Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтеу Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз»



бет2/4
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#158713
1   2   3   4
2-бөлім: «Өнерім бар осындай»

Алтын күз шаттық алып кел,


Өнерлі жанға шабыт бер.
Адасқан жанға бағыт бер,
Болсыншы біздің бақытты ел.
«Өнерлі өрге жүзер» демекші, қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалайық. Өнер сайысы.


3-бөлім: «Сән үлгісі»

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,


Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, -дей отыра, келесі кезекті жарнама- «Күздік сән үлгісіне» берелік.


Мұғалім:

Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар


-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).
-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).
-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).
-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).


4-бөлім: «Ас адамның арқауы»

Күз жомарт дейміз біз


Не деген дәмді көкөністер,
Не деген тәтті жемістер.
Жемісті жесең кемістер.
Болмайды сенің бойыңда
Болсыншы осы ойыңда
«Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.


5-бөлім: «Өлеңнің жалғасын тап!»

1. Іші толған шәрбәт,


Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
2. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)
3. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)
4. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)
5. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)
6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
7. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет