«КӨркем негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ашық баяндама «білім беру жүйесінің дамуы және жағдайы»



бет5/5
Дата01.08.2017
өлшемі0,74 Mb.
#22467
1   2   3   4   5

Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

29

Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ



Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .

Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен - жүрекке»



II . Психологтың кіріспе сөзі.

5- сынып дегеніміз не ?

Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.

4 сынып – бір мұғалім, бір кабинет, санаулы пәндер

5 сынып - сынып жетекші, әртүрлі кабинет, әртүрлі пәндер

Оқушыларға сұрақтар:


- 5 сынып дегеніміз не ?

- 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

- 5 сыныптан не күтесіз ?

- Мен бастауыш түлегі болғандықтан ...

- 5 сыныпта мұғалім маған ...

Қатысушылар саны:3 қыздар:3 ; ұлдар:0

Қолданылған құралдар: Қалам, түрлі-түсті қарындаш, кестелер, маркерлер.Зерттеу ережелерімен оқушыларды толық таныстырылды.Оқушыларға ақ қағаз таратылды. Зерттеудің мақсаты: Балалардың жұмыс істеуде зейіннің мөлшері, тұрақтылығы, шаршауын анықтау.

30

Тәжербиені жүргізу үшін сандар бейнеленген кесте қолданылды.Онда 1-ден 25-ке дейін сандар ретсіз орналасқан.Секундомермен уақыт саналды.



№12. 3- сынып сынып оқушыларымен «Маған ұнайтын мамандық» тақырыбында сурет салынды. «Баланы ата-ана тәрбиелейді, ата- ананы кім тәрбиелейді?» атты тақырыпта даярлық тобының ата- аналарынан сауалнама алынып қорытындысы сол жерде айтылып кеңестер берілді соңында психологиялық тренингтер ойнатылды.

№13.


Эксперимент хаттамасы

Күні : 08.09.2014ж

Зерттеушілер: 1 сынып оқушылары

Мектеп психологы: Муканова Р.Ж

Тақырып атауы:

Керн-Иирасектің тестісі

Эксперимент мақсаты: Керн – Ийрасик тестісі арқылы баланың мектепке деген психологиялық дайындығын, оның қабілетін, әлеуметтік даму деңгейін, ойлау қабілетін дамыту.

Тест үш тапсырмадан тұрады;

1. Ер адамның суретін салу

2. Үш сөзден тұратын қысқа сөйлемді көшіріп жазу (ол нан жеді)

3. Көп нүктелер суретін көшіріп салу.

Құрал жабдықтар: әдістеме бланкісі, қалам.

Зерттеушілердің көңіл-күйі: қалыпты, алдын-ала дайындалған.

Зерттеушіге нұсқаулар:

1.Ұйымдастыру кезеңі /құрал жабдықтар әзірлеуге дайындық, не істеу керек екендігін түсіндіру/

2. Талаптар қою / тыныштық сақтау, әр оқушының өзбетімен орындауын қадағалау /

Сапалық талдау:

Алынған нәтижені өңдеу барысында төмендегідей көрсеткіштер алынды.

1. Алпысбаев Айзат 4 бал өте жоғары

2. Габбасова Аружан 3 бал өте жоғары



3. Рахметова Сымбат 4 бал өте жоғары

5.3. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Әдістемелік бірлестік құрамында төрт бастауыш сынып және жеті пән мұғалімдері жұмыс істеді. Сапалық құрамы: жоғарғы санатпен-1, І санатпен- 6, ІІ санатпен – екі, санатсыз- 2 мұғалім. Соның ішінде 9 мұғалімнің жоғары білімі бар, 2 мұғалімнің арнаулы орта білімдері бар ( екі мұғалім сырттай жоғарғы білім алуда). Педагогикалық өтілі 3 жылға дейін- 1 адам, 9 жылдан 2 адам ,15 жылдан жоғары -2 адам,20жылдан -2 адам ,30жылдан жоғары- 4 мұғалім.Оқу бағдарламалары және 1-9 сыныптарда бақылау жұмыстарының мөлшері бағдарламаға сай орындалды.

31

Жалпы мектеп бойынша былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың үлгерімі жоғарылады (100%), ал сапасы 64 %

Жыл бойы әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары және жалпы мектеп оқу-тәрбие жұмысының жоспары бойынша мұғалімдердің мамандық шеберлігін көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп отырды.

Облыстық мұғалімдер дайындау курсына барлық мұғалімдер «12 жылдық» атты курсында өз білімін көтерді. Пән мұғалімдері түрлі мектеп және аудандық семинарларға, ашық сабақтарға, дөңгелек үстелдерге т.б іс-шараларға қатысты. Жас мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.2014-2015 оқу жылында аттестациядан ағылшын пәнінің мұғалімі С.А.Джусупова жоғары санатын растады. Рахметова Г.А-қызы бірінші категориясын растады. Аттестациядан өту барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарын көрсетті.

Мектепте мұғалімдердің апталық күндері өткізілді.Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері қатысып, осы апта бағдарламасы бойынша жас мамандар ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтардың бас мақсаты– мұғалімдердің педагогикалық және кәсіптік шеберлігінің өсуін және проблемаларын анықтау, нақты көмек ұйымдастыру. Пән бойынша апталықтар өткізіліп отырды.

ТАРАУ 6. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ

Кесте 12. Жалпы негізгі білім бітірген оқушылар саны.

2013

2014

2015


7

3

3


Мектептегі оқушылар саны бойынша қайтадан сыныпта қалдырылғандар жоқ-0%.Білім беру нәтижесінің сапасы мемлекеттік аттестация қорытындысымен сипатталады.Жыл сайын 9 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. Оқу жылында жалпы білім сапасы 55%, өткен оқу жылымен салыстырғанда 12% жоғары. Бастауыш сыныптың білім сапасы 72% , өткен оқу жылымен салыстырғанда 6 % жоғары.2014 жылы аудандық олимпиадаға 3 оқушы қатысты.2014 жылғы түлектердің барлығы еңбек жолына орналастырылды.

Кесте 13. 9 – шы сыныпты еңбекке орналастыру туралы мәлімет.


Негізгі мектепті бітіргендер

10 сыныпқа көшкендер

Орта оқу орнына түскендер

Арнаулы орта оқу орнына түскендер

Жұмысқа орналасқандар

1

-

3

-

32
Кесте 14. Көркем негізгі мектебін бітірген түлектердің ішінен 2014 жылы



3 оқушы арнаулы оқу орнында оқып жатыр.



Аты-жөні

Қай оқу орнын бітірді

Қайда жұмысқа орналасады

Факультеті

1

Абсаметова Аида

Көркем негізгі мектебі

№ 71 мектеп

11 –сынып

2

Алпысбаева Айна

Көркем негізгі мектебі

Гуманитарлық колледж



Қазақ тілі мен әдебиеті

3

Калиакбаров Елзат

Көркем негізгі мектебі

ЖД колледж

Автокөлік

Көркем негізгі мектебі түлектерінің 2014 – 2015 оқу жылында арнаулы орта білім алуға баратындығы туралы мәлімет.






Аты - жөні

Қай оқу орнын бітірді

Қайда жұмысқа орналасады

Факультеті

1

Абсаметов Мухамед- Әли

Көркем негізгі мектебі

№ 71 мектеп

10 сынып


-

2

Айтпаев Изат

Көркем негізгі мектебі

-



-

3

Оралбаев Ералы

Көркем негізгі мектебі

Гуманитарный колледж

Спорт бөлімі



ҚОРЫТЫНДЫ

Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Адамның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар абат болады» деген екен көне шығыс даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін ауқымым кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұқтырса керек.Сондықтан да Көркем негізгі мектебінде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Бірнеше жылдан бері білім сапасын арттыру міндеттері шешіліп келеді.





  • Көркем негізгі мектебінде даярлық сыныбында 6 оқушы бар.

  • 5-6 жастағы балалардың барлығы оқумен толық қамтылған.

  • Соңғы үш жыл бойынша мектеп оқушыларының саны тұрақты болды.

  • Көркем ауылы бойынша барлық балалар оқумен қамтылған.

Жыл сайын жоғары білімді мамандар саны артып келеді.

  • Педагогикалық қызметте еңбек өтілдері бойынша 9-20 жыл аралығында мұғалімдер саны артып келеді.

  • Бастауыш сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

  • Мектеп интернет жүйесіне қосылған.

  • Даярлық сыныбындағы оқушылар саны артып келеді.

  • Мектепте 15 орынды шағын орталық жұмыс істейді.

33

  • Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

  • Мектептегі жұмыскерлердің саны тұрақты.

  • Жыл сайын мектепте жөндеу жасалып отырылады.

  • Мектеп айналасында көркейту- көгалдандыру жүргізіледі.

  • Мектеп кітапханасы жаңа оқулықтармен толықтырылып отырылады.

  • Мектептің жылу жүйесі де жыл сайын жөндеуден өткізіледі.

  • Материалдық-техникалық жағдай орташа деңгейде.

  • Мектепте жылыжай ,бау-бақша бар.


34

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет