Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтеу Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз»



бет1/4
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#158713
  1   2   3   4
Байланысты:
пед слайд

Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: 1. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру 2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту 3. Оқушылапрды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтеу
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!? Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.
Мұғалім
Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,


Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Алтын күздің той думаны басталды.
Мұғалім
Бүгінгі біздің мерекеміз шағын сайыс түрінде өтпек.
Бөлімнің бағдарламасы:
1-бөлім: «Өздерін таныстыру»
2-бөлім: «Өнерім бар осындай»
3-бөлім: «Сән үлгісі»
4-бөлім: «Ас-адамның арқауы»
5-бөлім: «Өлеңнің жалғасын тап!»
6-бөлім: «Дәмін ажырат»
Осы кезде вальстік музыка ойнап тұрады.
Сайысқа 10 топ қатысқалы отыр. Олар:...


І -бөлім :­ Өздерін таныстыру
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен,ізетпен танысуға-дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастайық.

Ал ендеше бұл топтар өздерін таныстыра кетсін.


4 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы
4 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы
3 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы
3 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы
3 «В» сынып ханзадасы мен ханшайымы
2 «А» сынып ханзадасы мен ханшайым
2 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы
1 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы
1 «Б» сынып ханзадасы мен ханшайымы
1 «В» сынып ханзадасы мен ханшайымы
Мереке бүгін, күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт-байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет