КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Искакова Асель Бериковна,
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
«МДШО бар № 9 орта мектеп» КММ, Талдықорған, Қазақстан
Атадан балаға мұра болып келе жатқан бұйымның бірі — БЕСІК. Көп жылдар бойы «ескіліктің қалдығы» саналып келген бесікті қазіргі жастар біле де бермейді. Меніңше, қасиетті бесіктің қадірін білмей, ескіліктің қалдығы деп үрке қарау — білімсіздік пен мәдениетсіздік. Бесікті зиянды деп жүрген педиатрлардың оның қандай мүлік екендігінен және баланы оған қалай бөлеу керектігінен хабары жоқ. Олардың ұғымы бесікке бөлеген бала үнемі аяқ-қолы таңулы жатқандықтан аз қимылдайды, соның салдарынан нәзік және аурушаң болып өседіге саяды. Ал шындығына келетін болсақ, бесік деген - сәби үшін де, оның шешесі үшін де өте тиімді. Бесіктегі бала, біріншіден, таза өседі, екіншіден, асты құрғақ баланың ұйқысы да тыныш болып, анасының мазасын көп алмайды, үшіңшіден, бесікте күн ұзақ құндақтаулы жатқан балаға салқында тимейді, көп ауырмайды. Төртіншіден, көп уақытын бесікте өткізетін бала сырт көзден тыс болады, яғни сәбидің тіл-көзден аулақ болуына септігін тигізеді. Бесіншіден, дүниеге келген сәттен бастап, құндақта жатқан баланың денесі тіп-тік, аяғы түп-түзу болып өсетіні барша жұртқа аян. «Нәресте ұйқымен өседі» демекші, нәрестенің тыныш ұйықтауына бесіктен артық жайлы орын жоқ. Алтыншыдан, бесік белгілі бір ырғақпен тербетіледі, олай болса жүйкені бір қалыпқа түсіріп, мінезінің сабырлы болуына және ана әлдиін тыңдаған бала қайырымды, ұлттық қасиет дари өсері сөзсіз. Бесік — баланың денсаулығына, тәлім-тәрбиесіне, ми қыртыстары қызметінің жақсаруына нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне гигиеналық жағынан алып қарағанда өте пайдалы ата-бабамыздан қалған қасиетті де киелі бұйым [2]. Ата-бабамыздың даналығы сол, бесікте жатқан баланың жамбас тұсына «жылы болсын» деп қой терісінің кішкентай бір бөлігін төсеген, ал қазіргі кездегі Израйльдің дәрігер-ғалымдары АҚШ-тан әдейі алдыртып қолданатын шала туған балаларға арналған кювездердің астына қой терісін төсеуі де осы мақсатты көздеген.. Оның қасиетін бағалаған ұста саудаласпай, алушы не берсе, соны риясыз көңілмен ала берген. Бесік ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұра болғандықтан, өз баласының бесігін сұраған адамға ұстата да салмаған. Бесік ұрпақ жалғасуының белгісі ретінде ұрпағының дүниеге келуін күтіп, киелі бұйым ретінде қастерленіп, киіз үйдің төрінде ілулі тұратын атадан балаға мұра болып келе жатырған нәресте жиһазы.
БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Бел ағаш, арқалық, арыс. Бесіктің арқалығы үстіне жапқан көрпенібаланың бетіне түсірмеуге, бесікті тербету әр түрлі сылдырмақ, ойыншық, тұмарша, үкі тағуға қолайлы. Нәресте оянған кезде екі қолын босатып қояды. Сонда ол сол ойыншықтармен ойнап жатады.
2,3. Алдыңғы бас, артқы бас немесе бөген. Жас талдан немесе қайыңнан иіп жасалынады.
4. Сирағы-төрт бұрышты немесе дөңгелектеп оюлап, тал, қайың немесе қарағайдан жасауға болады.
5. Жақтау. Екі басын қосып түрады.
6. Сабау. Баулардың ұшын тігіп қояды.
7. Шыбық.
8. Тақтай. Ортасын түбек орнататын жерін тесіп қояды.
9. Жорға (табан) табаны дұрыс тербетілуі үшін дөңестеу болып келеді.
10. Түбек үлкен дәрет үшін. Қазақтар киізден жасап орталап күл салып қойған.
11. Шүмек (кіші дәрет үшін) қойдың асық жілігінен жасаған.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді [3]. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып кояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсеніңөзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бүйымдар, жабылады. Тон, шапан жабу — ержеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген жабу — ат ұстайтын азамат болуын тілеу, кебенек, қамшы жабу — ел-қорғайтын батыр болсын деген тілек [3].
Бесікті халық шеберлері өз қалауынша сәндеп жасаған. Бесіктің түрлері
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу течнологиясын оқыту әдістемесіне сүйенсек, еңбекке баулу сабағының алғашқы күндерінен бастап оқушылар дәлдікке, есептеу және өлшеу дағдыларын, қарапайым нәрселерді құрастырудан біртіндеп күрделі конструкторлық-техникалық іскерлікті меңгеруге дағдыланады. Қазіргі жаңа бағдарламада конструкторлық-техникалық іскерлікті дамытуды бірінші сыныптан бастап жүргізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар сызбамен жұмыс істеуден бұрын сызбада берілген бүктеу, кесу, жалғау сияқты шартты белгілерді оқи білуді үйрене отырып жұмыс істеуге дағдыланады [4]. Қағаз бен картоннан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық нәрселер жасауға болады. Қағаз және картонмен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді. Бастауыш сыныптың үшінші сыныбынан бастап циркулмен жұмыстар орындап шеңберлерді бірнеше бөліктерге бөледі. Төртінші сыныпта осы өтілген әдіс-тәсілдерді қайталай отырып жұмыстанады. Оқушылар өзгеде халықтардың үлгі жұмыстарын орындаумен қатар өз халқының, яғыни қазақтың ұлттық сәндік бұйымдарын, соның ішінде үлкен қасиеті мен мағынасын, оның болашағын медицинамен байланыстыра отырып насихаттау, бесік малетін оқушылардың өз қолдарынан орындап шығармашылық бағытта түрлі дизайн қолдануына жол беру.
Балалардың алдына мақсат қою және сабақтың тапсырмасы: а) істелетін жұмыстың қажеттілігі мен маңызын түсіндіру; ә) белгіленген жұмысты ойдағыдай орындау үшін қандай іскерлік пен дағдылар керектігін түсіндіру.
Жұмыс орнын дайындау: жабдықтар, материалдар, үлгілер, тақтаға сызылған сызба және т.б. жұмысты ұйымдасқан түрде орындауға қажетті ережелерді балалардың естеріне салу.
Орындалған еңбек қимылдарын алдын ала жоспарлау: а) үлгіні таңдау: бөлшектер саны, қажетті материалдар, берілген өлшемдер; ә) сызбаны оқи білу. Бұйымның сызбадағы бейнесін және оның бөлшектерін, жұмыс сызықтарын таба білуге дағдылану, жұмыс қимылының алдымен қайсысын, қандай құралмен орындау керектігіне дағдылану, бірінен кейін бірі орындалатын жұмыс қимылдарын анықтай білуге үйрену.
Сызбадағы берілген өлшемді материалға көшіру. Балалар белгілеу тәртібін мұғалімнің айтуы бойынша немесе ол сызған кезде мұғаліммен бірге орындауы керек.
Белгілеу бойынша орындалатын жұмыстар. Бөлшектерді дайындау, оларды қиыстыру, құрау, бұйымды және бөлшектерді өңдеу кезінде қажет болатын біліктер мен дағдыларды меңгеру.
Бұйымның жұмыс кезіндегі қалпын тексеру.
Сабақты қорытындылау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс. Автореф Қарағанды 2004.
2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. «Мектеп» 1978ж.
3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. 2004, №10
4. Дәулет kz журналы №4,2013.
Достарыңызбен бөлісу: |