Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет10/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Ғ. Ахмедов :— Жанүзаң бауырым, осы арада мен сенің ойыңды одан әрі дамытңым келіп отыр. Өзің айтып кеткендей, Русия патшалығының қазақ елін отарлау саясатына қарсы бас көтерген қозғалыстардың ішінде, ең ірілерінің бірі Кенесары ңозғалысы. Оның шығу себебін Кенесарының Орынбор губернаторына жазған мына хатынан көруге болады: «Ұлы патшамыздың әкесі «Ақ патша» марқум /Павелды айтады/ атамыз Абылай марқұмға зор кеңшілік жасап, «әркім өз жеріне өзі ие; орыс пен қазаң арасында сауда ашылып, керуен жүрсін, әркім өз кәсібімен шуғылдансын» деп уағда берген еді, сөйтіп біраз жыл патша ағзамның қанатының астында тыныш түрған еді... қазіргі патша ағзамның тусында атамыз Абылайдан бізге мирас болып қалған Есіл, Нүра, Ұлытау, Қарқаралы, Қарындық /Қазылық?/, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Қусмурын, Қаят, Турзак /Тоқызақ?/ ту сонау Оралға дейінгі жерлердің бөріне бекініс салынды, Бурынғы патшалардың біздің жерімізді алайын десе өлшеуге арқаны, бекініс салайын десе ағашы, зорлық қылайын десе күші жетпеді дейсіз бе? Күші де, мүмкіншілігі де бар еді, бірақ олар өділетті болдыі» /орысшадан ауда-рылды/.
Бұл хаттан Кенесарының Русия патшасы істеген зорлық-зомбылықтарға шыдай алмай қарсылық көрсете бастағаны айқын сезіледі. Бұл — табиғи қубылыс, Қай заманда да, қай халық та өз жерлерін басып алып зорлық жасаған шет ел басқыншы-ларына қарсы күреске шыққан, Ең жабайы деген халықтар да, мысалы, Африка, Америка, Австралия және басқа да жерлердегі оқ-дәріні білмейтін момын халыңтар мылтық, зеңбірекпен келген Европа басқыншыларына садақ, найза жумсап, әлдері келгенше қарсылық еткен. Сол сияқты, қазақ елінің бас көтерген азаматтары да қол жинап, шамалары келгенше өрекет жасап баққан. Сондықтан патша екіметінің қазақ жерін отарлаған кезіндегі екі ел арасындағы қарым-қатынасты сол заманның санасымен сараптап қарау керек.
Патша өкіметі өткен ғасырда өзіне қаратып алған қазақ жерін екіге бөліп, шығыс жағын Батыс Сібір губернаторы, батыс жағын Орынбор губернаторы басқарған, Бұл екіге бөлінген елді басқару жүйесі де екі түрлі болған. Бір кездерде осы екі жүйені бір ізге салып, біріктіру жайында сөз қозғалғанда «Весть» газеті: қазақтардың екі түрлі жүйемен басқарылғанының өзі жақсы, олардың бастарын біріктірмеу керек деп жазды (№ 114, 1869). Бұл да отарлау әдісінің бір түрі еді.
Кенесары өуелі Батыс Сібір губернаторының қарамағындағы жерде болғанымен, патшаның нағыз қатал отаршыл улығы князь Горчаков күн көрсетпегендіктен, Орынбор губернаторына қарайтын жерлерге көшіп, сол жақта өрекет жасағаны белгілі. Сібір губернаторының қол астында турғанда, әсіресе «Тентек майор» деген біреу-ақ елдің діңкесіне тисе керек. Бір жолы Саржанның екі жасар баласын да алып кетіпті. Осындай зорлықтар туралы «Вестник Европы» журналының 1870 жылғы IV томында Н. Середа деген кісі былай деп жазады: «Конечно, «тентяк майоры» бывали рады подобным командировкам, в которых видели свою выгоду, и во время поисков в степи, производимых сибирскими отрядами, бывали случаи беспричинных разорений ими мирных аулов, по одному подозрению в сочувствии их мятежникам. Но главную статью доходов отрядных начальников составлял захват малолетних из киргизских семейств, которых потом они продавали в рабство, где они находились до известного возраста».
Шынында да архивтерде қазақ балаларының қүлдыққа сатылғаны жайында материалдар кездесіп отырады. Мысалы, Шекара комиссиясының архивінен «Дело об освобождении от рабства крещенной киргизки Ивановой М.» деген істі кезе-дестіргенім бар. (фонд 4, оп.І, д. 4201) Шоқындырылған, орысша аты Мария, қазақша аты белгісіз сол қыз 28 жасқа келгенше Орынборда войсковой старшина Овчиннйков дегеннің үйінде күң болып жүріпті. Азат етілгеннен кейін «посколько она числилась как крепостная, по ее желанию ее определили в число государственных крестьян Челябинского уезда, Куртамышеской волости село Долговскому» дейді материалда, Міне, осы сияқты зорлық-зомбылықты көрген елдің бәріне көніп, үнсіз отыра беруі мүмкін емес қой.

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет