«координаталарды есептеу ведомосі» (тұйықталмаған теодолиттік жүріс)


КІРІСПЕ Бұл жұмысты орындау үшін келесі құжаттар қажет



бет2/4
Дата29.06.2023
өлшемі444,21 Kb.
#179242
1   2   3   4
Байланысты:
Тау-кен қазбаларына горизонталь және вертикаль жазықтықтарда бағыт беру жұмыстары [Автосохраненный]

Мақсаты

КІРІСПЕ

Бұл жұмысты орындау үшін келесі құжаттар қажет:

- қазбаның жобасы;

- құрылысы біткен барлық қазбалар кескінделген қабаттың маркшейдерлік планы; - қабаттағы маркшейдерлік пункттердің координаталарының каталогы. Қабаттың үлкен масштабта (шамамен 1:100, 1:200) дайындалған маркшейдерлік жоспарына қарындашпен жобаланған жаңа қазбаны кескіндейді де , оның жерастындағы құрылысына қажет мәліметтерді дайындайды, яғни: 1) қазбаның басталатын жерін анықтайды; 2) қазбаның басталатын жерінен бағытын анықтайды; 3) дайындалған мәліметтерді пайдаланып, жерастында бөлу жұмыстарын орындап, қазбаға бағыт береді.

ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНА ГОРИЗОНТАЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТА БАҒЫТ БЕРУ

  • Жер асты қазбаларына бағытты горизонталь жазықтықтарда беруде, қазбаның жобадағы элементтерін (түзу сызықты учаскелері, бұрылыстары) жер астындағы орынына көшіру және бөлумен орындалады. Бұл элементтердің мөлшерлері жобада көрсетіледі немесе оларды маркшейдер өзі есептейді. Қазбаның бағыты, көбінесе өндірістік жағдайларға, тау жыныстарының, пайдалы кен қабаттарының орналасу элементтеріне және олардың ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
  • Жер асты қазбаларына бағыт беру жарық сәуле шығарып тұратын тіктеуіштер арқылы жүзеге асырылады. Жарық тіктеуіштерді берілген бағыт створына іледі және ол 60-70 м дейін жерге бағыт көрсетіп тұрады. Кейінгі кезде жер асты қазбаларына, метро құрылысында бағыт беру лазерлік аспаптар арқылы жүзеге асырылуда.

ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНА ГОРИЗОНТАЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТА БАҒЫТ БЕРУ

  • Кейде қазбаны табиғи ориентирмен (кен қабатының табаны, немесе төбесі) жүргізеді. Оларды «бағыттауыш» деп атайды. Бағыттауыштың болуы қазбаға бағыт беруді әжептеуір жеңілдетеді. Бағытты горизонталь жазықтықтарда беруде бағытты белгілеп және бекітіп қою үшін қазба бірнеше метрге дейін жүргізілуі керек. Біріншіден, ол бағыт бойынша тіктеуіштерді ілу үшін,екіншіден – қопару кезінде белгіленген нүктелер қозғалып кетпес үшін қажет. Берілген бағыт, бір-бірінен 1 м-ден 3 м дейінгі аралықта маркшейдерлік белгілер арқылы бекітіледі. Бекітілген нүктелерден түсірілген тіктеуіштер жармалық сызықты құрайды және кеншілер оны забойды бағдарлау үшін пайдаланады. Забой ілгері жүрген сайын тиісті тексеру өлшеулері арқылы бағытты созып отырады. Егер жоба бойынша кен қазбасының бағыты өзгеретін болса, онда қазбаның бұрылатын әрбір нүктесінде жаңа бағыт беріліп отырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет