Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі


Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі2,3 Mb.
#172242
1   2   3
Байланысты:
К

Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспеншілік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған.

Фабула туралы түсінік

  • Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:
  • Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру.
  • Айтушының болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді, енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді .
  • Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік , күнделік фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің болмысын ашып, образды жан-жақты қарастырады.

“Ақбілек”романы


Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді.

Сюжет және оның желілері

  • Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіпкерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет