Координаталардың әлемдік жүйесі Абсолютті және салыстырмалы координаталар Орындаған: Қайратұлы Б. Икт, оп-613 Тексерген: Зенкович К. У. Семей 2018ж


) Абсолютті және салыстырмалы координаталар



бет10/11
Дата01.01.2022
өлшемі21,56 Kb.
#107696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1bc25ea7-13db-11e8-9f75-bcaec5508c5bКоординаттар
1bc25ea7-13db-11e8-9f75-bcaec5508c5bКоординаттар
2) Абсолютті және салыстырмалы координаталар

Екіөлшемді кеңістікте нүктелер X Y жазықтығында беріледі.

Олар декарттық та, полярлық та нысанда енгізіле береді. Екі жағдайда да координаталар абсолютті де, салыстырмалы да түрде беруге болады.

Абсолюттік координаталар координаталар басынан,салыстырмалы координаталар соңғы нүктеден салынады.

Абсолюттік декарттық координаталарды беру X и Y –тің дәл мәндерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Нүкте координаталарын енгізу үшін, команда таңдалғаннан кейін, пернетақтадан X осі бойынша координатаны теріп, үтір арқылы Y осі бойынша координатаны тереміз. Мысалы, А нүктесінің абсолютті координатасын сурет 3.5 - те көрсетілгендей етіп беру үшін, пернетақтадан 150,90 мәнін теріп, осы мәндерді бағдарламаға енгізу үшін Enter пернесін басамыз.

Салыстырмалы декарттық координаталар – соңғы енгізілген нүкте координаталарына қатысты X және Y осьтері бойынша координаталар өсімі. Салыстырмалы координаталар мәні абсолюттік координаларды енгізу тәртібімен орындалады, бірақ жазудың алдында @ белгісі қойылады. Мысалы, @90,90 дегеніміз, жаңа В нүктесі соңғы А нүктесіне байланысты, Х осі бойынша 90, Y – осі бойынша 90 бірлікке жылжығанын көрсетеді (сурет 3.5).

Декарттық координаталар секілді полярлық координаталар да абсолюттік және салыстырмалық болуы мүмкін.

Нүктенің абсолюттік полярлық координаталары ағымдағы декрттық координаталар жүйесінің басынан қарастырылатын нүктеге дейін өлшенетін радиус және Х осімен осы радиус арасындағы бұрышы арқылы анықталады. Радиус және бұрыш мәндері арасына ашылатын бұрыштық жақша түріндегі (<) белгі қойылады. Мысалы, 5<30 жазуы жаңа нүкте ұқзындағы 5-ке тең Х осіне 300 көлбеулеген (сурет 3.6) радиуста орналасқандғын білдіреді.

Салыстырмалы полярлық координаталар, сонымен қатар, радиус және Х осіне көлбеу бұрышының өсімі ретінде де берілуі мүмкін. Олар декарттық координаталар секілді @белгісімен жазылады. Мысалы, @6<-60 жазуы жаңа нүкте соңғы нүктеден Хосіне 60°- бұрышпен көлбеген, 6-ға тең радиуста орналасқандығын білдіреді (сурет 3.7).

Полярлық ілесу – полярлық координаталар жағдайында тінтуір көрсеткішінің қозғалысы шектелмейді, сондықтан ортогональ сызықтар салудың Orto (Орто) режимі өшіп тұруы керек, ал оның орнына команда жолында полярлық ілесу Polar (Поляр) режимі қосылып тұруы керек.

Бұрыштарды реттеу Tools (Инструменты-Инструменттер)  Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) менюінен шақырылатын, Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) сұхбаттық терезесінің Polar Tracking (Отслеживание-ілесу) бетінде (сурет 3.8) орындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет