Бүгінгі журналистің ақпарат алу және тарату шеберлігін дәлелдеңіз.
Соңғы 10 жылда журналистика күрт өзгерді. Журналистерге қойылатын талап та күшейді. Маман даярлайтын оқу орындары бұл қарқынға ілесе ала ма?
– Әлемде бәрі өзгереді, өзгермейтін тек жансыз дүниелер болар. Журналистиканың да бет-бейнесі уақыт өткен сайын түрленіп тұрады. Сондықтан бұл процесс – заңды. Технология қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Сәйкесінше, біздің салаға мультимедиалық құралдар дендеп енді. Ол әлбетте қоғам сұранысынан туындап тұр. Аталған үдерістің барлығын жіті назарда ұстап, журналистикаға жаңа, тың серпін әкелетін мамандар даярлауға тырысамыз. Әлеуметтік қоғамдық жауапкершілік басты орында, себебі журналист тек ақпарат таратушы емес, журналист қоғамның мүддесін жақтаушы, қоғамдағы тыныштықты сақтаушы, яғни халықтың көзі, құлағы.
Кешегі Кеңестік журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті салаларын салыстырыңыз.
Заман талабына сай журналист мамандарын сапалы дайындауды тиімді жүргізу мақсатында бас қосқан отырысқа еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен белгілі журналистер, сондай-ақ шетелдік ғалымдар да қатысты.
Онда алғашқы сөз кезегін алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов журналистерді төл мерекесімен құттықтай келе, оқу ордасының шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуды жүзеге асырып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, ол жақында Бакуде Абай орталығы ашылғанын, әзербайжандық жастарға қазақ тілі үйретіле бастағанын, көп ұзамай бұл орталық Қытайдағы Ши-Ань университеті мен Шыңжаң университетінде де ашылатынын айтты.
Осы арада бір айта кететін жайт, жақында университеттің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.Берсімбай мен журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ бастаған топ Қытайдағы Шыңжаң университетінде іссапарда болып, екі жақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойып қайтқан. «Қазақстанда журналистер дайындайтын жоғары оқу орындары жетерлік. Бірақ, онда қандай сабақтар оқытылады, оны кімдер оқытады деген мәселе ең маңызды. Журналистика тек бір мамандық ретінде ғана қаралып келе жатқандықтан, қазір біз қолданып жүрген оқу бағдарламасының дұрыс еместігін, көптеген ұстаздардың арнайы маманданбағанын айтқым келеді. Сондықтан мерзімді баспасөз, телерадио журналистикасы, интернет немесе виртуалды журналистика деген үш мамандық ретінде қарастырылса, ұтымды болары сөзсіз».
Журналистиканы үш үлкен салаға бөліп, тереңдете білім беретін Түркияның оқу бағдарламасына тоқталған Ыстамбұл университеті журналистика факультетінің деканы, профессор Айдемир Окай Түркиядағы 55 журналистика факультетінің жай-жапсарын, олардың жылына 5000 журналисті жұмыспен қамтамасыз ететіндігін айтты.
Өз еліндегі 151 жылдық тарихы бар баспасөзге аялдаған ол өз сөзін Ататүріктің: «Баспасөз – ұлттың ортақ үні» деген тұжырымымен қорытындылады. Журналистика кадрларын дайындаудың түйінді мәселелеріне тоқталған «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп журналистика факультеттерінде екінші шет тілі оқытылса деген ұсынысын ортаға салса, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп қазақ тілін тереңдете оқытудың маңыздылығына мән берді. Қазақстандағы журналистиканың тағы бір кем тұсы – спорт журналистерін дайындайтын арнайы мектептің жоқтығы екендігін өз сөзіне арқау еткен Несіп Жүнісбай арнайы спорт журналистерінің аздығынан осы саланың дамуы баяу екенін, ал «Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәж-Мұрат бүгінгі күнде билік пен БАҚ-тың ара-жігін ажырата алмай жүргендігімізді тілге тиек етті.
№27 билеті АСЫЛАН