Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша



бет51/63
Дата06.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#81973
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.


2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады.
Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді:
1) қашықтық форматындағы сабақтар;
2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде);
3) 5 адамға дейінгі шағын топтардағы сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтінші негізінде).
3. Дәстүрлі оқыту (штаттық формат) – әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру.
БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.
4. Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет