1. Таныстыру. 2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!». 3. «Мен қаншалықты білемін?» сұрақ-жауап. 4. «Ән - көңілдің ажары». 5. «Жырлайды жүрек». 6. «Айтылар естеліктер мен туралы...». 7. «Аққудың қанатына жазылған жыр». 8. «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде». І кезең: «Таныстыру» - әр топ таныстыруға арнап дайындаған буклеттерін әділқазылар алқасына тапсырады (жоғарғы ұпай саны – 5 балл)
ІІ кезең: «Поэзия! Менімен егіз бе едің ...»- топтың бір мүшесі ақынның 1 өлеңін мәнерлеп, жатқа оқиды
ІІІ кезең: «Сұрақ-жауап» - Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар ( Әр топ кезекпен бір-бір сұрақтан, барлығы төрт сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа
1 ұпай беріледі, топ жауап бере алмаса жауап беру мүмкіндігі келесі топқа беріледі))
1. Мұқағалидың шын аты кім? (Мұқаметқали)
2.Мұқағалидың әкесінің аты? (Сүлеймен)
3.Мұқағалидың әжесінің аты? (Тиын)
4. Мұқағалидың ұрпақтары? (Екі ұлы - Айбар, Жұлдыз. Қыздары - Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат )
5.Мұқағали қай жерлерде білім алған? (Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі,
Қаз МҰУ-дың филологоия факультетінде, Мәскеуде М.Горкий атындағы Әлем әдебиеті институтында)
6.Қай жерде дүниеге келген? (Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген)
7. Қай ақын қызға арнап өлең жазды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Фариза Оңғарсынова )
8. Қандай аудармалары бар? (Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімі; Шекспирдің «Сонеттері»; Уолт Уитменнің өлеңдері)
9. Қандай кітаптары бар? («Аппосионата», «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің»)
10. Қандай поэмалары бар? («Жан азасы», «Райымбек, Райымбек!», «Ару-ана», «Бала шақтан болашаққа», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ», «Аққулар ұйықтағанда» )
11. Қандай баспасөз орындарында жұмыс істеген? («Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналында қызмет етті
12. «Мұқағалидың жары кім? (Лашын Әзімбаева)