«координаталарды есептеу ведомосі» (тұйықталмаған теодолиттік жүріс)


ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНА ВЕРТИКАЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТА БАҒЫТ БЕРУ



бет4/4
Дата29.06.2023
өлшемі444,21 Kb.
#179242
1   2   3   4
Байланысты:
Тау-кен қазбаларына горизонталь және вертикаль жазықтықтарда бағыт беру жұмыстары [Автосохраненный]

ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНА ВЕРТИКАЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТА БАҒЫТ БЕРУ

  • Тау-кен қазбасының ылдилығына немесе көлбеу бұрышына байланысты, вертикаль жазықта бағыт беруде әртүрлі тәсілдер қолданылады.
  • Көлбеу бұрышы 5ᵒ -6ᵒ дейінгі (i=±0,1) қазбаларда вертикаль жазықтықта бағыт беру нивелир, деңгейлері бар қалып, ватерпас және жарық сәулелі және т.б. аспаптар арқылы жүзеге асырылады.Бағыт беруде нивелирді қолданғанда қазбаға , аралары 1-1,5 м қабырғалық (бүйірлік) реперлер орнатылады. Мысалы, вертикаль жазықтықта бағыт беру үшін рельстің басынан биіктігі d жерден қазба қабырғасына R репері орнатылады.

Оның абсолют биіктігі нивелирлеу арқылы анықталады және ондағы рейкадан а- есебі алынады. Одан кейін R реперінен 5-6 м қашықтықта қазба қабырғасына А нүктесі белгіленеді. R реперіндегі тұрған рейкамен А нүктесі арасындағы арақашықтық өлшеп, берілген көлбеулік бойынша биіктік өсімшесін h= есептейді. Содан кейін А нүктесінен төмен қарай a+h шамасы салынып, R репердің орны анықталады және реперлерінің арасына жіп керіп қойсақ, онда ол жіптің рельстен биіктігі біркелкі болады, яғни жобадағы көлбеулік сақталады.Осылайша қазба қабырғасына бекітілген R және R жармасы берілген көлбеулікті көрсетеді.

  • Оның абсолют биіктігі нивелирлеу арқылы анықталады және ондағы рейкадан а- есебі алынады. Одан кейін R реперінен 5-6 м қашықтықта қазба қабырғасына А нүктесі белгіленеді. R реперіндегі тұрған рейкамен А нүктесі арасындағы арақашықтық өлшеп, берілген көлбеулік бойынша биіктік өсімшесін h= есептейді. Содан кейін А нүктесінен төмен қарай a+h шамасы салынып, R репердің орны анықталады және реперлерінің арасына жіп керіп қойсақ, онда ол жіптің рельстен биіктігі біркелкі болады, яғни жобадағы көлбеулік сақталады.Осылайша қазба қабырғасына бекітілген R және R жармасы берілген көлбеулікті көрсетеді.

Көлбеу бұрыштары 6ᵒ-тан жоғары кен қазбаларын жүргізуде теодолит қолданылады. Теодолит арқылы бағыт беруде, оны белгілі маркшейдерлік нүктеге орнатып, вертикаль дөңгелегіне жобадағы қазбаның көлбеу бұрышы қойылады. Одан кейін көздеу сәулесінің жармасына тіктеуіштер іліп, олардың сәулемен қиылысқан нүктелері белгіленеді.

  • Көлбеу бұрыштары 6ᵒ-тан жоғары кен қазбаларын жүргізуде теодолит қолданылады. Теодолит арқылы бағыт беруде, оны белгілі маркшейдерлік нүктеге орнатып, вертикаль дөңгелегіне жобадағы қазбаның көлбеу бұрышы қойылады. Одан кейін көздеу сәулесінің жармасына тіктеуіштер іліп, олардың сәулемен қиылысқан нүктелері белгіленеді.

 3-сурет. Вертикаль жазықтықта теодолит арқылы бағыт беру

ҚОРЫТЫНДЫ

Жер асты қазбаларында жобада көрсетілген, кеңістікте орналасу тәртібі қатаң сақталынуы керек. Әртүрлі қателік көздерінен сақтану үшін маркшейдер түсірім нәтижелерін жобадағы шамалармен салыстырып отырады. Жобадан ауытқулар шектік шамалардан аспауы керек, ал асып кеткен жағдайда шұғыл шаралар қолданылады да, ол жерге түзетулер енгізілуін маркшейдер бұл жұмысқа жауапты қызметкерлерден талап етеді.

«Тау-кен қазбаларына горизонталь және вертикаль жазықтықтарда бағыт беру жұмыстары» аяқталды!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет