Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков
эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, 8.Источники электромагнитного излучения, English File 4th edition Elementary Students book 2019
Сандық және сапалық зерттеу 
тәсілдері аясындағы қоғамдық–
әлеуметтік ғылымдар
Зерттеу жасаудың мақсаты – нақты 
(болуға жақын) мәліметке ұласу. Ал 
ғылыми зерттеудің мақсаты зерттеудің 
басында алға тартылған мәселеге яғни 
зерттеу проблематикасына жауап бола 
алатын сенімді мәліметке ұласу болып 
табылады. Бұл мәліметке ұласу үшін 
жүріліп өтілетін жолды «тәсіл» дейміз. 
Алайда, тәсіл мәселесі – қоғамдық–
әлеуметтік ғылымдарда пікірталасқа 
толы алаңдардың бірі. Сонда да болса, 
қоғамдық–әлеуметтік ғылымдарда 
қолданысқа түсіп жүрген зерттеу 
тәсілдерінің негіздік тұрғыдан екіге 
бөлінетінін айтуға болады. 
Бұлар: 
1. Жаратылыстану ғылымдарында 
қолданылатын зерттеу тәсілдерін 
қоғамдық–әлеуметтік ғылымдарда 
қолдану керек екендігін алға тартатын; 
сондықтан да позитивтік доктринаға 
сүйенетін; қоғамдық құбылыстар 
арасындағы себеп–салдар байланысын 
түсіндіруді мақсат ететін; гипотезаны 
бағалауға немесе анализ жасауға 
ұмтылатын; қоғамдық құбылыстың 
жалпысы жайында мәліметтерді 
қалыптастыру үшін бұл құбылысты 
бөлшектерге бөліп қарастыратын, 
деректерді санға айналдырып анализ 
жасайтын және шыққан нәтижелерді 
жалпылауға бейім боп тұратын сандық 
зерттеу тәсілдері.
2. Қоғамдық–әлеуметтік 
ғылымдардың жаратылыстану 
ғылымдарында қолданылатын 
тәсілдерден бөлек, өзіне тән тәсілі 
болуы керек екендігін жақтайтын; 
интерпретативтік ұстанымға сүйенетін; 
қоғамдық құбылыстарды бөлшектерге 
бөлместен, өзара байланыстары мен 
контекстері аясында жалпы ретінде 
түсінуді және терең түсіну дәрежесіне 
ұласуды мақсат ететін; деректерді 
сандық көрсеткіштерге баламайтын; 
шыққан нәтижелердің жалпыға ортақ 
екендігін алға тартпауға тырысатын 
сапалық зерттеу тәсілдері.
Бұл екі тәсіл, сүйенетін негізгі 
болжамдары, зерттеу үрдісіндегі 
зерттеушінің рөлі, зерттеу үрдісінің 
икемділігі, қолданылатын дерек 
жинау және деректерді анализ 
жасау техникалары тұрғысынан бір–
бірінен өте көп айырмашылыққа ие. 
Сондықтан да бұл тәсілдердің тек 
өздеріне тән зерттеу техникалары 
мен құралдары бар. Мысалы, survey, 
анкета жасау, эксперименттік немесе 
жартылай эксперименттік техникалар 
тәрізді техникалар сандық тәсілдің 
қарамағындағы техникалар болса, 
сапалық тәсілдің зерттеу техникалары 
арасында тереңдетілген сұхбат, іштен 
бақылау (Participant observation / 
включенное наблюдение), дискурс 
анализ, сыни дискурс анализ сияқты 
техникалар мен әдістер орын алады. 
Бұл техникалар мен әдіс–тәсілдер, 
эксперименттік, реалистік, позитивтік 
және бұларға қарсы шығатын 
интерпретативтік, идеалистік
феноменологиялық секілді белгілі 
бір парадигманың немесе жоғарыда 
айтылып өтілген екі түрлі негізгі 
тәсілдің қоғамдық дүниені қалайша 
тұжырымдауға болады, қалайша 
зерттеуге болады және бұлардың 
нәтижесінде қалайша жалпы талдаулар 
жасай аламыз деген мәлімдемелеріне 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
121
берілетін жауаптар үшін қолданылатын 
құралдар болып табылады. Басқаша 
айтсақ, бұл құралдар мақсатқа 
байланысты және мақсатқа пайдалы 
болу үшін қалыптастырылған.
Сонымен қатар әрі сандық, әрі 
сапалық тәсілдің еншісінде орын алатын 
техникалардың да бар екендігін айта 
кеткен жөн. Солардың бірі – контент–
анализ. Контент–анализ алғашында 
расында сандық тәсілдің бір техникасы 
ретінде пайда болды. Уақыт өте келе 
контент–анализ көптеген сынға 
ұшырады және, бәлкім, осы сындардың 
салдарынан да болар, сапалық тәсілдің 
ықпалы арқылы шыңдалып, сапалық 
категорияларға ие болып, әсіресе, медиа 
зерттеулерінде ең көп қолданысқа ие 
тәсілге айналды. Сондықтан да қазіргі 
таңда контент–анализ сандық және 
сапалық зерттеу тәсілдеріне ортақ 
болып табылатын анализ болып отыр. 
Мақаланың соңындағы кестеден 
көретініміздей, контент–анализді 
екі негізгі тәсілге де сәйкестендіруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет