Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


-тарау. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру



бет21/41
Дата02.01.2022
өлшемі298,34 Kb.
#107998
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Коронавирусты инфекцияны таралуына байланысты шектеу шаралары

6-тарау. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру.

63. Әдістемелік кабинеттер (облыстық, аудандық, қалалық) білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру процесін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысты жоспарлайды. Пәндер бойынша мұғалімдер қауымдастықтарының, пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады. Педагогтердің пайдалануы үшін қосымша ресурстар, оның ішінде цифрлық ресурстарды: әдістемелік құралдарды, есептер жинақтарын, тапсырмалар жинақтарын, дидактикалық материалдарды және басқаларды әзірлейді. Қосымша ресурстар күрделі тақырыптарды, күрделі бөлімдерді, тақырыптарды қамтиды және практикалық сипатта болады.

Әдістемелік кабинеттер облыстың, ауданның, қаланың пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасу, білім алушылардың меңгеруі үшін қиындық туғызатын жекелеген бөлімдерді, тақырыптарды тереңдете отырып, пәндерге арналған бірыңғай қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу, пәндерден модерация жүргізу бойынша өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Осы әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.

64. Білім беру ұйымдары білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізеді:

1) білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне мектепішілік мониторинг жүргізеді:

- Күнделік, Bilimal, Mektep автоматтандырылған және басқа да ақпараттық жүйелерден алынған деректерді талдау;

- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 8-қосымшадағы нысанға сәйкес формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындыларын талдау;

- білім алушылар үлгерімінің төмен болуына әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау (қызығушылықтың, оқуға ынталандырудың болмауы;
педагог – оқушы, ата-ана – оқушы, оқушы – оқушы, оқушы – контент өзара
іс-әрекеті; оқыту үшін қажетті жағдайлардың болуы (интернет, компьютерлік техника және тағы басқа); білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың денсаулық жағдайы; білім алушылардың оқыту форматына артықшылық беруі; педагогтердің қашықтан оқыту жағдайында бейімделген әдістемелерді /технологияларды пайдалануы және тағы басқалар)
;

2) мектептің әдістемелік бірлестіктері оқу пәндері бойынша білім алушылардың (1-11-сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыстар өткізеді, педагогтерге жекеленген тақырыптарды өтуге бөлінген сағаттарды қысқарту және күрделі тақырыптарды өтуге бөлінген сағаттарды көбейту бойынша ұсыныстар жасайды. Ұсынымдар әдістемелік бірлестіктердің шешімдерімен бекітіледі.

Педагогтер тақырыптардың күрделілігін және білім алушылардың оқу материалын меңгеру қиындықтарын ескере отырып, тақырыптарды зерделеуге бөлінетін сағаттар санын өз бетінше өзгертеді және жоспарларды түзетеді.

3) мектептің педагогикалық кеңесінің отырысында білім алушылардың білімін толықтыру және әлсіз тұстарын жою мәселелері талқыланады.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары сыныптар, пәндер, оқыту тілдері және тоқсан қорытындысы бойынша білім алушылар үлгерімін мониторингілеу және талдау нәтижелерін ұсынады.

4) педагогикалық кеңестің шешімі негізінде білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленіп, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

65. Іс-қимыл жоспары келесі бөлімдерді қамтиды:

1) Ұйымдастыру жұмысы

- мектептегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіру;

- Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын бөлуді қайта қарастыру және пәндер бойынша сағаттарды білім алушылардың білімін толықтыру мақсатында пайдалану;

- білім алушылардың ата-аналарымен келісе отырып, демалыс күн мектептерін, ұзартылған күн сабақтарын және каникул кезіндегі мектебін ұйымдастыру;

- оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша қосымша сабақтарды, шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру;

- мектепте «Тең – теңіне», «Көлденеңінен және тігінен қамқоршылық» және басқа да қағидаттар бойынша көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

- үлгерімі төмен оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауына көмек көрсету мақсатында педагогикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бері ұйымдары мен жоғары колледж, колледж студенттері қатарынан еріктілер қозғалысын ұйымдастыру;

- білім алушыларды пәндер бойынша секцияларға, факультативтерге және үйірмелерге тарту;

- білімнің орнын толтыру және олқылықтарды жою мақсатында білім алушылармен топтарда оқу процесін ұйымдастыру;

- үлгерім нәтижелелері төмен мектептерге «күшті» мектептердің қамқорлық көрсетуі аясында білім беру ұйымдарының өзара қарым-қатынас жасауы;



  • ресурстық орталықтарда (тірек мектептерде) және шағын жинақты мектептерде білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану (edu.kz, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, үздік педагогтердің авторлық сабақтары және тағы басқалар).

2) Оқу мазмұны

- білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);

- оқытудың қол жеткізілмеген мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар құру;

- оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстардың орнын толықтыру үшін жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

- оқу пәндері бойынша цифрлық ресурстар әзірлеу;

- оқыту уәждемесін арттыру үшін пәндік онкүндіктерді өткізу;

- оқу процесін ұйымдастыруда қолжетімді цифрлық ресурстарды пайдалану.

3) Оқыту әдістемесі

- қосымша сабақтар аясында оқытудың саралау әдістерін іске асыру;

- білім алушыларды жобалық және зерттеу жұмыстарына тарту;

- оқу материалын күрделі және бекітуді талап ететін оқу мақсаттары бойынша бөле отырып, модульдік оқытуды пайдалану;

- оқытудың тиімді әдістерін қолдану (кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын және тағы басқалар).

4) Педагогтердің, тьюторлардың жұмысы

- педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студент-тәлімгерлері, үлгерімі жақсы жоғары сынып оқушылары қатарынан тьюторлердің жұмысын ұйымдастыру;

- білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;

-  психологтің, әлеуметтік педагогтің, сынып жетекшісінің, үлгерімі төмен білім алушыларды қолдау бойынша арнайы педагогтің, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу жөніндегі педагог-ассистенттің жұмысын ұйымдастыру;

- оқу пәндері бойынша консультациялар өткізу;

- оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою мәселесін шешуге бағытталған коучингтер өткізу;

- білім беру платформаларының контентін пайдалану.

5) Білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жұмысты ұйымдастыру

- білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін үлгерім мониторингінің нәтижелері туралы хабардар ету;

- білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке әңгімелесу және ата-аналар үшін консультациялар өткізу;

- білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері үшін ата-ана құзыреттіліктерін арттыру бойынша тренингтер өткізу;

- шешім қабылдау, мектепішілік бақылау мәселелерінде қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру.

6)Педагогтерді даярлау

- үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізу;

- педагогтерді курстан кейінгі қолдау: мектептерде қашықтан оқыту бойынша вебинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер;

- педагогтер, білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері және білім алушылар үшін еркін қолжетімді вебинарлар ұйымдастыру;

- менторлардың, коучтердің, педагог-шеберлердің, педагог-зерттеушілердің үздік тәжірибелерін қолдану;

- «Үздік педагог» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тәжірибесін қолдану;

- педагогке арналған тегін ресурстардың сілтемелері: «Өрлеу» on-line, https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет