Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков

Проблематика 
Ғылыми зерттеу жұмысы белгілі 
бір проблематикадан туындайтын 
мәселелерге жауап беру үшін жасалады. 
Сондықтан да зерттеу мәселесі белгілі 
бір проблематика арқылы ғана 
мағынаға және жарамдылыққа ие 
болады. Бір проблематикамен байланыс 
құрмайтын зерттеу мәселесі ғылыми 
зерттеуге сәйкес келмейді. Сонымен 
бірге әрбір проблематика да белгілі бір 
парадигманың ішінде мағынаға және 
жарамдылыққа ие болады. Олай болса, 
бұл ұғымдар арасында парадигма 
проблематика зерттеу мәселесі деген 
иерархиялық қатынас бар. 
Бұл ұғымдар арасындағы қарым–
қатынасты аша түселік. Алайда, 
бұл жерде бұл қарым–қатынастың 
эпистемологиялық контексіне 
қарамаймыз. Тек қана зерттеу 
мәселелерінің (немесе гипотезалардың) 
проблематика арқылы қалайша 
мағынаға ие болатынын мысалдар 
арқылы түсіндіруге тырысамыз. Сонымен 
қатар проблематиканың және бұған 
сүйенетін зерттеу мәселелері мен 
гипотезалардың бұл проблематикамен 
байланысы бар ғылыми әдебиетке де 
сәйкес болуы тиіс. Ғылыми әдебиет 
дегеніміз тәжірибедегі парадигмалар 
мен проблематикалардың қалыптасқан 
жері болып табылады. Сондықтан 
зерттеуші үшін парадигмалар да, 
проблематикалар да ғылыми әдебиет 
арқылы қалыптасатын, ғылыми 
әдебиеттердің ізінен ілесетін және 
сол арқылы зерттеу мәселелері мен 
гипотезалар туындайтын саналық 
кластерлер болып табылады. Сондықтан 
да зерттеуші міндетті түрде зерттеу 
тақырыбымен байланысы бар ғылыми 
әдебиеттерге баға беріп, олармен 
пікірталасқа түсуі керек; зерттеу 
тақырыбына байланысты теориялармен 
пікірталасқа түсіп, зерттеу мәселелері 
мен гипотезалары ғылыми әдебиетке 
(яғни бұл ғылыми әдебиеттің ортаға 
қойған теорияларына) негізделуі тиіс. 
Зерттеуші зерттеу анализін (reporting) 
жасаған кезде зерттеп отырған 
парадигма мен проблематиканы ғылыми 
әдебиетпен және ғылыми әдебиеттегі 
теориялармен байланыстыра отырып 
сипаттайды. Сондықтан да әрбір зерттеу 
алдымен кең көлемдегі ғылыми әдебиет 
зерттеулері жасай отырып бастау алады; 
теориялық негіз (жиектер) белгіленеді 
және зерттеу мәселесі мен гипотезасы 
тұрғысынан логикалық сәйкестік құруға 
тырысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет