Тәртіпке бағынған құл болмайды
Мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және оқушыларға мектеп ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слаид
Барысы:
Әсел:
Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Биғадша: 1. Жалпы ереже 1.1. Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.
Асылжан: 1.2 Оқушылар:
· Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;
· Үлкендерге құрметпен қарауға;
· Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
Амина: Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
Данияр: Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
Ақжүніс : Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
Гүлназ: Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
Жансерік: Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
· Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
Аружан: Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
· Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
Хакназар: Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
Алмаз: Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға
М І Н Д Е Т Т І
Ернұр: 1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.
Сымбат: 1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.
Еркебұлан: 1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.
Арай: 1.6. Оқушыларға:
· Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
Бекежан: Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;
Нұрай: Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;
У.Амина: Ұялы телефон әкелуге, сабақ үстінде, үзіліс уақытында ұялы телефонды пайдалануға
Қ А Т А Ң Т Ы Й Ы М С А Л Ы Н А Д Ы.
Нұрсұлтан: 1.7. Мектеп оқушыларының терезе алдында, жәшіктерге (шкафтарға) және басқа заттарға, шатырға мінуі;
Электр жүйелерін, қосып-айыратын нүктелі жәшіктерді ашуы;
Мектеп мүлкінің, басқыш сатының ұшты бұрыштарына отыруы, асылып тұруы, басқаларды итеруі;
Биназир:
Шаруашылық заттар қоймасына кіруі;
өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан қатаң тыйым салынады.
Медина: 2. Мектепке сабақ басталғанға дейін
2.1. Оқушылар мектепте сабақтың басталуына 40 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Төменгі сынып оқушылары сабақтың басталуына 25 минут қалғанда келеді.
Дильназ: 2.2. Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.
Биғадша: 3. Сабақ үстінде
3.1. Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.
Асылжан: 3.2. Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мұғалімі белгілейді.
3.3. Сабақ үстінде шулауға , өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттерме шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.
Малика: 3.5. Қоңырау-мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын құрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.
Амина: 3.6. Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешіге болмайды.
Темерлан: 4. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейін
4.1. Үзілісте оқушылар
өздерінің отыратын, жұмыс істейтін орындарын ретке келтіруге:
сынып бөлмесінен шығуға;
кезекші мұғалім мен кезекші оқушылардың және мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға
М І Н Д Е Т Т І .
Арай: 4.2. Үзілісте
· басқыш сатымен және дәлізде, сынып бөлмесінде жүгіруге, ойнауға;
· бір-бірімен алысуға, әр түрлі затарды лақтыруға , дене күшін қолдануға;
· айқайлауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі келтіруге болмайды.
Жансерік: 4.3. Асханада оқушылар
· ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.
· Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағамдар мен шырындарды тек асханада ғана ішеді;
Аружан: Аспазшылар мен мұғалімдер қойған талаптарға бағынады;
· Тамақтану кезінде бір-бірімен сөйлеспейді, әңгімелеспейді;
· Тамақтанып болғаннан кейін үстел үстін жиыстырады.
Гүлназ: Қорытынды ереже
6.1. Көрсетілген ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған жағдайда оқушыларға мектеп Жарғысында қаралған тәртіп ережелерін үйрететін іс-шаралар өткізіледі. Мектеп Жарғысына атап көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқушы мектептен аластатылуы (шығарылуы) мүмкін
6.2. Осы ережелер мектепте өткізілетін барлық іс-шараларда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |