Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар, суреттер. Мұғалім сөзі



Дата20.06.2018
өлшемі321,71 Kb.
#43913
Сабақтың мақсаты: Қыз балалрдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ қыздарының тәрбиесінің аса маңызды дәстүрге сай әдепті, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар, суреттер.
Мұғалім сөзі: Құрметті аналар, ұстаз аналар, қыздар, әжелер сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесі құтты болсын!

Сынып іші: Алижан терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Ансар кіріп келіп: 
Ансар: - Алижан , неге көңілсіз жүрсің?

Алижан: - Е - е, Ансар, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын. 
Ансар: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт…… 
Алижан:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек! 
Ансар:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. 
Алижан: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді. 
Ансар: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Анажаным» туралы ән айтайық.Хор 
Алижан:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. 


Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Ансар:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Алижан:

Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, қыздарымызға көктемнің қыр гүліндей құлпыра беруіне отбасындағы күн шуағы болып жүрулерін тілеймін! Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыздар арасындағы өткелі жатқан қыздар сайысына қош келдіңіздер дегім келеді. Олай болса бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.



Ансар:

1-ші шарт: «Сәлем сөздің атасы» - деп аталады.


2-ші шарт: «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.

«Мақал- сөздің анасы» деп аталады. (Әр ару 10 мақалданкем емес мақал айту керек.)




Алижан:

3-ші шарт: «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. (әр ару өз өнерін көрсетеді)


4-ші шарт: «Кім жылдам?» (Әр ару түйме қадау арқылы өз икемдігін шеберлігін көрсетеді)



Ансар:
5-шы шарт: Сән көрсету

6-ші шарт: «Ас мәзірі» (Ана –әпкелердің көмегімен дайындаған астарын қалай жасағанын, жасау ретін айтады)



Алижан:

Осы шарттарды орындау аруларда болса, сол аруларды бағалап, сынға алып, баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.


1.
2.
3.

Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып, аналар,
Сіздерге арнап тағы бір ән саламыз.

Ән: Ана
Ансар:

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,


Қандай сайыс болсада, қашпайық біз.
Ал, енді халқым рұсат етсеңіздер
«Көктем аруы» сайысын бастайық біз.
Олай болса ортаға бірінші аруымыз

Алижан:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген,
Қазақ қызы- инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

Тіл байланып қалатындай көргенде,


Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кім де болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдыңа қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Ансар:

Себепсіз қалмас сабақтан 

Көреміз сені тек алдан, 

Өсе бер әсем Томирис

Ақылың бойға жарасқан. 

Алижан:

Ай секілді Айнура

Жарқырап тусын ай, күнің 

Озып шығар бәйгеден, 

Көп болсыншы бестігің. 
Ансар:

Аққу құстай қанат қағып самғаған,


Адал жолмен арам іске бармаған,
Адамдықты жаны сүйген қашаннан
Аруна да қатарынан қалмаған!
Алижан:

Жамандыққа бармайтын, 

Жақсылықты қолдайтын. 

Жаны сұлу Аружан

Мінезі бізге ұнайды. 

Ансар:

Сыпайы оның мінезі,


Күліп жүрер ақырын.
Қыз сынына кеп қапты
Тал шыбықтай Диана.

Алижан:


Тазалықты сүйетін, 

Сабағын да білетін, 

Әдемі қыз- Айша 

Ұзақ болсын өмірің. 

Ансар:

Мансура біздің өнерлі,


Көңілді өмір сүреді.
Бүгінгі біздің сайысқа,
Алып келді өнерін.

Алижан:

1-кезең: - Ал олай болса, Қымбатты арулар,сіздерге қойылаты сайысымыздың 1-ші: бөлімі «Мен- қазақ қызымын» дей отырып,

өздеріңізді таныстырудан бастайық.



Ансар:

2 кезең: - Қыз сұлу көрінеді тіліменен «Білімді мыңды жығар» бөлімінде (Берілген сұрақтарға жауап береді).

Мұғалім: Сұрақтар қояды
(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)

Алижан:

3 кезең: «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде аруларымыз өз ән, би өнерлерін көрсетеді.

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа,

Өнер көрсет,құрбылармен жарыста.
Қыздарымыз келесі сайысқа дайын болғанша тағы бір әнге кезек берейік.

Ән: «Достарым»
Ансар:

4 кезең: «Шебер қыздар?»

Ал, халайық ықылспен демейік,

Арулардың шеберлігін көрейік.

Икем менен әйдігіне қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

(Түйме қадау. Сапалы, ұқыпты орындау керек)


Ән: Менің анам алтын

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)



Алижан:

5 кезең: Сән үлгісі
Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.


(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)

Ансар:

6 кезең: «Ас мәзірі»

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

(Бұл сайыста номер жазылған тапсырмаларды аласыздар да , бұл тағамның құрамын табу керек, және үйге берілген тағамды әкеп көрсету.)



Алижан:

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті,арулар 6-кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.Ал қазір ұпай сандарын санағанша , әдемі әнге кезек берейік.



Аруна мен Арнұрдың орындауында «Қос бәйтерек.» әні.

Ансар: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Алижан:

Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!!!


  1. Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)

  2. Тәрбие мен білімнің ортасы? (мектеп)

  3. Үйдегі алтын адам? (Ана)

  4. Қалтасы бар жануар? (Кенгуру,Австралия)

  5. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам? (құрт)

  6. Көкөністен дайындалатын салқын тағам. (салат)

  7. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой,ешкі)

  8. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал (салфетка)

  9. Сумоншақтың орысша атауы? (бисер)

  10. Үш арсызды ата? (Ұйқы,күлкі,тамақ.)

  11. Қазақ қыздарының бас киімі (сәукеле)

  12. Нанның кептірілген бөліктері? (сухари)

  13. Халқымыздың батыр қыздары?(Мәншүк , Әлия)

  14. Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм)

  15. Үйдегі машина,бірақ онымен ешқайда бара алмайсың (кір жуатын,тігін тігетін)

  16. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

  17. Тістегі пломбаны тартып шығаратын кәмпит? (ирис)

  18. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны (шелпек)

  19. Қонақ түрлерін ата.(Арнайы қонақ,құдайы қонақ, қыдырма қонаққылқыма қонақ, құтты қонақ, ерулікті қонақ)

  20. Қазақ тілінен енген әріптер (ә, ғ, ң, ө, і, ү, ұ)



Борщ

«Подшуба»

салаты

Манты


Палау

«Оливье»

салаты

Бауырсақ

Наурыз

көже


Құрт

Чипсы

Құймақ


Ірімшік


Шелпек

Қымыз


Шұбат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет