« Менің сүйікті ақындарым.» 10 ұпай.
Бұл кезеңде ақындардың өлеңі оқылады, сіздер оның авторын айтасыздар.
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Абай. «Күз»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Т.Молдағалиев. «Біздің ту»
3. Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр,
Кәрі де, жас та, бала да.
С.Сейфуллин. «Наурыз»
4. Еріншек таза жүре алмас,
Кірі-қоңын жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Шәкәрім. «Еріншек»
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Сер етіп, өз-қзіме еткем егес.
С.Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып.»
6. Ұят деп жұбатты жыласақ,
Ұят деп тоқтатты шуласақ.
Тіл қатпай тістендік құласақ,
Сол сөзден тыншыдық, туласақ.
Ж.Молдағалиев. «Ар-ұят туралы»
Құрметті сайыскерлер! 6 оқушының ұпай сандарын есептейік.
1.Жауғаштина Назерке. 4 «а» 25 ұпай
2. Базарбаева Аружан.4 «а» 40 ұпай
3. Байдулла Айбат. 4 «ә».15 ұпай
4. Жақсылықова Фариза.4 «ә»35 ұпай
5. Амантурлин Ұлағат. 4»б»25 ұпай
6. Ойлыбаев Наурыз. 4»б»40 ұпай.
Ең жоғары ұпай жинаған мына екі сайыскер Базарбаева Аружан , Ойлыбаев Наурыз 40 ұпаймен тең, бас жүлде үшін сайысқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |