Ғ. Ахмедов: — Кенесары Орынборға ңарасты жерлерге көшіп келгенімен де, Сібір жағынан шыққан әскерлер бұл жерлерге де келіп, Кенені іздеп ңолға түсіре алмаған соң, жол-жөнекей жай көшіп жүрген елдердің талайын талап, олжалапты. Орынбор губернаторынан ел ішіне шыққан коллежский советник Ларионов деген кісі жоғары Шекті биі Мусинге және басқаларына жазған хатында: «В мае месяце сибирским отрядом разбито 17 аулов киргизов табынского рода, ведения бия Байкадама на Каракуме около речки Каргалы, при чем перебито много киргизов, детей и женщин и разграблены у них весь скот и имущество. После того, в скором времени, опять разбито 30 аулов киргизов чумекеевского рода, приверженных бию Сармаку, кочевавших на Каракуме, где так же били людей беспощадно. Ныне Сибирьский генерал-губернатор князь Горчаков предписал полковнику Гейсу возвратить ограбленный скот, имущество и отпустить задержанных двух киргизов... Предлагаю вам, почетным биям, если вам известно, то уведомить меня: 1) сколько именно было убито киргизов, женщин и детей, сколько взято в плен, сколько ограблено скота и сколько взято имущества, и 2) возвращен ли скот и имущество и отпущены ли взятые в плен киргизы». («Вестник Европы», 1870, т. V)
Тек Сібір жағынан ғана емес, Орынбордан шыққан отрядтардың да көбінің істейтіндері осындай. Орынбордан Кенесарыны іздеп шыққан Лебедев деген ңазақтың аңсақал-билерін шақырып алып, Кененің қайда жүргенін, оны қалай үстауға болатынын сурастырғанда, әлгі адамдардың сөзіне сенбесе, оларды бас салып сабайды екен.
Әрине, қолында қару-жарағы жоқтың қасы Кенесарының патшаның «мұздай темір құрсанған» әскеріне табанды қарсылық жасауы ңиын еді, көбіне қаша ұрыс салып жүрген, сөйтіп патша әскерлері оны қолдарына түсіре алмай қойған. Бірақ та Омбыдан шыққан әскерлер оның туыстары мен Күнімжан деген әйелін үстап әкеткен.
Кенесары Орынбор жеріне келгеннен кейін өзінің патшаға қарсылығын қоятыны, сөзсіз бағынатыны жөнінде хат жазып, мәмлеге келуге тырысңаны белгілі. Бұған Орынбор ұлықтары сенгенімен, Сібір губернаторы Горчаков сенбеген. Осы жөнінен екі ұлықтың арасында біраз алакөздік те болған, екі жақ бірін-бірі айыптап Пе-тербургке талай хат та жазған. Перовский вице-канцлер граф Нессельродеге жазған хатында: «Көтерілісші султан Кенесары Қасымовтың осымен бірге жіберіліп отырған хатынан, оның сөз жоң патша ағзамның мәрхабатынан үміт ететініне, егер де өткен (1840) жылы бурын қарсылық еткен қазаңтарға жариялаған патша ағзамның ра-ңымшылығы оған да берілетін болса, тиісті өкімет орындарына бағынуға дайын екеніне өзіңіздің мәртебелі көзіңіз де жететін болар... оны ңудалағанда тек жа-зыңсыз ауылдарды тонағаннан басқа нәтиже шықпас еді, ал султан бурынғысындай, өзінің жаңындарымен ңалай да қашып ңутылып кетудің амалын табар еді» дейді. («Вестник Европы», 1870, т. IV).
Кенесарының патшаға қарсы күресуіне жоғарыда айтылғандай, өкіметтің зорлың-зомбылығы себеп болғанымен, оның өзінің көздегені әрине, баяғы хан заманын орнатып, елге өзі хан болу екені аның. Ол өзіне бағынбаған руларға қарсы күш жүмсап, талай елге зәбір берген. Мысалы, Жаппас руымен жақын болу үшін сол елдің бір белгілі адамының ңызына үйленеді, бірақ кейін ол ел өзіне қосылмаған соң әлгі алған әйелінің мурнын кесіп үйіне қайтарады. 1843 жылы Шекті елінің Назар руының бір белгілі адамының сүлу қызын суратып Баубек деген құлын жібереді. Назарлар бұған арланып, әлгі адамның үйіндегі жас күңін киіндіріп беріп жібереді. Кейін Кенесары бір топ адаммен сол елді шабуға барғанда, жеңіліп қайтып, жолда Тілеу руының ауылдарын шауып, көп мал мен сегіз ңыз, бір келіншекті алып кетеді. Сонда Кенесары Назар руының адамдарына мынадай хат жіберіпті: «Әбұлмұту уә әлмансур әбұлғазы Кенесары хан. Сіз-ки Байтөре биге уә Бажық биге уә Қызыл биге уә Елқонды биге уә Мусылман биге уә Қаракүшік биге уә.жамиғы Назарның яхшыла-риға уә мырзалариға сөз шолкүм, худайның тағдирі болып бізнің біраз мунша кішімізнің қаны сізнің мойыныңызда ирді, ол ңылған ішіңізден тәуба қылып, бізні хан біліп, өзіңіз қарашы болып бізнің білән ярашар деген ниетіміз бар ирді. Сіз худайдан қорқып әруахны сыйламадыңыз, сізнің кәсафатыңыз қарындашыңыз Тілеуні урды.
Әгәр бүрынғы ішлэріңізден тэуба қылып қайтсаңыз, яхшыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз, бізнің миһірбанлығымыз сізләрга көпдүр. Әгар келмәсаңыз, біз отыз яшңа келіпміз, сізні хүдадан тілөп енді отыз йыл яулармын инша алла тағала. Сізлөрға Баубек құлымызны йібәрдік, һар біз ағыз тілінә бауыр қылың (мүһір)». Міне осындай істеріне царағанда, Кенесарының да құдай сүйер қылығы жоң.
Ал екінші жағынан алғанда, сол заманда патша өкіметінің елді отарлауына қарсы күресті осылар сияқты ел басқарған адамдар бастамағанда, кім бастайды? Кенесары сол өз заманының перзенті, елдің бас көтерген адамдарының бірі. Орыс тарихында да шет ел басқыншыларына, мысалы, тевтон рыцарьларына карсы күресті князь Александр Невский, монғолдарға қарсы князь Дмитрий Донской басқарды, по-ляктарға қарсы ңасапшы Минин мен князь Пожарский қайрат көрсетті. Сондықтан Кенесарының хан болу үмітін қазіргі заманның өлшемімен, «тап күресі» тұрғысынан қарауға болмайды, ол заманда тап күресінің иісі де сезілмеген, қалың елдің ұғы-мынша, ел-жұртты хан басңаруға тиіс болған.
Кененің ағасы Саржанды, Есенгелді, Әлжан сұлтандарды ңоқандыңтар өлтірген, оның үстіне, Ташкенттің бегі (Ташкент Ңоқанға цараған) Кенесарының әкесі Қасымды алдап, оның өтініші бойынша азын-аулақ адаммен қару-жараң жіберіп, хан ауылын алдарқатып, соңынан көп әскер жіберіп түн ішінде қаперсіз жатқан хан ауылын шауып, Қасымды өлтірген. Кенесарының ауылы бөлек екен, ол сондықтан ғана аман қалған. Кенесарының Ңоқанға жасаған шабуылын бұл жағынан ақтауға болады.