Өткен ҰОҚ-де алған білім
Үлкендерге көмек көрсету, қамқор болу.
Жақсылық жасаған адамдарға рақмет айту.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 1–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызады.
Біз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжуді білмейміз.
(Т ) Әңгімелесу.
Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Автобуспен қайда бардыңдар?
Қандай оқиғаларға кезіктіңдер?
Көптілділік: автобус – автобус – bus
Интерактивті тақтадан слайд
III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
Ә. Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен таныстыру. Әңгімені педагог мәнерлеп оқиды.
Педагог «кішіпейілділік» сөзіне түсінік береді. Кішіпейілділік – қамқорлық, үлкенді сыйлау, орын беру.
Талқылау:
Әңгіме ұнады ма?
Әңгіме не туралы жазылған?
Автобуста үлкен кісіге кім орын береді?
«Сен де солардай бол» сөзін қалай түсінесің?
Сендер қалай істер едіңдер?
Жақсылық жасаған адамға қандай сөз айту керек?
Сергіту сәті:
Қызыл көзін ашқанда, Сынақ сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба!
Достарыңызбен бөлісу: |