Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі


Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырының сюжеттік байланысы



бет3/3
Дата13.03.2023
өлшемі2,3 Mb.
#172242
1   2   3
Байланысты:
К

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырының сюжеттік байланысы:

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

Композициялық құрылымға анықтама

Композиция(лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма). Көркем өнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбы,лыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндегі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады.

Композицияның түрлері: 1. Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы). 2. Оқиғаның дамуы 3. Шығарма ішіндегі оқиғалар байланысы. 4. Оқиғаның шиеленісуі 5. Оқиғаның шарықтау шегі. 6. Оқиғаның аяқталуы (шешімі).

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырының композициялық құрлысы:

1. Басталуы (Қарабай мен Сарыбайдың құдаласуы).

2. Дамуы (Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың дүниеге келуі, Қарабайдың өлімі)

3. Байланысы(Сарыбайдың уәдесінен тайып, көшіп кетуі)

4. Шиеленісуі (Қозы Көрпештің Баянды іздеп келуі)

5. Шарықтау шегі(Қодардың Қозы Көрпештің ту сыртынан келіп өлтіруі)

6. Шешімі (Қозы Көрпештің өлімі, жырдың трагедиямен аяқталуы)

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет