Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
119
жақтаушысы Макс Вебердің өзі де 1910
жылы өткен бір конгресте газеттердің
жан–жақты қоғамдық зерттеу жасау
үшін өте
жақсы ресурс екендігін және
олардағы кейбір тақырыптарға бөлінген
алаңдардың өлшеніп, қоғамдық
өзгерістердің бұларға әсер етпегенін
анықтауда маңызды нәтижелер беретінін
алға тартқан болатын (Deacon жб.,
1999: 116). Газеттер мазмұндарының
анализі арқылы қоғамдық құбылыстарды
бақылаудың маңыздылығы қазіргі
таңда да жалғасып жатыр және олар
коммуникация зерттеулері жасаған
ғылыми еңбектерде жиі кездесуде.
Газеттердің зерттеушілер жұмыстарына
елеулі жеңілдіктер әкелетінін алға
тартқан Роберт Бостром (Bostrom,
1998: 90) мерзімді басылымдарды
жарияланған
барлық материалдарды
сақтап отыратын мәйітханаға ұқсатады.
Ал қазіргі таңда бұл «мәйітханаларға»
интернет арқылы да кіріп тұруға болады.
Контент–анализ Екінші дүниежүзілік
соғыс кезеңінде, әсіресе, АҚШ–
та нағыз үлкен белсенділікке ие
болды. Атап айтқанда, Харолд Д.
Лассвелл мен оның әріптестерінің
Конгресс кітапханасындағы Соғыс
коммуникациясы бөлімінде жасаған
үгіт–насихат бағытындағы зерттеулері
контент–анализдің тек ғылымға ғана
емес, сонымен қатар практиктер үшін
де пайдалы тәсіл екені жөнінде өзіндік
көзқарас қалыптасуына себеп болды.
Конгресс кітапханасындағы Лассвелл
бастаған топтың аталмыш еңбектері
соғыс біткеннен кейін ғана жарыққа
шықты (Lasswell & Leites, 1949). Дәл
осы жылдары АҚШ–тың
коммуникация
саласы федералдық комиссиясы
(Federal Communications Commission
/ FCC) жанынан құрылған «Шетелдік
басылымдарды барлау қызметі» де
осыған ұқсас зерттеулер жүргізді. Олар
дұшпан елдердің радиотаралымын
тыңдап, кейбір саяси әрекеттерді алдын
ала болжауға бағытталған тәсілдерді
қалыптастыруға тырысты (Krippendorff,
1986: 16). Бұлардың жасаған зерттеулері
де тек соғыс біткеннен кейін, 1959 жылы
Александер Л. Джордждың (қрз., George,
1959a) бастамасымен Propaganda
Analysis (үгіт–насихат зерттеулері) деген
атпен жарияланды. Зерттеулер жарыққа
шыққаннан кейін сапалық және сандық
зерттеулер жөніндегі пікірталастармен
бірге контент–анализге
байланысты
әртүрлі тәсілдемелік мәселелер
де қолға алына бастады. Мысалы,
Зигфрид Кракауэр (Krakauer, 1952–
1953) мен Джордж (George, 1959b)
сынды зерттеушілер тек қана сандық
зерттеулердің үгіт–насихатты түсіну
үшін жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Бұған
қарсы шыққан Лассвелл (Lasswell, 1965)
өзінің «Неліктен сандық болуы тиіс?»
деген мақаласында контент–анализдің
сандық тәсіл арқылы жасалуы тиіс екенін
жеткізіп, табандылық танытты. Қазіргі
таңда көп адам контент–анализ деген
кезде оны сандық контент–анализ
деп қабылдайды. Алайда, олардың
заманауи контент–анализдің сандық
және сапалық зерттеу тәсілдерін
пайдаланып жатқанын көруге болады.
Бұл мақаланың соңындағы кесте
де контент–анализдің сандық және
сапалық тәсілдерінің қарым–қатынасын
көрсетеді.
Мақала контент–анализдің
коммуникация және кинотану
зерттеулеріндегі
орнын анықтауға
тырысумен қатар, контент–анализдің
негізгі талаптарын, жасалу жолдарын,
ғылыми тәсілдермен қарым–
қатынастарын түсіндіруді мақсат етеді.
Бұл мақсатқа жету үшін алдымен
қоғамдық–әлеуметтік ғылымдар мен
сандық және сапалық тәсілдердің