Көркем әдеби шығармалардың мақсаты:
Білімділік: Бейнебаян көрсету арқылы қоғам қайраткерлердің өмірбаянымен таныстыру.
Тәрбиелік: Көркем шығарма арқылы жақсы қылықтарға, адамгершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Бейнекөріністерді көрсету арқылы тіл үйренушілердің тілін дамыту және сөздік қорын байыту.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді тыңдаушыға түсіндіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынуы шарт:
Тыңдаушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту
Оның ұлттық қазына екендігі
Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын тыңдаушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Тыңдаушының осы сезімін ояту – мұғалімнің қолында, яғни, тыңдаушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім қазақ тілі сабағында көркем әдеби шығармаларды оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Тыңдаушыдан күтілетін 5 (бес) қасиет – таным, ойла, есту, көру, қорытындылау.
БЕЙНЕБАЯНДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ:
Бейнекөрініс үш рет дыбыспен көрсетіледі.
Тіл үйренуші бейнебаян бойынша мәтін әзірлеп, тіл үйренушілерге таратып береді. Тіл үйренушілер мәтін мазмұнымен танысады.
Бейнекөрініс төртінші рет қайтадан дыбыспен көрсетіледі.
Тіл үйренушілердің білім деңгейі мен қабілетіне қарай кейіпкерлердің рөлі бөлініп беріледі. Мысалы: директор, бас кейіпкерлер және т.б. Ал басқа рөл алмаған тіл үйренушілер кейіпкерлердің сөздерін жазып отырады, кейін өздері де осы рөлдерде ойнайды.
Тіл үйретуші бейнекөріністі дыбыссыз тағы бір рет көрсетіп, тіл үйренушілерге берілген рөлдері бойынша сөздерін дыбыстап айтқызады.
Бейнекөрініс қайтадан дыбыспен көрсетіледі. Әр тіл үйренуші өз кейіпкерінің сөзін дұрыс не бұрыс айтқанын нақтылап, өз сөзін тексереді.
Сабақ үлгісі.
Сабақтың тақырыбы: «Балалық шағымның аспаны»
Сабақтың барысы:
І.Алғашқы танысу
Бұлар кімдер?
Олардың Сұлтанға қандай қатысы бар?
Балалық шақ
І. Көріністі көргенге дейінгі кезең
Қазақстан Республикасының Президенті кім? Сіз ол адам туралы не білесіз?
Оның балалық шағы қай жерде өтті?
ІІ. Көрініс кезеңі. Белгілеңіз (v)
1.ҚР Президенті қай жерде дүниеге келді?
Алатаудың бауырында
Көкшетауда
Қаратау бауырында
Алматы қаласында
Үшқоңыр жайлауында
2.Нұрсұлтан Әбішұлы өзі туралы күнделікі қай жерде жазып отырды?
үйде
ұшақта
жұмыс бөлмесінде
кеңседе
пойызда
III. Көріністен кейінгі кезең
Нұрсұлтан Әбішұлының монологін оқыңыз және төмендегі сұраққа жауап беріңіз
Елбасының монологі
Дәл қазір менің өмрімнің көп сәті республика аймағына, әлемнің әртүрлі мемлекеттеріне таусылмайтын арнаулы сапарлармен ұшақ үстінде өтіп жатса да, ұшар биіктен төменге қараудың нағыз әсерлі жүрегімді баурап алар шынайы сезімді бірінші рет ұшаққа отырғанда да емес, ең алғаш рет өзім өрмелеп шығып, биік шыңның, басында кіп-кішкентай болып тұрғанымда көкке самғағандай болдым.
Елбасы ұшар биіктен төменге қараудың қаншалықты әсерлі екенін қалай жеткізген?
Қазақ халқының наным-сенімдері
I. Көріністі көргенге дейінгі кезең
Ой бөлісіңіздер.
Сіз ырымдарға сенесіз бе?
Өз халқыңыздың қандай наным-сенімдерін білесіз?
II. Көрініс кезеңі
1.Мазар қайда орналасқан ? Белгілеңіз (V)
Мазар қаланың ортасында орна- ласқан.
Мазар таудың етегіне орналасқан.
Мазар кең далада орналасқан.
2.Қандай дыбыстарды естідіңіз? Белгілеңіз (V).
машинаньң дауысы
баланың жылағаны
аттың жүрісі
қасқырдың ұлығаны
домбыраның дауысы
3.Құранның сүресін кім оқыды? Белгілеңіз (V).
ер адам (бала Нұрсұлтанның әкесі)
машинада келе жатқан қарт адам кейуана (бала Нұрсұлтанның әжесі)
жас келіншек (бала Нұрсұлтанның шешесі).
4.Олардың Райымбек ата мазарына келу (түнеу) мақсаты. Белгілеңіз (V)
күнәсін кешіруді сұрау
әжесіне ұзақ өмір тілеу
ер адам мен әйел адамның бала-
лы болуын сұрау
оларды табиғат апаттарынан сақтауды сұрау
III. Көріністен кейінгі кезең
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мазарды қанша рет айналып өту керек?
Бала Сұлтанның, шешесі түсінде нені көрді?
Түс жорушы адам қандай болжам айтты?
Жаңа туған сәбидің болашағы қандай болуы мүмкін?
Сіз түсіңізге сенесіз бе?
Бала Сұлтан дүниеге келген күні ауа райында қандай өзгерістер болды?
Баланың дүниеге келуі
І.Көріністі көргенге дейінгі кезең
Баланың дүниеге келуімен байланысты қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптары бар?
Жаңа туған баланы атасы мен әжесінің тәрбиесіне беру салты сіздің мәдениетіңізде бар ма?
ІІ. Көрініс кезеңі
Қазанда ... қайнап жатыр. Белгілеңіз (V).
2. Жас сәбиді алғаш рет қолына алып жылы сөзін айтқан кім? Белгілеңіз(V)
3. Әжесі жас сәбиді қолына алған сәтте оған қандай еркелету сөзін айтты? Белгілеңіз (V)
айналайын
ботақаным
құлыным
жаным
қарағым
ауылдасы
ІІІ.Көріністен кейінгі кезең
1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Әжесі немересін баласына көруге неге рұқсат бермеді?
Алшысынан түскен асыққа қарап, әжесі жас нәрестенің болашағы туралы қандай болжам айтты?
Сіздің мәдениетіңізде бала дүниеге келгеннен бастап қырқынан шыққанға дейін жасалатын қандай тыйымдар бар?
Егер сіз әже немесе ата болсаңыз, немереңізді тәрбиелеуді өз қолыңызға алар ма едіңіз?
Кестеде тұрған сөздерді пайдаланып, әжесінің қандай киім кигенін суреттеңіз.
кимешек, мәсі, көйлек, сұр, ақ, қара, қамзол
Тұсау кесу
І.Көріністі көргенге дейінгі кезең
Сіздің мәдениетіңізде баланың алғашқы қадам басуына қатысты әдет- ғұрып бар ма?
Сіз бұл әдет-ғұрыптың қалай аталатынын білесіз бе?
Тұсау кесу тойына неге ерекше мән беріледі деп ойлайсыз?
ІІ.Көрініс кезеңі
1.Іс-әрекет болып жатыр. Белгілеңіз (V)
көктемде
күзде
жазда
қыста
2.Қонақтар мен туысқандар қайда отыр? Белгілеңіз (V).
үйде
таудың бауырында
далада
киіз үйде
3. Сіз тұсау кесу рәсімі орындалып жатқан,
кезде нені көрдіңіз? Белгілеңіз (V).
машинаны
тауды
өзенді
көп жылқыны
киіз үйді
бірнеше адамдарды
4. Батаны кім берді?
бала Сұлтанның әжесі
бейтаныс ер адам ақсақал
бала Сұлтанның әкесі
жас келін
ІІІ. Көріністен кейінгі кезең
1. Бата сөзін тағы да қайталап оқыңыз және қажетті сөздерді таңдаңыз.
Бір үйдің ….. болма, анасы/баласы
Көп үйдің ….. бол. санасы/саласы
Бір….атасы болма, жұрттың/елдің
Бар елдің...... бол. әкесі/атасы
Өзіңе …….. бол, кәміл/әділ
Еліңе .... бол, күн/құл
…….. таңы бол, еліңнің/халқыңның
Маңдайдағы……бол! Әумин! бағы/шырағы
2.Жоғарыда берілген сөздерді ілік септігінде жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Осы берілген бата сөзін жаттап алыңыз.
4. Жолға шығарда қарт адам қандай тілек сөздер айтты. Жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Салт атты
І.Көріністі көргенге дейінгі кезең
Сіз атқа мініп көрдіңіз бе?
Көшпенділер мәдениетіндегі аттың рөлі қандай?
ІІ.Көрініс кезеңі
1.Бала Сұлтан қандай атқа мінуді үйренді? Белгілеңіз .
Сұлтанның киімін суреттейтін сөздерді ирек сызықпен сызыңыз.
Оның устінде: шапан, бас киім, тақия, пима, етік, бәтеңке, шұлық, тымақ, тұлып, тон, бешпент. шалбар, бөрік, қолғап, биялай
Сіз қандай еліктеуіш сөздерді естідіңіз? Белгілеңіз
шүу-шүу құрау-құрау
шөк-шөк мияу-мияу
4.Салт атқа мінуді кім үйреткен? Белгілеңіз
әйел адам
әкесі
ауыл адамдары
өзі
ІІІ. Көріністен кейінгі кезең
Оған атқа мінген кезде берілген кеңесті тыңдаңыз және жазып алыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___
Қансонарда
І.Көріністі көргенге дейінгі кезең
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз аң аулауға шығып көрдіңіз бе?
Егер шыққан болсаңыз, кіммен және қай кезде шыктыңыз?
Қандай аң-құсты атып алдыңыз?
Сізд1ің еліңізде аң аулауға рұқсат берілген бе?
Қандай аң-құсты атып алуға болмайды?
ІІ.Көрініс кезеңі
1. Сұлтан .... аң аулауға шықты. Белгілеңіз.
әкесімен
достарымен
құрдастарымен
екі ер адаммен
қарт адаммен
2.Бүркіт ... ұстады. Белгілеңіз.
қасқырды
арқарды
қоянды
түлкіні
бұғыны
ІІІ. Көріністен кейінгі кезең
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Алғашқы жауған қар неге қансонар деп аталады?
Қар үстінде қандай аңдардың іздерін көруге болады?
2. Бұл сөйлемдерді кімдер айтты?
А) ақсақал Ә) әке С) Сұлтан
- Алғашқы жауған қарды «қансонар» дейді. _________
- .... Сонда бәрінің іздері қала ма?_________
- Әне, анау қоянның ізі.___________
- Қыран құс қаншалықты қияға самғаса да, көлеңкесі тек қана жер бетіне түседі, ал айналасына шапағатын тигізген адамның да артында аты қалады. Ол да ізі болар._________
- Шүу, шүу...
- Ата, қараңызшы түлкі кетті, түлкі...
- Аға, қарашы, қарашы, қандай түлкі ұстап алдық.__________
- А-а... Түлкі дейді...
- Қалай, қансонарда қанжығаңыз майланды ма, ақсақал?___________
- Ал, Әбіш, мынау балаңның алғашқы олжасы.
- Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. _______
- Ал енді аман болыңдар.
2.Екінші тапсырмадағы мақалды табыңыз. Мұндай мақал сіздің тіліңізде кездесе ме?
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Қазақ тілім, күмбірле сарайымда!
Достарыңызбен бөлісу: |