Кітап көрмесінің кезеңдері бойынша: Оқушыларға «Елiгi еркін даланың» тақырыбында акын өмірбаяны таныстырылды. Өмірі мен шығармалары
туралы слайд шоу арқылы, оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. «Поэзия падишасы» кезеңінде Фариза апамыздың
өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, ол кісінің өлеңдерінен
адалдық пен парасаттылықты, төзімділік пен шыдамдылықтың негізін қалаушы екенін түсіне білді. Сонымен қатар «Ақын арманы алға жетелейді» кезеңінде оқушыларға
бейне матариалдар көрсетіліп, Фариза апамыздың жырларына ұлы ақын-жазушыларымыз баға бергені көрсетілді. «Фариза деп жырлайды жүрегіміз» деген кезеңінде оқушыларға сұрақ-жауап арқылы бүгінгі кітап
көрмесіне өзіне не алғанын, не түйгені туралы өз ойларын ортаға салды.