Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі



бет17/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.

Баспасөз ел өмірінің қай саласын болсын қамтуы керек. Мерзімді баспасөз назарына ілікпеген, не тым аз қамтылған тақырып елеусізденіп, ескерусіз бола бастайды. Соның ішінде тіл, мемлекеттік тіл тақырыбы біз үшін айрықша маңызды іс болып отырғаны белгілі. Мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің өз ішкі, яғни таза лингвистикалық күрделі жайлары бір басқа да, оның өз мәртебесіне сай қолданыста болу мәселесі – бір басқа. Қазіргі таңдағы ең маңыздысы – Мемлекеттік тілдің республикалық өреде барлық саланы қамтып, кең қолданысқа енуі, әсіресе мемлекеттік қызметте күнделікті қолданыста болуы. Тіл төңірегінде туындап отырған күр­делі жағдайдың түп себебі де – осы, оның кеңсе қызметінде, күнделікті тұрмыста шетқақпайланып, кәделенбеуінен. Мемлекеттік тілдің бұл мүддесі мерзімді баспасөздің арналы бір тақырыбы болуға тиісті. Көтеріліп отырған мәселеге орай жетекші жеті газеттегі, яғни «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» басылымдарындағы осы келелі тақырыптың қамтылу жағдайын шолғанымызда мынадай пікір қалыптасты: «Ана тілі» газетінің тіл тақырыбына арналған басылым екені мәлім. Газеттің 1990 жылдан бергі ұлт рухын көтерудегі, тіл майданындағы атқарған қызметі елге белгілі. Газет қазір де сол бағытынан тайған жоқ, еншілеген тақырыбын жақсы игеріп отыр деуге болады. Мұнда тіл тақырыбы барынша жан-жақты қамтылуда. Газеттің кез келген нөмірін алып қарасаңыз, тіл тақырыбының сан тарау саласы сөз болып тұрғанын көресіз. Оны түгел тізу мүмкін емес, атамалап атасақ, мысалы, «Тілбұзарға – тосқауыл» айдарында «Теміржол туған тілге төбесінен қарай ма?» деген тақырыпта Динара Ізтілеу «Алматы-Орал» теміржол бағытындағы мемлекеттік тіл қолданысындағы келеңсіздіктерді сынайды. Филология ғылымдарының кандидаты М.Бекбосынов «Сөз сыры» айдарында «Суыр айы болғанда су азаяр» деген тақырыпта танымдық мақала жариялаған. Өлкетанушы Молдияр Серікбайдың «Ұлы дала атаулары» айдарында ономастикалық жер-су, мекен атауларының сыры ашылады. «Толғауы тоқсан туған тіл» айдарындағы «Ертегі тыңдамаған немере ана тіліне де немкетті...», «Телеарна тілді бұзбасын», «Аудармалар ақсап тұр», «Қазақша сөйлесек, ұлтшыл боламыз ба?» (балабақшадағы жағдай), редакцияға келген тіл тақырыбындағы хаттарға шолу-талдау тұрғысындағы «Қазына қарттар азайған», «Қазақшаң қалай?» айдарындағы «Тіл ұлттық кейіпке де әсер етеді» деген мақалалар қазақ тілі­нің бүгінгі күннің өзекті жайларын сөз ете­ді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет