мәйітханаға ұқсатады. 
Ал қазіргі таңда бұл «мәйітханаларға» 
интернет арқылы да кіріп тұруға болады. 
Контент–анализ Екінші дүниежүзілік 
соғыс кезеңінде, әсіресе, АҚШ–
та нағыз үлкен белсенділікке ие 
болды. Атап айтқанда, Харолд Д. 
Лассвелл мен оның әріптестерінің 
Конгресс кітапханасындағы Соғыс 
коммуникациясы бөлімінде жасаған 
үгіт–насихат бағытындағы зерттеулері 
контент–анализдің тек ғылымға ғана 
емес, сонымен қатар практиктер үшін 
де пайдалы тәсіл екені жөнінде өзіндік 
көзқарас қалыптасуына себеп болды. 
Конгресс кітапханасындағы Лассвелл 
бастаған топтың аталмыш еңбектері 
соғыс біткеннен кейін ғана жарыққа 
шықты (Lasswell & Leites, 1949). Дәл 
осы жылдары АҚШ–тың коммуникация 
саласы федералдық комиссиясы 
(Federal Communications Commission 
/ FCC) жанынан құрылған «Шетелдік 
басылымдарды барлау қызметі» де 
осыған ұқсас зерттеулер жүргізді. Олар 
дұшпан елдердің радиотаралымын 
тыңдап, кейбір саяси әрекеттерді алдын 
ала болжауға бағытталған тәсілдерді 
қалыптастыруға тырысты (Krippendorff, 
1986: 16). Бұлардың жасаған зерттеулері 
де тек соғыс біткеннен кейін, 1959 жылы 
Александер Л. Джордждың (қрз., George, 
1959a) бастамасымен Propaganda 
Analysis (үгіт–насихат зерттеулері) деген 
атпен жарияланды. Зерттеулер жарыққа 
шыққаннан кейін сапалық және сандық 
зерттеулер жөніндегі пікірталастармен 
бірге контент–анализге байланысты 
әртүрлі тәсілдемелік мәселелер 
де қолға алына бастады. Мысалы, 
Зигфрид Кракауэр (Krakauer, 1952–
1953) мен Джордж (George, 1959b) 
сынды зерттеушілер тек қана сандық 
зерттеулердің үгіт–насихатты түсіну 
үшін жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Бұған 
қарсы шыққан Лассвелл (Lasswell, 1965) 
өзінің «Неліктен сандық болуы тиіс?» 
деген мақаласында контент–анализдің 
сандық тәсіл арқылы жасалуы тиіс екенін 
жеткізіп, табандылық танытты. Қазіргі 
таңда көп адам контент–анализ деген 
кезде оны сандық контент–анализ 
деп қабылдайды. Алайда, олардың 
заманауи контент–анализдің сандық 
және сапалық зерттеу тәсілдерін 
пайдаланып жатқанын көруге болады. 
Бұл мақаланың соңындағы кесте 
де контент–анализдің сандық және 
сапалық тәсілдерінің қарым–қатынасын 
көрсетеді. 
Мақала контент–анализдің 
коммуникация және кинотану 
зерттеулеріндегі орнын анықтауға 
тырысумен қатар, контент–анализдің 
негізгі талаптарын, жасалу жолдарын, 
ғылыми тәсілдермен қарым–
қатынастарын түсіндіруді мақсат етеді. 
Бұл мақсатқа жету үшін алдымен 
қоғамдық–әлеуметтік ғылымдар мен 
сандық және сапалық тәсілдердің 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
120
тарихына қысқаша тоқтап өтіледі. 
Артынша бұл зерттеу тәсілдерінің 
контекстінде контент–анализге 
анықтама беріліп, контент–анализдің 
талаптары мен жасалу жолдары 
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет