«Қошақаным» әні
Мұғалім: Балалар төрт түлік мал туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?
5. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.
Аружан: «Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер»
Назерке: Зеңгі баба – сиыр деп,
Қояды екен күлімдеп.
Құрт, ірімшік, майлары,
Бәрінен де пайдалы.
Сүт ішсін деп, халықты,
Сиыр жайып бағыпты.
Аружан: Шопан ата – майда мал,
Жүрген жерде пайда бар.
Жүні шекпен болады,
Төлі көптен болады.
Қалмайды деп көңілің,
Қой бағыпты өмірі.
Мұғалім: Осылайша төрт жігіт:
Ойсылқара,
Қамбар ата,
Зеңгі баба,
Шопан ата
Мал бағыпты төрт түлік:
Түйе, жылқы, сиыр, қой.
3. Төрт түліктің өздеріне берген сипаты:
Сымбат: Ең зор түлік – түйемін
Тікенді шөпті сүйемін
Пайдалансаң сүтім – шұбат,
Дертке дауа, жанға қуат.
Айзат: Арғымақ, тұлпар – жылқымын,
Мақтанымын жұртымның.
Ерге – қанат тұлпар мен,
Қай түлік келер маған тең?!
Назерке: Мінезім жайлы – сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім – дәмді, сүтім – бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Аружан: Қой-ешкі – бір түлікпіз,
Бірге өстік, еш күдіксіз.
Теріміз – тон, былғары,
Жүніміз – киім, тұр әне.
ән: «Ойыншықтар »
Мұғалім: Сендерді аналарын үйде еркелетеді, солай ма балалар. Сол сияқты төрт түлік малда өз төлдерін еркелетіп шақырады.
4. Мәнерлеп оқу «Төрт түлік малдың төлін сүюі»
Аружан:
Шөре-шөре, лағым,
Достарыңызбен бөлісу: |