Қорытынды
Мұғалім: Ал, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда не білдік, не үйрендік?
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылайық:
Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
Жылқы, сиыр, түйе, ешкі мен қой
Сиырдың сүтінен қандай өнімдер шығады?
Айран, қаймақ, уыз, құрт, ірімшік, май
кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған. Сондықтан да балалар біз ата-бабаларымыздың жолын қуып, осы төрт түлік малға көп көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетуіміз керек. Төрт түлікке жылқы, сиыр, түйе, қой мен ешкі жатады. Қой мен ешкінің ұқсастығы болғандықтан бір түлікке жатады. Соны естеріңде сақтаңдар.
Әбдікәрім Ахметовтың «Төрт жігіт пен төрт түлік» өлеңі.
Мұғалім: Баяғыда төрт жігіт,
Мал бағыпты төрт түлік.
Сымбат: Ойсылқара - түйені,
Алыбым деп сүйеді.
Мақтайды кеп шұбатын,
Шипа болып жұғатын.
Кірешінің бағы бар,
Көлігі ғой, жануар!
Айзат: Қамбар ата – қанатты,
Жылқы бағып, қарапты.
Сары қымыз – сары бал,
Шөлдемейсің, қанып ал.
Туған жерді сен, - депті
Күзетуге мін! – депті.
Достарыңызбен бөлісу: |