Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков
эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, 8.Источники электромагнитного излучения, English File 4th edition Elementary Students book 2019
Іріктеме
Гипотеза(лар)ды қалыптастырғаннан 
кейін дерекқорлардың жиналу кезеңі 
басталады. Өйткені, гипотезалар бұл 
дерекқорлар тарапынан берілген 
мәліметтер арқылы сынаққа түседі. Бір 
тақырыпқа байланысты дерекқорларды 
сол дерекқорлар орналасқан 
кластерден алуға тиіспіз. Мысалы, 
газеттердегі көрнекілік материалдардың 
қолданылуына байланысты 
гипотезамызды қолға алар болсақ, бұл 
гипотезаны сынау үшін (тестке салу 
үшін) дереқорларды барлық газеттердің 
жиынтығы болып табылатын кластерден 
алуымыз керек. Дәл осы тұста «іріктеу» 
(sampling/выборка) деп аталатын үрдіс 
өте маңызды болып табылады. Бұл 
барлық газеттердің жиынтығы болып 
табылатын кластерге ғалам (universe) 
деп қарар болсақ, бұл ғаламдағы барлық 
газеттердің барлық сандарының барлық 
беттеріндегі көрнекілік материалдарын 
зерттеуіміз керек. Мұншалықты орасан 
үлкен дерекқор жиынтығын зерттеу 
өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мұндай 
жағдайды кейбір шектеулерді жасауға 
тиіспіз. 
Мынаны әрдайым есте сақтаған жөн: 
ғылыми зерттеу жұмысының сұрақтары 
қаншалықты шектелсе, соншалықты 
нақты нәтижелер шығады; зерттеліп 
отырған тақырып қаншалықты ауқымды 
болса, зерттеуші зерттеуін тамамдау 
үшін соншалықты қиналатын болады. 
Мысалы, зерттеуімізді 2000–жылдардан 
кейінгі көптеп оқылатын негізгі 
(mainstream) қазақ тілді газеттердегі 
көрнекілік материалдардың қолданысқа 
ие болуымен шектейік делік. Бұл 
дегеніміз – әрі уақыт (2000–жылдардан 
кейінгі), әрі кеңістік (Қазақстандағы 
газеттер), әрі жанрлық (негізгі ағымдағы 
газеттер) тұрғысынан маңызды 
мөлшерде шектеуге ие болды деген 
сөз. Алайда, бәрібір бұл ғалам, яғни 
2000–жылдан кейінгі негізгі ағымдағы 
барлық қазақ тілді газеттердің барлық 
сандарындағы барлық беттеріндегі 
көрнекілік материалдардың қолдану 
тәсілдерін зерттеу біз еңсеріп тастайтын 
көлем емес. 
Ғалам зерттеушінің зерттеуді жасай 
алатын көлемінен әлдеқайда үлкен 
болған жағдайда іріктеме методы 
арқылы жұмыс істеу дұрыс болады. 
Іріктеме арқылы ғаламның өкілдігін 
өз мойнына алатын дерекқорларды 
қалыптастыра алсақ, бұл жағдайда 
өзімізге зерттеу мүмкіншілігін қатайтқан 
боламыз. Іріктеменің ең негізгі 
ерекшелігі оның ғаламның өкілдігін 
жасай алу қабілетінде жатыр. Ал 
іріктеменің өкілдік ерекшелігіне ие болуы 
үшін оны тақырыбымызға байланысты 
ғаламнан алуымыз керек. Мысалы, 
жоғарыдағы гипотезамызды сынауымыз 
үшін 2000–жылдардан кейінгі Ресейде, 
Моңғолияда немесе Қытайда шығатын 
қазақ тілді газеттерден іріктеме 
алар болсақ қателесетін боламыз. 
Сондықтан да жарамдылыққа (validity) ие 
іріктемелерді қолға алуымыз керек. 
Іріктеменің ғаламға өкілдік жасай 
алуы үшін екі негізгі техниканы қолдану 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
126
дәстүрге айналған. Бұлар: 
a) Ықтималдық іріктеме; 
b) Ықтималдық емес іріктеме. 
Ықтималдық іріктеме 
тұжырымдамалық статистиканы 
(inferential statistics / статистика 
вывода) қолдануға мүмкіншілік береді. 
Ықтималдық емес іріктемелер арқылы 
тұжырымдамалық статистика қолдана 
алмаймыз, алайда, іріктеменің бұл 
түрі арқылы жалпыламалар жасауға 
мүмкіншілігіміз бар. Бұл екі негізгі 
іріктеме техникасының өзіндік түрлерінің 
де бар екенін айта кеткен жөн. 
Ықтималдық іріктеме: Ықтималдық 
теориясы бойынша таңдалып 
алынатын іріктеме болып табылады. 
Тұжырымдамалық статистикаға сәйкес 
келеді. Үш түрге бөліп қарастыруға 
болады: 
І. Қарапайым кездейсоқ іріктеме: 
Ғаламдағы барлық бірліктердің 
кездейсоқ түрде іріктелуі. Мысалы 
бұл бірліктерді бір дорбаның ішіне 
қойып жеткілікті мөлшердегі іріктемені 
кездейсоқ түрде таңдап алу. Лотерея 
ойынындағы шариктердің кездейсоқ 
таңдалуына ұқсайды. Алайда, бұл 
техниканы қолдану үшін ғаламымыздағы 
әрбір бірлікке бір нөмір беруіміз керек. 
ІІ. Жүйелі кездейсоқ іріктеме: 
Ғаламның ішіндегі бірліктерді кездейсоқ 
таңдап алған кезде белгілі бір жүйеге 
тәуелді болу. Мысалы күнделікті түрде бір 
жыл ішінде шыққан барлық газеттердің 
5, 10, 15, 20, 25, ж.т.б. сандарын таңдап 
алу және осылайша 365 санның 1/5–ін 
іріктеме ретінде алу болып табылады. 
ІІІ. Қатпарлы (stratifed) іріктеме: 
Ықтималдық принциптері бойынша 
таңдалынып алынған іріктемелер 
кейде зерттеу тұрғысынан маңызды 
болып табылатын материалдардың 
іріктемеге кірмеуіне себеп болуы мүмкін. 
Мысалы, жоғарыдағы гипотезамыз үшін 
таңдалынып алынатын ықтималдық 
іріктемеде газеттің жексенбі күнгі 
саны шықпай қалуы мүмкін. Қалыпты 
жағдайда мұның бір маңыздылығы 
жоқ. Алайда, зерттеуімізде 
күндерге қарай айырмашылықтың 
болатындығы байқалатын болса, 
әсіресе, жексенбі күнгі санында 
көрнекілік материалдардың көптеп 
қолданылатындығы байқалған 
болса мұндай жағдайда әрбір күннің 
іріктемедегі алар орнын 1/7 етіп 
жасауымыз керек. Мұндай жағдайда 
ғаламды аптаның әрбір күні үшін 7 суб–
ғаламға бөліп, бұл әрбір суб–ғаламды 
ықтималдық қағидаттары бойынша 
кездейсоқ іріктеме алып жасаймыз. 
Қатпарлардың қалыптасуы зерттеуіміздің 
мақсатына сәйкес болуы тиіс. Әрбір 
қатпардан таңдалып алынатын іріктеме 
ықтималдық іріктеме ретінде кездейсоқ 
таңдап алынуы тиіс.
Ықтималдық емес іріктеме (Non–
probably sampling) : Бұл іріктеме 
түрінде ықтималдық теориясына 
сүйенбестен зерттеушінің өзі тарапынан 
белгіленетін критерийлер маңызды 
болып табылады. Ықтималдық емес 
іріктемелерден тұжырымдамалық 
статистика қалыптаспайды, тек қана 
қарапайым жалпыламалар пайда 
болады. Ықтималдық емес іріктеме 
көбінесе ғаламдағы бірліктердің дәлме 
дәл санының қаншалықты екендігі 
белгілі болмаған жағдайда қолданылады. 
Ықтималдық емес іріктеменің бес түрі 
бар: 
І. Сәйкес іріктеме: Зерттеушінің 
жеңіл түрде ұласа алатын бірліктерді 
алдыңғы қатарға қою іріктемесі болып 
табылады. Мысалы, бір газеттің қолда 
бар сандарының анализге алынуы. Бұл 
көбінесе сандары мұражайлар мен 
кітапханалардан да табыла бермейтін 
нысандар үшін қолданылады. 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
127
ІІ. Квоталық іріктеме: Қатпарлы 
іріктемеге ұқсайды. Яғни іріктеме 
кіруі тиіс бірліктер үшін арнайы квота 
тағайындалады және әрбір квотаның іші 
ықтималдық емес түрде толтырылады. 
Мысалы, қазақ киносы жайындағы 
бір зерттеу үшін іріктемеде орын 
алуы тиіс болған әрбір режиссер үшін 
арнайы квота ашылады және әрбір 
режиссердің қайсы фильмдерінің қолға 
алынатындығы да ықтималдық емес 
іріктеме бойынша зерттеуші тарапынан 
белгіленеді. 
ІІІ. Жентек қар (снежный ком) 
іріктемесі: Бірліктерін табу қиын болып 
табылатын ғаламдар үшін қолданылады. 
Мысалы, мүше саны аз болып табылатын 
бір қоғамдық–әлеуметтік клубтың 
мүшелерінің арасындағы электрондық 
пошта хабарламаларына бағытталған 
анализ жасайтын болсақ, клубтың біз 
білетін мүшесінен электрондық пошта 
хабарламаларының анализін жасатуға 
рұқсат ететін өзге де клуб мүшелерін 
тауып беруді өтінетін боламыз. 
Табылған мүше жаңа мүшелерді табуға 
көмектеседі. Осылайша іріктеме жентек 
қар сияқты үлкейеді (көбейеді).
ІV. Мақсаттық іріктеме: Іріктеменің 
бұл түрінде зерттеуші өзінің зерттеу 
мақсатына және маңыздылығына қарай 
қайсы бірліктен үлгілер алатындығы 
жайындағы таңдауын жасайды. Алайда, 
зерттеуші таңдау жасаған кезде міндетті 
түрде ғылыми еңбектерге негіздеу керек 
және бұл ғылыми еңбектердегі айтылған 
ойлармен пікірталасқа түсуі керек. 
Мысалы, зерттеуші қазақ киносына 
бағытталған бір зерттеуді жасайтын 
болса және қазақ киносына қай 
фильмдердің өкілдік ететіндігіне зерттеу 
мақсаты бойынша қарар қабылдаған 
болса, мұның себептерін міндетті 
түрде жан–жақты түрде және ғылыми 
еңбектерге сүйене отырып көрсетуі тиіс. 
V. Монографиялық іріктеме: Бұл 
жерде ғаламның барлық бірліктеріне 
өкілдік ететін тек бір ғана бірлік алынып, 
анализге түседі. Таңдап алынған бұл 
бірліктің ғаламға өкілдік ете алуы үшін 
ғаламның ең негізгі ерекшеліктерін 
ие болуы тиіс және бұл таңдаудың 
себептері міндетті түрде ғылыми 
әдебиеттерге сүйене отырып негізделуі 
керек. Бұл жағдайда ғаламдағы барлық 
бірліктерге өкілдік ететін бұл үлгінің ең 
кішкене деталіне дейін зерттелуі тиіс. 
Мысалы, жалпы қазақ киносына өкілдік 
ететін бір Қазақ фильмін алдық делік. 
Зерттеуімізде бұл фильмнің ең негізгі 
деталінен ең кішкене деталіне дейін 
жан–жақты зерттелетін болады.
Жоғарыда ықтималдық емес 
іріктемені жасаған кезде таңдап алынған 
үлгілерді неліктен таңдап алынғандығын 
жан–жақты түрде және ғылыми 
еңбектерге сүйене отырып негізделуі 
керектігін айтып өттік. Контент–
анализде, әсіресе, қай газеттің немесе 
қай теледидар арнасының іріктемеге 
кіретіндігі жайындағы мәселе өзекті 
болып табылады. Көбінесе әртүрлі 
көзқарастарға өкілдік ететін газеттер 
немесе медиа құрылымдары таңдап 
алынады. Сондықтан да көбінесе 
таңдау саяси тұрғыдан солшыл, орта 
және оңшыл көзқарастарға қарай 
жасалады. Алғаш қарағанда логикаға 
сәйкес және жеңіл болып көрінетін бұл 
түрдегі таңдаулар әртүрлі елдер мен 
кезеңдерде маңызды мәселеге айнала 
алады. Мысалы, Қазақстанда қайсы 
медиа құрылымының оңшыл, солшыл 
немесе ортаңғы екендігі белгілі емес. 
Сонымен қатар «этникалық солшыл», 
«діни оңшыл» сынды категориялардың 
да бар екенін ұмытпаған жөн. Оңшылы 
мен солшылының кім екені белгілі емес, 
саяси позицияға мән берілмейтін немесе 
саяси көзқарастардың бір–бірімен 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
128
араласып, сапырылысып жататын 
Қазақстан сияқты елдерде ең дұрысы, 
бәлкім, мемлекеттік, оппозициялық және 
жекеменшік медиа құрылымдарының 
өнімдерін іріктеме етіп таңдап алған 
жөн болар. Сондықтан да бұл таңдаудың 
себептері жан жақты түсіндіріліп, 
ғылыми еңбектер арқылы негізделуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет