Өлеңде айтылып жатқан ақын толғанысы дәл біздің ғасырда өмір сүріп жатқан жастарға айтылған десек те артық етпес. Дамыған заманда, руханиятымызды шетке ысырып, ойын-сауыққа еліктеген жастарға білдерген ақын өкініші өте орынды деп білемін. Елім,жерім деп қасық қаны қалғанша қорғап кеткен ата-баба аманатын дұрыс сақтап жүрміз бе? Деген сұрақ әрбір жас буынның көкейінде жүруі тиіс. Аманатты былай ысырып қоя тұрсақ, рухани дамудан да қалып бара жатырмыз. Бұл өлең кезінде Мағжан атам халқымызды ұйқыдан оятам деп жазған өлеңіне де ұқсас келетін тәрізді. Жастарға айтып кеткен өсиетті оқи отырып, келешекке деген көзқарасты тура жолға салып, ұлт мақтанышы болуға тырысайық!