Әйел адамдардың овуляция кезеңінің басталу уақыты тұрақты болып табылады, тек әркімдікі 1-2 күнге ерекшеленуі мүмкін, дегенмен, әрбір әйел адам үшін овуляция кезеңінің басталуының өзіндік ерекшелігі болады. Сол себептен физиологиялық контрацепция әдістерін қолданбас бұрын овуляцияның басталу күнін шамалап анықтап алу қажет. Бүгінгі күні овуляцияның басталу мерзімін анықтаудың бірнеше әдісі бар. Кейбір әдістер дәрігер арқылы жүзеге асырылады, басқа әдістерді әйел адамдар өздігінен қолдана алады.