Т.Жұртбаев.— Кез келген халықтың басынан кешкен не бip қиын тарихи, оқиғалардың өзі түптің-түбінде әйтеуір бір сарапқа салынып, санада сараланып, тиістi бағасын алары анық. Осы ретте, тарихшылар мен эдебиет зерттеушілерінің бас қосып, ортақ тіл табысып, мәмілеге келетін, пікip алысатын жайлары көп-ақ. Әcipece, бұл мәселе дәл қазіргi сәтте ерекше қажеттілікке ие боп, тарихшылардын, да, эдебиетшілердің де мүдделі icінe айналған жайы бар. Соңғы жылдары қоғамымыздың даму бағыты — ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жаттанды ұғымдарымызды ұмыттырып, өткенімізге де, сол өткенді бейнелеген өнерімізге де мүлдем басқаша көзқараспен қарауымызды, мәдени мұрамызды басқаша бағалауымызды талап етіп отыр. Күні кеше мансұқтап, жер-жебіріне жете жамандаған, дүниенің барлық пәлесі сонда тұрғандай өршелене «әшкерелеген» рухани қазыналарымыз бен жеке тұлғаларымыз санатқа қосылды. Қаншама қиянаттардың беті ашылды. Алайда бүгiндepi «тоқырау дәуірі» деп тұқырта нұқып жүрген сол кездің өзінде еңсесін тік ұстап, айтар ойын ашық білдіруге ұмтылған азаматтар болды. Қайта құру мен жаңаша ойлаудың коллективті авторлары да солар. Соның қатарына жазушы Ілияс Есенберлин де жатады. Мен бүгінгі әңгіме арқауына айналғалы отырған «Kahap» романының жазылу тарихы туралы тәптіштеп айтпай-ақ қояйын. Алайда, неге дәл осы шығарманы таңдап алып отырмыз, coғaн тоқталайын.
Мәселе мынада: бiз көркем шығарманын қадір-қасиетін, көбіне, саяси-идеологиялық қалып талап еткен өлшемдермен бағалап келдік. Tiптi бір халықтың тарихының белді кезеңдерін сызып тастап, ұмыттыруға тырыстық. Ол туралы жазылған өнер туындысын көре тура елемедік қасақана қалтарыста қалдырдық.
Сондай шығармалардың бірі осы «Қаһар» еді. Бұл романның төңірегінде дау-дамай көп болғанымен, онын, көтерген тарихи-әлеуметтік мәселелері басты кейіпкер - Кенесары бастаған қозғалыстың шығу себептері сыни турғыдан да, тарихи тұрғыдан да талданбады. Тіпті, тарихшылар «көтеріліс» деген сөзден қашып, оны «қозғалыс» деген, мағынасы екі үшты атаумен алмастырды. Ол қандай қозғалыс еді? Бұл сұраққа жауап әлі күнге дейін берілген жоқ.
Қашанда көркем шығармаға қойылатын талап біреу. Ол - көркемдік шындық. Алайда, «Қаһардағы» оқиға бүкіл қазақ халқының тағдырын қозғағандықтан да, оған немқұрайды қарай алмасақ керек. Әрине, романның жарық көргеніне жиырма жылдан асты. Бірақ сол кездегі әдеби процестің өресін, даму бағытын талдап, баға берудің маңызы зор. Сол «Қаһардағы» көтерілген көкейкесті мәселелерге бүгінгі көзқарасымыз қалай? Роман өзінің әлеуметтік мәнділігін жойды ма, жоқ, керісінше, бұрынғыдан гөрі де діттеген мүддемізді қозғап отыр ма? Біз бұл арада автордың өзі ести алмай кеткен жылы сөздердің орнын толтырайық деп отырғамыз жоқ. Қайта сондағы қамтылмаған ойларды, деректерді екшеп, оқырмандардын, назарын аударғымыз келді. Бұл әдебиетшілердің ғана емес, тарихшылардың да парызы. Өйткені тарихшылар, менің ойымша, өздерінің халың алдындағы қарызын әлі де өтей алмай жүрген сияқты. Себебі, осы «Қаһардың» басты кейіпкері Кенесарының өзінің жеке тұлғасы туралы нақты тұжырымды пікір қалыптасқан жоқ, Мұны жүзеге асырмай қазақ халқының тарихындағы ақтаңдақтардың жойылатынына сену қиын. Сонымен, Ілияс Есенберлин өзінің алдына қойған мақсатын орындап шыға алды ма, жоқ па? Жазушы тарихи шындықты жеткізе білді ме, әлде мұлт кеткен тұстары бар ма? Сіздер әр саланың маманысыздар. Сондықтан да біз осы сұрақтарға толықтай жауап аламыз ғой деп үміттенеміз. Әрине, жазушының барлық өмірлік шындықты қамтуы мүмкін емес, оған міндетті де емес. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дегенмен де, Есенберлиннін, тәуекелге бел бууы өзін-өзі ақтады ма, жоқ па?
Достарыңызбен бөлісу: |