9 – слайд. Ұлы Отан Соғысы батырларына қойылған ескерткіштер. (Әр қаладағы ескерткіштерді көрсету).
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Жеңіс! Жеңіс! Бұл сөзді есту үшін жұрт төрт жыл күтті. Жеңіс келді, бірақ көптеген адамның Жеңістен күткен үміті, күткен адамдары келген жоқ. Көптеген ананаң баласы, жары, қаншама баланың әкесі соғыстан оралмады.
Туған жеріне орала алмай жат жердің топырағы бұйырған, Жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына бір минут үнсіздік жариялаймыз.
(1 минут үнсіздік).
Арылтып жерден жауымды,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күн?
1 – студент: Жеңіс күні – 9мамыр. Бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.
2 – студент: 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
3 – студент: 9 мамыр – фашизімді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
4 – студент: Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
5 – студент: Бұл күн – әділетсіздікті әділдіктің жеңген күн.
1-студент: «Көк түтінге көмемін деп көгімді,
Ес жидырмай еземін», - деп елімді.
Келді фашист жеңе алмады бірақ та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Бақыт деген келер дәйым күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер,
Тек бақытқа қол созумен ұл өсті.
2 –студент:Ұмытылмай соғыс салған жарасы,
70 жыл Жеңіс күннің арасы,
45 – тің мамырында елім жаудан арылып,
Жеңіс күнін тойлап жатты бүкіл Отан даласы.
Ерлігіне теңеу жетпес елін жаудан қорғаған,
Ұрпағына аманат қып елін, жерін жолдаған,
Дақ түсірмей қорғайықшы кейінгі біз жас ұрпақ,
Әрдайым да тыныш болсын, тыныш болсын кең далам.
3 – студент: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне.
Аспан бәрін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде кетті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.