Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков

Контент–анализ дегеніміз... 
Контент–анализдің беделі артып, тәсіл 
ретінде коммуникация зерттеулеріне 
кіруі Бернард Берелсонның 
(Berelson, 1952) Content Analysis in 
Communication Research (Коммуникация 
зерттеулеріндегі контент–анализ) атты 
атақты кітабының 1952 жылы жарыққа 
шығуынан соң жүзеге асты. Бұл кітап 
арқылы контент–анализ тәсілі, англо–
америка университеттеріне тез арада 
жайылып, коммуникациядан тыс әртүрлі 
салаларда қолданысқа ие болды. 
Мысалы, Гилберт Уинхам (Winham, 
1969), контент–анализдің сыртқы саясат 
зерттеулерінде Екінші дүниежүзілік соғыс 
кезінен кең тарай бастағанын және 1958 
жылы интердисциплинарлық зерттеу 
институты ретінде құрылған Стэнфорд 
университеті Халықаралық қайшылық 
пен интеграция зерттеулері мекемесінде 
тиімді тәсіл ретінде қолданылғандығын 
алға тартады. Роджер Д. Виммер 
және Джозеф Р. Доминик (Wimmer & 
Dominick, 2000) контент–анализдің 
құжаттардың түпнұсқалығының 
анықталуы үшін де қолданысқа ие 
болғанын атап өтеді. Бұл барынша 
өзгеше болып табылатын саладағы 
контент–анализде түпнұсқалығы 
анықталуы тиіс құжаттардағы сөздердің 
саналуын жасап, нәтижелер авторы 
белгілі құжаттардағы сөздердің 
қолдану жиілігімен салыстырылады. 
Харолд Кассариан (Kassarian, 1977) 
болса, контент–анализінің тұтынушы 
зерттеулері үшін де маңызды рөл 
атқаратындығына назар аударады. 
Осыған ұқсас Джон Л. Наккарато мен 
Кимберли А. Нойендоф (Naccarato 
& Neuendof, 1998) та тәсілдемелік 
ұсыныстары арқылы контент–анализдің 
жарнаманың ықпалдылығының 
болжамында қалай қолдануға 
болатындығын көрсетеді. Бұл 
мысалдардан көріп отырғанымыздай, 
АҚШ–та әуел бастан бері басқару 
зерттеулері деп аталатын бір салада 
пайда болып, дамыған контент–анализ 
қазіргі таңда да маңыздылығын жойған 
жоқ. 
Контент–анализдің ең танымал 
анықтамасын Берелсон (1952) жасаған 
еді. Контент–анализдің шектеулерін 
де сызып көрсететін бұл анықтама біз 
үшін тиімді кіріспе болып табылады. 
Берелсон контент–анализге мынадай 
анықтама береді: «Контент–анализ 
коммуникацияның ашық/нақты 
мазмұнының объективті, жүйелі және 
сандық түрде сипатталуына бағытталған 
зерттеу техникасы болып табылады» 
(1952: 18). Бұл анықтамада контент–


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
122
анализдің төменде көрсетілген төрт түрлі 
негізгі элементі алға тартылуда: 
1. Контент–анализ ашық/нақты 
мазмұнмен айналысады. Коммуникация 
үрдісінде хабарламалар ашық/
нақты болатындығы сияқты жабық/
бұлыңғыр да бола алады. Контент–
анализ жіберілген хабарламаның 
алдымен ашық/нақты мазмұнына 
бағытталған анализ тәсілі болып 
табылады. Контент–анализдің жабық/
бұлыңғыр мазмұнды (мағыналарды) 
талдау үшін де қолдануға болатындығын 
немесе Сари Томастың (Thomas, 1994) 
да айтып өткеніндей, ашық/нақты 
мазмұн мен жабық/бұлыңғыр мазмұн 
арасындағы шекараны сызудың оңайға 
соқпайтынын алға тартуға болады. 
Алайда, ең маңыздысы контент–
анализдің позитивтік/эмпирикалық 
зерттеу дәстүріне сүйенетінінде жатыр 
және осыған байланысты сәйкес 
терминология ашық–жабық және 
нақты–бұлыңғыр емес «өлшеуге болатын 
/өлшеуге келмейтін» болып табылады. 
Сондықтан да Берелсонның ашық/
нақты деген ұғымдарынан «өлшеуге 
болатын» мазмұнды ұққанымыз дұрыс 
болады. Сонымен қатар Берелсонның 
анықтамасындағы екі элемент 
(объективті және сандық) те мұны расқа 
шығарып отыр. 
2. Контент–анализ объективті болып 
табылады. Жоғарыда контент–анализдің 
позитивтік/эмпирикалық парадигмаға 
сүйенетінін айтып өткенбіз. Бұл дәстүр 
бойынша ғылым, объективті білім түсінігі 
арқылы негізделеді. Объективтілікті 
субъективтіліктің антонимі деп 
қарастырсақ болады. Алайда, контент–
анализдің объективті болуы сынға 
ұшыраған болатынды. Бұл сындардың 
көбісі кодтауды жасайтын субъектілердің 
(кодтаушылардың) субъектілігі арқылы 
қалыптасатын кемтар объективтілік 
турасында өрбиді.
3. Контент–анализ сандық болып 
табылады. Жоғарыда ашық/нақты 
мазмұн жайында пікір таластырған 
кезімізде «ашық–жабық» немесе 
«нақты–бұлыңғыр» деудің орнына, 
«өлшеуге болатын – өлшеуге келмейтін» 
терминологиясының қолданылуының 
контент–анализ тұрғысынан дұрыс 
болатынын айтқанбыз. Позитивтік/
эмпирикалық зерттеу дәстүрінде 
мазмұнның өлшенуі деген сөз бұл 
мазмұнның ашық/нақты болуы 
деген мағынаға келеді. Сондықтан да 
жабық/бұлыңғыр мазмұн өлшеуге 
келмейтін, өлшене алмайтын немесе 
өлшеуге болмайтын, яғни белгілі емес 
мазмұн болып табылады. Позитивтік/
эмпирикалық дәстүр белгілі, яғни 
өлшене алатын нәрселердің (нысан, 
құбылыс және үрдіс) мазмұнын іздейді. 
Қысқасы, өлшей алмайтын нәрсеңізді 
біле алмайсыз. 
4. Контент–анализ жүйелі болуға 
тәуелді. Зерттеуші бір тәсілден зерттеу 
үрдісінде оған жол көрсетуін қалайды. 
Бұл тұрғыдан қарар болсақ, контент–
анализ жол көрсетуші ерекшелікке ие 
тәсілдердің бірі; контент–анализдің 
қалай жасалатыны және қандай 
жолдардан өтетіні белгілі. Ережелері 
белгілі. Сондықтан да контент–
анализ жүйелі тәсіл болып табылады 
және зерттеушісіне қарай өзгеріске 
ұшырамайтын белгілі бір жолы бар 
тәсіл. Бұл тұрғыдан қарағанда, контент–
анализдің жүйелі болуы оның қайталана 
алатынына да себеп болады. Бір рет 
жасалған контент–анализ дәл сол 
материалдармен басқа зерттеушілер 
арқылы қайтадан жасала алады және 
өлшеуде қате жасалмаса, бұрынғы 
нәтижені табуға болады.
Бұл бөлімде контент–анализдің пайда 
болуы және даму тарихына тоқталып 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
123
өтіп, анықтамасын беруге тырыстық. 
Төменде контент–анализді жасау 
жолдары мен оның негізгі элементтері 
қарастырылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет