1. Кестенің оң жақ бөлігінде берілген сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
А. Егер ересек адамдарда гипофиз өсу гормонын көптеп бөлсе,олар ... деп аталатын ауруға шалдығады.
В. Гипофиздің ортаңғы бөлігі ... гормонын бөледі.
С. Егер адамның бала кезінде қалқанша безінің қызметі нашар болса,онда оның ақыл - ойы өспейді, денесі дұрыс қалыптаспайды, мұндай кемістікті ... дейді.
D. Гипофиздің артқы бөлігі ... гормонын бөледі. E. Ересек адамда қалқанша безінің қызметі мөлшерден жоғары болса,... ауруы пайда болады.
F. Қалқанша безінің жұмысы жеткіліксіз болса, ... ауруы пайда болады.