Жусан – дәмі ащы, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.
Өркеш – түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.
Жабағы деп жылқының бір түрін айтады.
Бақташы деп мал бағатын адамдарды айтамыз.
Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар.
Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?
Жылқы не айтты?
Түйе не деді?
Сиыр несімен мақтанды?
Қой өзінің қандай пайдасы бар екенін айтты?
Ит не деді?
Тауық өзін қалай айтып жеткізді?
Тышқан қандай қулық жасады?
Түйе неге сенді?
Жылды бірінші болып не көрді?
Сергіту сәті:(саусақтармен орындайды) Саусақтарым, бірбірімен амандасайық, Саусақтардан гүл ашайық.
Саусақтарды ашыпжұмып,
Аә, гғ, үұ, нң, кқ, оө дыбыстарын дұрыс айтайық.