ОНОМАСТИКАЛЫҚ РЕАЛИЯЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ АМАЛДАРЫ
Азаматова Акерке Нургалиевна
akerke_azamatova@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
7М02313 «Цифрлік аударма» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі- ф.ғ.д, профессор Сәтенова С.К.
Аңдатпа.
Мақалада ономастикалық реалия ұғымына түсініктеме беріліп, олардың
тілде қалыптасу тарихы, түрлері, аудармадағы сипаты, аударылу амалдары
қарастырылады. Аударма әдістерінің ішінде ономастикалық реалияларды аудару
барысында жиі кездесетін түрлері анықталды.
Түйін сөздер
: ономастика, реалия, оним, аударма, әдіс.
Ономастикалық лексика тіл білімі ғалымдарының үнемі назарында болған мәселе.
Жалқы есімнің семиотикалық мәні, ономастикалық лексиканың семантикалық
мазмұнының ерекшеліктері отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде әлі
күнге дейін зерттеліп келеді.
Ономастикалық реалиялар мәні зор, өзіндік тарихи қалыптасу себептері бар тілдік
бірліктер. Түпнұсқадағы ономастикалық реалияларды аудару үшін алдымен олардың
тілде қалыптасу төркінін, себеп-салдарын, мәнін анықтау әрі түсіну маңызды.
Ономастикалық реалиялар белгілі бір тілде қарастырылуы мүмкін, алайда
салыстырмалы, салғастырмалы негізде және аударматану тұрғысынан түбегейлі
зерттелді деп айта алмаймыз. Құрылымы, қалыптасу тарихы, мәні ерекше мол осынау
тілдік бірліктердің қыр-сырын анықтау оңай емес. Тақырыптың өзектілігі де, күрделілігі
де осыдан айқын көрінеді. Ал оның аудармада берілуін, аударма амалдарын, аударма
сапасын анықтау өз алдына бөлек міндет. Ономастикалық материал үлкен мәдени
әлеуетке ие. Алайда, ономастикалық бірліктер, оның ішінде ономастикалық реалиялар
лингвомәдени және прагматикалық аспектілер тұрғысынан да жеткілікті зерттелмеген
деп айта аламыз.
Рецепиентке маңызды ақпарат бола тұра онимдердің мәні көп жағдайда өзге
мәдениет өкілдері үшін толық ашылмай жатады. Өйткені онимдердің фондық лексикаға
қатысы нақты шындықтар болып табылады [1, 152 б.].
Ономастикалық реалиялар – бұл әртүрлі лингвистикалық эстетикалық және
лингвистикалық-стилистикалық ішкі жүйелерде динамикалық түрде жүзеге асырылатын
ерекше белгі жүйесі. Бұл ішкі жүйенің негізгі параметрі әлеуметтік-мәдени жағдайларға
деген
тәуелділік
(жалпы
лексикамен
салыстырғанда).
Ономастика
тиісті
лингвомәдениетпен танысу процесінде игерілген мәдени таңбаланған құндылықтар мен
идеялар жүйесімен байланысты [2, 152 б.].
Ономастика- ең алдымен, коммуникацияның маңызды элементі ретінде белгілі
бір жағдайларда пайда болған әлеуметтік-тарихи құрылым. Онимдердің реалияға,
эквивалентсіз лексикаға жатуы, сол халықтың тілі мен мәдениетінің ұлтық ерекшелігіне
байланысты.
Ғалымдар ономастиканың бірнеше маңызды функцияларын атап көрсетеді.
Ономастика жалқы есімнің пайда болуы туралы этнографиялық және тарихи анықтама
береді [2, 154 б.]. Онимдер, әсіресе антропонимдер мен топонимдер белгілі бір себепке
байланысты туындайды. Мысалы,
Қанішер Абылай
–
Ablai the Bloodthirsty
,
Әз-Тәуке
–
Wize Tauke
тәрізді антропонимдер, сондай-ақ
Жетісу – Zhetysu
,
Қалмаққырылған өзені
–
The Kalmakkyrylgan river, Жоңғар Алатауы–The Dzhungar Alatau, Сарыарқа – Yellow-
Back, Golden Arka
сынды топонимдер атаулары тарихи оқиғалармен тығыз байланысты
екендігінің айқын мысалдары. Сондықтан онимдер жас ұрпақты тарихи оқиғалардан
хабардар етуде маңызды рөл атқарады.
Лингвоелтанудағы реалиялар қатарына ономастикалық реалиялар (жалқы
есімдер, атаулар) кіреді, олар: 1)
географиялық атаулар
(топонимдер), әсіресе мәдени-
тарихи ассоциациялары бар; 2)
антропонимдер
- тарихи тұлғалардың, көркем әдебиет
пен фольклор кейіпкерлерінің есімдері, әдебиет пен өнер туындыларының атаулары; 3)
ел өміріндегі тарихи фактілер мен оқиғалар, мемлекеттік қоғамдық мекемелердің
атаулары
.
Тіл мамандары аударма мәтінінде жалқы есімнің берілу жолдарын жан-жақты
сипаттайды. Д.И. Ермолович пайымдауынша, аударманың келесі әдістерін бөліп
көрсетуге болады:
1. аударма мәтініне түпнұсқа түрінде тікелей көшіру;
2. ономастикалық сәйкестік;
3. түсіндірме аударма;
4. нақтылау;
5. сипаттамалық аударма;
6. трансформациялық аударма [3, 35–36 б.].
А.О Ивановтың пікірінше, аудармадағы жалқы есімдер, әдетте, транскрипция
арқылы аударылады және ең бастысы жалқы есімнің дыбысын мүмкіндігінше жақын
жеткізу деп саналады. Жалқы есім жеке затты оның белгілеріне қарамастан атайтын
болса, онда сөздің нақты мағынасын көрсету жеткілікті.
Бұл жағдайда аудармашы қырағылықты жоғалтпауы керек, өйткені белгілі бір
объектінің тарихи дәуірдің дәстүрлеріне байланысты бір оним транскриптациясының
әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін [4, 82-83 б.]. Сонымен қатар, транскрипция нәтижелері
қолайсыз естілетін немесе оқырманға қажетсіз ассоциация тудыратын жағдайларда
қолданылмағаны жөн.
Транскрипция және транслитерация тәсілдеріне мысал ретінде М.Әуезовтың
«Абай жолы» романының ағылшын тіліндегі «The path of Abai» нұсқасынан
ономастикалық реалияларды қарастырып көрейік.
1) He lives in on the
(Шыңғыс )Chinghis.
2)
(Сүйіндік)
Suyundik
could find no answer.
3) They were the chieftains of the
(Тобықты)
Tobikty
[5].
Берілген мысалдардың аударма тілінде дыбыстық белгілерінің транскрипциясын
көреміз.
Tүпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі әріптік сәйкестіктердің көмегімен, аудармада
транслитерация тәсілінің қолдануына мысалдар:
1)
(Абай )Abai
wondered what he meant.
2) Handsome
(Байтас)
Baitas
was known of his songs.
3) He recoiled from
(Оспан)
Ospan
in horror [5].
Әрине,
аударма
ономастикасының
проблемалары
транскрипция
мен
транслитерацияның өздеріне тән тар, формалды мәселелерімен аяқталмайды, өйткені
түпнұсқа және аударма тілдерде жалқы есімнің мағынасын актуализациялау мәселесінде
сәйкессіздіктер бары сөзсіз. "Егер жалқы атау жәй ғана аталмаса, ал қосымша мағынаға
ие болса (мәдени коннотация түрінде), оның дыбысының механикалық берілуі
аударманың жеткіліктілігін қамтамасыз етпейді. Мұндай жалқы есімдердің
аудармасының жеткіліктілігі семантикалық құрылымды түсіндіру арқылы ғана
қамтамасыз етіледі, ол әр түрлі типтегі жалқы есімдерге қатысты белгілі бір
заңдылықтарға ие.
Сөйлеуші (атаушы) есімдер мен лақап аттар, мүмкіндігінше, «аударма тілінде кем
дегенде шамамен бірдей анықтамалық мағынаға ие баламасын іздеу арқылы беріледі.
Коннотациялық онимдер аударма тілінде әр түрлі түсініктемелер, сипаттамалар арқылы
беріледі, сонымен қатар мәтінде тым көп бейтаныс элементтердің алдын алу үшін
аудармашы реалияны түсіріп тастауы да мүмкін.
Географиялық реалияларды аудару кезінде ерекше немесе сирек кездесетін атау
басқа атаумен ауыстырылған кезде
генерализация
тәсілі жиі қолданылады.
Егер түпнұсқа мәтінде басқа мәдениеттің өкіліне түсініксіз сөз, сөз тіркесі не
мағлұмат берілсе, аудармашының сипаттама аударма немесе нақтылау әдістерін
пайдалануына болады.
Жоғарыда сипатталған әдістердің қайсысы тиімді екенін нақты айту қиын, ол
мәтінге, аудармашының кәсіби машығына және басқа да себептерге байланысты. Кез-
келген аударма амалын таңдаудағы мақсат- аударманың сәтті шығуы. Мәтінді аудару
кезінде нақты тәсілді таңдау үшін: мәтін типі, контекстегі реалияның маңыздылығы,
реалияның табиғаты, оның шет және аударма тілдерінің лексикалық жүйелеріндегі орны,
сөзжасам мүмкіндіктері, аударылған мәтіндерді оқитын екі тілдің тілдік және әдеби
дәстүрлері тәрізді ерекшеліктерді ескеру қажет. Әдебиеттің жанрлық ерекшеліктері
реалияларды аудару әдісін таңдауға айтарлықтай әсер етеді. Ғылыми мәтінде реалия
көбінесе термин болып табылады. Журналистикада көбінесе транскрипция, көркем
әдебиетте – транскрипция немесе сипаттамалық аударма арқылы аударылады. Ал
диалогтарда транскрипция тәсілін қолданудан аулақ болу керек [1, 142-143 б.].
Қорыта айтқанда, аударма әдісін таңдағанда, реалия өзге тілден (үшінші тілден
алынған) енген болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Шет тілден алынған реалияның
мағынасын әдетте түпнұсқа авторы өзі ашады. Егер түпнұсқа авторы қандай да бір
реалияға ерекше назар аударса, ондай бірліктің мағынасын сақтап қалу үшін аудармада
транскрипциялау тәсілін қолданған жөн, осылайша ұлттық бояу мен тарихи колоритті
сақтап қалуға болады. Алайда мәтінде транскрипияланған реалиялар тым көп болмауы
керек деп саналады- бұл оқырманға түпнұсқаға жақындауға кедергі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бархударов Л.С. Язык и перевод / Л.С. Бархударов. - М.: Междунар. отношения,
1975. - 240 с.
2. Виноградов B.C. Перевод. Общие и лексические вопросы. Учебное пособие. 2-е изд-
е, перераб., М.: КДУ, 2004. - 240 с
3. Ермолович Д.П. Имена собственные на стыке языков и культур. -М.: Р.Валент, 2001.
- 200 с.
4. Иванов А.О. Английская безэквивалентная лексика и ее перевод на русский язык.
Учебное пособие. Л.: изд-во ЛГУ, 1985. - 95 с.
5. https://tilmedia.kz/en/post/157
Достарыңызбен бөлісу: |